Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері

«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.

Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ бұл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:

  • инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
  • бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
  • бағалы қағаздарды сатып алуда кәсііби тәсілдемені қолдану;
  • жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.

Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы басқарма инвестициялық қордың басқарушысы.

Кез келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзіреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:

  • инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;
  • инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
  • бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.

Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың пртфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілген келісімшарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық қормен бекіте алады, алайда бұл арада инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.

Инвестициялық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңдар жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды сатып алуға қабілетсіз болған жағдайда тоқтатылады.