Талғар филиалында табиғат қорғау заңдары мен ережелерін бұзу жағдаиын талдау

Барлық ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау бірегей заңдар мен оларды іске асыруға арналған ережелермен реттеледі. Осыған қарамай көп жағдайда олардың жиі бұзып тұратыны бар. Мысалы жергілікті тұрғындар рұқсатсыз ағаш кеседі, мал жаяды, шөп шабады. Тіпті рұқсатсыз аң атып, балық ұстайтын жағдайлар да жиі кездеседі (18-кесте).Талғар филиялы бойынша мәліметтерден олардың саны жыл сайын 12-ден (2005ж) (2007ж) 35-ретке дейін орын алғанын байқауға болады. Басқаша айтқанда заң бұзушылық едәуір өсе түскен.Олардың ішінде орман ішіне мылтықпен кіріп, сақшылардан қауіптеніп, оларын тастай қашуы (10-рет),рұқсатсыз жеміс жинау (5-рет),мал жаю директері бар. Бұрыннан бері орман ішінде заңсыз аң ату етек алған деп айтуғада болады .

Көрсетілген деректер осы заңдар мен ережелерді бұзған тұрғындарға айыпқұл төлеуге мәжбір еткен (19-кестеде)Талғар филиялы бойынша ондай айыпқұл дар алты жыл ішінде 8,4-мың теңгеден (2002ж) 92,9-мың теңге (2007ж)яғни 11-есе өскен .2007-ж тәртіп бұзуға салынған айыпқұлдың дені заңсыз ағаш кесуге , мал жаюға, жеміс жинауға, аң атуға байланысты.

Өкінішке қарай айыптұл төлеудің құрамы тек 2007-ж бойынша ғана жылдық есепте көрсетілген.Қалған бес жылдағы заң бұзушылықтардың түрлеріне байланысты төлемдер жылдық есепте келтірілмеген.Тек олардың жиынтық сомаларынғана әрең іздеп таптық .