Жаздық бидай өнімділігінің агробиологиялық ерекшеліктері

Жаздық бидай бір жылдық өсімдік. Оның өсіп даму дәуірі сортына байланысты 70-120 күн аралығында болады. Бидайдың өсіп даму фазалары (кезеңдері) төмендегідей: 1)тұқымның өнуі; 2)өскіннің «тебендеп» шығуы; 3) үшінші жапырақтың пайда болуы; 4) түптенуі; 5)түтiктенуi;6)сабақтануы; 7) дақылдың бас алып масақтануы; 8) дәннің сүттенуі; 9) қамырлануы; 10) дәннің толық пісуі.

Ғалымдардың пікірі бойынша [21, 22], астық түқымдас злак өсімдігі, соның ішінде бидай — монокарптық сабақтар жүйесі, олардың төменгі буындары өте қысқарған. Өсімдіктерде жанама сабақтар мен қосымша буын тамырларының пайда болуы қысқарған буынаралықтарда, яғни түптену буынында өтеді. Негізгі өнім құраушы әрі фотосинтездеуші жүйе — бұл жеке өскен бір өсімдік емес, олардың қауымдастығы — агрофитоценоз, қысқаша агроценоз, яғни бүкіл егістік. Астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, сұлы) өмір сүру формаларын экологиялық — фенотиптік тұрғыдан жүйелеу нәтижесінде олардың негізгі төрт (типі) бар екені анықталды [22-24].

  • түрі (типі) — дәннен бір сабақты (масағымен) өсімдік өсіп жетіледі. Мұндай жағдайда тек үрық тамырлар өсіп дамиды. Астық тұқымдас дақылдардың осы типі егістігі түқым көп мөлшерде себіліп, тереңге сіңірілген немесе ылғал өте аз тәлімі жағдайда қалыптасады;
  • түрі (типі) — егілген дәннен бас және жанама сабақтары бар өсімдік өсіп шығады. Түптену буынынан шығатын қосымша тамыр жүйесі нашар дамыған немесе тіпті өспейді. ¥рық тамыр жүйесі барлық сабақтардың дүрыс дамуын қамтамасыз ете алмайды. Жанама сабақтардың біразы жойылады, ал қалғандары нашар өсіп дамиды,оның масақтарындағы дәндер семiк болып,өнiмдiлiгi төмендейдi;

III түрі (типі) — себілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, әрбір сабақ түбінен қосымша тамыр жүйесі жақсы дамиды. Осылай дамыған әрбір түп өсімдік бір мезгілде өсіп дамыған 2-5 жанама сабақ бере алады. Осы тип бойынша өсіп дамыған астық тұқымдас дақылдар егер топырақ қүнарлы болып, қоректік заттар және ылғал жеткілікті болса ең жоғары әрi сапалы өнім береді, сабақтары берік болып, жатып қалмайды.

ІҮ түрі (типі) — егілген дәннен бас және алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтары бар өсімдік қалыптасады, түптену түйінінен екінші қосымша тамырлар жүйесі өсіп жетіледі. Бірақ, түптену процесі осымен аяқталмай, бүкіл өсу дәуірі бойынша жүріп, екінші кезекте және одан кейін пайда болған жанама сабақ өседі. Дегенмен, кейінгі сабақтардың өсіп дамуы әдепкілерінен қалып кешігеді, біраз сабақтар масағының өнімі төмен болып, ал кейбір сабақтарда тіпті масақта болмайды. Өсімдіктердің мұндай типі сирек егістерде, түптену процесіне қолайлы жағдай болып, екінші қосымша тамырлар пайда болғанда байқалады. Мұндай егістікте (агроценозда) дақылдың пісіп жетілуі ұзарады, кейінгі пайда болған жанама сабақ масақтарындағы дәннің нашар толысып пісуі әсерінен егістік өнімі төмендеп, технологиялық және тұқымдық сапасы нашарлайды [23,24]

Егер топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз болса (мұндай жағдай қөктемде жиі болады, немесе егістік суарылмаса), қосымша тамырлар дамымайды. Нәтижесінде бас сабақтағы қоректік заттардың бір бөлігі жанама сабақтарға өтіп, оларды қоректендіреді де, бас сабақтың өсіп дамуы нашарлап кешеуілдейді. Ал, қоректік заттар мен ылғал жетіспеген жанама сабақтардың бір бөлігі нашарлап шетінейді, сосын қурап қалады. Мұндай жағдайда егістіктегі дақылдың (бидайдың, арпаның, сұлының, тарының) түптенуі дән өнімін құрауда теріс роль атқарады. Егер әрбір жанама сабақтардың түбінде жақсы дамыған қосымша тамыр жүйесі болса, бұл сабақтар бөлек, тәуелсіз қоректене алады, буынаралықтары ұзарып, әрбір жапырақ алаңы көлемі ұлғаяды, нәтижесінде бас сабақпен бірдей, синхроньды өсіп дамиды. Мұндай ІІІ-типті егістіктегі дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары) ең жоғары әрі сапалы өнім беріп, жатып қалмау қасиеті күшейе түседі [ 22, 23, 24].

III-тип бойынша дамыған дақылдың потенциальды мүмкіндігін қалыптастыру үшін керекті жағдайлар: 1) бас сабақпен алғашқы кезекте пайда болған жанама сабақтардың бірдей, синхроньды дамуы;2)әрбiр жанама сабақ түбiнен қосымша тамыр жүйесiнiң өсiп дамуы; екiншi және үшiншi кезекте, кейiн пайда болатын, керек емес, IY-типке тән жанама сабақтарды болдырмау.Ол үшiн түптену фазасы кезiнде топырақта ылғал жеткiлiктi болуы керек [ 22-27].

Сонымен, егістікте (агроценозда) өсімдіктердің біркелкі орналасуы және оптимальды тығыздылықта болуы нәтижесінде негізгі агроэкологиялық факторларды (жарық, жылу, ылғал, қоректік элементтер және көмір қышқыл газын) дұрыс пайдалануына қолайлы жағдай туындайды. Яғни, жоғары әрі сапалы өнім  қалыптастыратын  негізгі  факторлар:а)егістіктегі (агроценоздағы) өсімдік саны оптимальды болуы; б) ондағы әрбір өсімдіктің және оның жанама сабақтары мен жанама буын тамырларының жақсы өсіп дамуы [6, 7, 23- 30].