Талғар филлиалының ерекше қорғалатын табиғи аймақ ретіндегі мақсаттарын орындау жолындағы қызметін талдау

Енді бер көрсеткіштерге көңіл бөлейік. Мәдени-ағарту және оқытып-үйрету шаралары соңғы екі жылда жүйелі түрде Талғарда жүргізіле бастаған. Олардың кейбір түрлері өсе түскені де байқалады. Мысалы, оларға өткізілген экскурсиялар саны мен оған қатынасушылар жатқызуға болады.

Талғар филлиалының осы бағыттағы шаралары жүйелі түрде жүргізілуі және олардың көлемінің азаймауы қуанарлық жағдай. Бұл филлиалдың өсімдіктер мен аңдар әлеміне қорғау жұмыстары аталған мәдени-оқыту шараларымен шектелмейді. Олардан басқа нақты түрде басқа да пайдалы істер жүргізіледі.

Талғар филлиалындағы кейбір пайдалы табиғат қорғау жұмыстарының орындау нәтижелері

  Жұмыстар аты Бірлік өлшемі Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1 Жан-жануарлардың зиянкестерін құрту:

– қасқыр мен шакал

– тасталынған иттер

– қарға мен сауысқан

 

 

 

 

 

дана

 

дана

 

дана

 

 

 

 

 

5

 

23

 

 

 

 

 

2

 

27

       

 

 

 

 

7

 

65

 

82

2 Аңға тұз беру:

– көлемі

– сомасы

 

 

тонна

мың теңге

   

 

2,5

       

 

5250

47,2

3 Аң мен құсқа жем:

– көлемі

– сомасы

 

тонна

мың теңге

   

2,0

       

2800

40,0

4 Емен тұқымын жинау:

– көлемі

– сомасы

 

 

тонна

мың теңге

           

1800

12,6

5 Жемдік өсімдіктер отырғызу      

       

Осы пайдалы істер қатарына өсімдіктер мен аңдардың зиянкестерімен күрес, аңдарға тұз бен жем дайындау сияқты қызметтер жатады. Олар соңғы 2007 ж. 99,8 мың теңгеге жүргізілген. Бірақ Талғар филлиалындағы осы бағыттағы жұмыстардың кейбірін жүргізу әлі бастала қоймаған. Мысалы, аңдарға арналып орман ішінде әртүрлі өсімдіктер өсірілуі керек. Оларға картоп, топинамбур, жүгері секілді өсімдіктер жатады. Сондықтан, Талғар филлиалында алдағы уақытта осы аталған өсімдіктерді өсіруді қолға алып, оларға қажет қаражаттар алуға тырысу керек. Өйткені картоп та, топинамбур мен жүгері де аңдар мен құстардың жылдың қиын мезгілінде, табиғи жемнің азайған кезінде өте қажет азық болып табылады. Ал тағы аң мен құстардың жемімен азығы көбейсе, олардың саны да көбейтетіні бәрімізге белгілі. Кейде осы жұмыстардың нәтиделері аз болып, табиғат қорғау заңдары мен ережелері бұзылып жатады. Сондықтан енді Талғар филлиалында болған осындай оқиғаларға талдау жасауға кірісейік.