Кодификациялық актлердің негізгі белгілері

Кодификациялық актінің басты белгілеріне тоқаталалық. Ол мыналар:

1)әдетте, кодификациялық актіде заңдар институттарын, салаларын қалыпты негіздерін айқындап, қоғамдық өмірдің ең басты мөселелерін реттейтін қалыптары қамтылады;

2)ондай акт қоғамдық қатынастардың ауқымды және кең сфераларын (мүліктік, еңбек, неке жөне отбасы қатынастарын, қылмыскерлермен күресу, т.б.) реттейді;

3)зандарды жетілдіру түйіні бола отырып, ол — бір-бірімен қабысқан тұжырымдардың ықшамдалған жиынтық актісін білдіреді; ол жиі айтарлықтай тұрақты коғамдық қатынастар­дың бірыңғай кағидаттары негізінде реттелген, өмір төжірибесінде пісіп-жетілдірілген тұтас қүқықтық құжат;

4)кодификациялық актілердің өте тұрақтылық, өзгеріске ұшырамайтын, ұзақ кезеңдерге есептелінген құқық қалыптарының берік құрылымын қамтамасыз етеді. Кодификациялық актінің тиімділігі заңгерлердің қоғамдық қатынастардың даму объективтік тенденциясын, оның реттегіш динамикасын есепке алуларынан байқалынады;

5) кодификацияның мәні, әдетте, зандар жүйесінің салаларға, институттарға бөлінуіне қарай анықталынады. Кодифика­ция құқықтық қалыптық актілердің жүйесін, олардын заңдық бірлігін және үйлесімділігін нығайтады. Сөйтіп, кодификация­лық акті баска қалыпты актілерден жоғары тұрады және олардың жүйесін басқарады;

6) ол сонымен катар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерісер және тек, ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытындысына айналады;

7) кодификациялық акті өзінің көлемі жағынан өте маңызды, күрделі құрылымдардан тұрады, оның ішкі құрылымы белгілі бір жүйеге сай келеді.

Әдетте, заң әдебиеттерінде және практикада кодификация­ның бірнеше түрін ажыратады. Оның біріншісі — жалпылама кодификация — заңдардың барлық салалары бойынша коди­фикациялык актілердің блоктарын қабылдау, сөйтіп, ішкі жүйелілігі жағынан ірілендірілген актінің «кодекстердің кодексі» деп аталатын біріктіріліп, ықшамдалған түрін туғызу. Келесі түрі — салалық кодификация —зандардың белгілі бір салаларын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік кодекстер жөне т.б.) қамтиды. Ақыры, арнайы (мамандандырылған) кодифи­кация – белгілі бір құқықтық институттарды реттейтін актілерді шығару (салықтық, орман, кеден кодекстері және с.с.) және кешендік кодификация — кешенді қүқық салаларын не әр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіру, әрине, біртектес қатынастарды реттейтін ірі сфераларды қамтиды.

Инкорпорация — қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетінде жариялаған мәліметтері. Заңдарды ретке келтіру төжірибесінде олардың түрлері көп өрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді. Зандарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты матери-алдарды іріктеу мен өндеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.

Қалыпты материалдарды қамту көлемі жөнінен инкорпо­рация жалпылама және жекеленген болып бөлінеді.

Жалпылама инкорпорация деп мәні мен зандық күші бо­йынша біртекті қалыпты – құқықтық актілерді ретке келтіруді айтамыз.