Кодификациялау ұғымы және түрлері

Кодификация — бұл қалыпты актілердің мазмұны өзгертіліп, бытыраңкыларды логикалық үйлесімді біртұтас актіге біріктірген жүйелеу формасы. Демек, жиынтық сипаттағы қалыпты-құқықтық акт кодификацияланған деп есептеледі. Ол белгілі бір тақырып бойынша қолданылып жүрген және өз мәнін жоғалтпаған қалыпты нұсқауларды біріктіреді. Кодификациялау процесі кезінде ескірген құқықтық материалдар алынып тасталынады, қалыптардың қарама-қайшылығы, олқылықтары жойылады, жаңадан мінез-құлық ережесі туындайды. Ондағы қалыпты тұжырымдар ішкі біркелкілігімен, тұтастығымен және үйлесімімен сипатталып, әдетте, едәуір көлемді болып келеді (мысалға, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Қылмыстық, т.б. кодекстерін қараңыз).

Кодификациялық актілердің құрылымы күрделі. Оның баптары мол болып, бөліктерге тарауларға бөлінеді. Олардың кейбіреулерінде кіріспе бөлімі бар. Кіріспе әр түрлі тәсілдермен мазмұндалады. Бір жағдайда кіріспеде осы заң актісінің мақсаттары, міндеттері, себептері қысқаша түрде баяндалады. Енді бір жағдайларда кіріспеде кеңейтілген саяси сипаттама, үшінші бір ретте қалыптары мен қағидаларын мәлімдеу түрінде беріледі. Ал, кейбір кодекстерде кіріспе мүлдем болмайды. Кіріспе өзінің мазмұны жағынан қалыпты сипатта болмайды. Сондықтан кодификация — құқықшығармашылықтың оңтайлы тәсілі, жүйелеудің ең қиын түрі.

Сөйтіп, кодификациялық акт — бұл мемлекеттік буынның ең беделді әрі жоғары заң күші бар шешімі. Сондықтан коди­фикация ең алдымен заң актісін шығарумен аяқталады. Алайда бірқатар жағдайда үкіметтік актінің, сондай-ақ ведомстволар актілерінің де кодификация сипаты бола береді. Кодифи­кациялық актінің ең үлгі нысаны Кодекс болып табылады.

Кодекстер бір сипаты коғамдық қатынастардың белгілі бір саласын егжей-тегжейлі реттеуге мүмкіндік беретін ірі жиын­тық акт болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы­ның Азаматтық кодекстің түрлі шарттық міндеттемелерге жа­татын көптеген қалыбы тиісті қатынастарды түгелдей реттейді және осы қалыптарды нақтылай түсетін қосымша актілерді қажетсінбейді.

Кодекстер жасау — бір мәселе бойынша қолданылып жүрген актілердің көптігін жою мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі.

Кодификациялық актілер жарғы, қағида, ереже нысанында да қабылданулары мүмкін.

Жарғы – мемлекеттік қызметтің ,әлдебір саласын (мысалы, темір жол көлігінің, ішкі су көлігінің, т.б. нүсқасын) реттеуші қалыпты-қүқықтық акт. Белгілі бір органдардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметін, олардың құқықтары мен міндеттерін, басқа органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және азаматтармен өзара қарым-қатынасының негіздерін ретке келтіреді.

Қағида деп, әдетте, белгілі бір құқық субъектісінің (мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің) мәртебесін не қызметін ұйымдастыру мәселелерінің шоғырын айтарлықтай егжей-тегжейлі реттейтін қалыпты-құқықтық акт болып танылады.

Ереже — қызметтің әлдебір түрін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын қалыпты-құқықтық акт (мысалы, Әділет министрлігі туралы Ереже).

Кодификациялауды, әдетте, жүйелеу және ең бастысы — заң актілерін жетілдірумен байланыстырады. Сондықтан оның нәтижелері тек өзіне тән ерекше қасиеттермен сипатталатын негізгі әрі мейлінше заң күші бар сұрыпталған акт түрінде керінеді. Бұдан шығатын қорытынды, кодификацияланған актіде ай­тарлықтай ұзақ уақыт кезеңіне (белгілі бір болашаққа) арналған тұрақты қалыптар болуы тиіс. Сұрыпталған акт әрекетінің тиімділігі көп ретте сол қоғамдық қатынастар дамуының ағымын, оның қозгалысын заң шығарушы қаншалыкты дәл ескертетініне байланысты болады.

Сұрыптаушы акт салыстырмалы алғанда дербес қалыпты нұсқауларды біркелкі түзілген жүйеге келтіре отырып, әдетте, қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеуді жаңартады. Оның бойында жаңалық сипаты міндетті түрде болады,өйткені сұрыптау кезінде қоғамдық қатынастарды құқыктық реттеудің белгілі бір аясына жаңа бөлшектер енгізіледі, заңдардағы бос кеңістіктің, ақаулардың орны толтырылады. Сұрыптаушы акт жекелей алғанда ірілендірілген (топтастырылған) актіден осылай ерекшеленеді.