Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдістері

Әлемнiң дамыған елдерiндегі инновациялық саясатты қалыптастыру кезiнде жүйелiк әдiсті қолдану әсiресе мынадай әлемдiк экономиканы дамытудың қазiргi заманғы үрдістердің арқасында бiрiншi кезектегi мәнге ие болды:

сапалы адамдық капитал үшiн бәсекесi әлемдiк инновациялық дамудың маңызды сипаттамасы болады, жоғары білікті персоналдың өсiмтал ұтқырлығы да, сондай-ақ білiмдi тарату процесiн қамтамасыз етедi;

білімдi тарату процесiндегi ақпараттық технологиялардың рөлi инновациялық белсенділiктiң одан әрi өсуi үшiн өзектi бола түсуде, бiлiм тарату процестерi жеке экономиканың шегiнен шықты;

жаһандану компанияларды технологиялардың мейлiнше жоғары деңгейлерiне бәсекелесуге мәжбүрлейдi және сонымен бiрге инновацияларды мамандандыру мен оқшауландыру процестерiн ынталандырады.

Инновациялық саясат жүргiзуге жүйелік әдiс тұжырымдамасын iске асырған елдер уақыттың тарихи қысқа кезеңiнде мемлекеттiң өзара іс-қимыл тетіктерiн, бизнестi, ғылымды және білiмдi қамтитын тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе құра алды және жалпы ғылымды қажетсiнетiн ЖIӨ-нi ұлғайтуға қол жеткiздi.

Мысалы, соңғы жылдардағы ғылыми-техникалық саланы жылдам кеңейткен өңiрлерi Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi, Скандинавия елдерi (Финляндия, Швеция) болды. Жаңа индустриялық елдер бір жарым-екі есе ЖIӨ-нiң ғылымды қажетсiнуiн ұлғайтты және еуропа мен АҚШ елдерiнiң көрсеткiштерiне жақындады.

Ғылымға деген «мемлекеттiк тапсырысты» тұрақтандыру немесе қысқарту жағдайында ұлттық бюджеттегi мемлекеттiк сектордың үлесiн қысқарту жаңа оң үрдiс болып табылады. Iрi корпорациялардың ғылыми бөлiмшелерi, шағын және орта ғылымды қажетсiнетiн фирмалар мемлекеттiң көмегiмен құрылған бiлiм беру, инфрақұрылым және экономикалық сипаттағы кейбiр жеңiлдiктер жүйесiне сүйене отырып, ұлттық ғылыми-техникалық дамытудағы өз ұстанымдарын күшейтедi.

Көптеген дамушы елдерде ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi бюджеттен тыс қаржыландыру осы салаға бюджеттiк бөлулердің көлемдерiнен едәуiр асып түседi. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер (бұдан әрі — ЭЫДҰ) бойынша ол орташа алғанда 1981 жылғы 55%-дан 90-жылдың бас кезiнде 65%-ға дейiн өстi.

Бюджеттен тыс қаражаттың бас көзi — iрi ұлттық және трансұлттық корпорациялар жетекшілік ететiн кәсіпкерлік сектор. Дамушы елдердегi кәсiпкерлiк сектордың корпорациясы ұлттық инновациялық жүйенiң маңызды құрылымдары ретiнде тарихи қалыптасты. Солар ғана, зерттеулердi бiр уақытта қаржыландыра отырып және нақты өнiмдер мен технологияларды, ғылыми нәтижелер мен өнертабыстарды iске асыра отырып, ғылыми-техникалық прогрестің (бұдан әрi — ҒТП) негiзгі бағыттары үшiн өзiне экономикалық жауапкершілік алады, олардың үлесiне ғылымды жеке сектордың күштерiмен қаржыландырудың қомақты бөлiгi тиедi. Кәсiпкерлiк сектор жұмсалатын қаражаттың көлемi бойынша, дәл солай ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар мен инженерлердiң саны бойынша ҒЗТК-нiң перспективадағы iрi орындаушысы болып табылады және қала бередi.