Жаздық бидайдың биологиясы және ботаникалық сипаттамасы

Бидай- әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60 %-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, В2 , В6, РР, С, Д, Е, минеральды түздар және басқа да заттар бидай дәні қүрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [12, 13, 14-16].

Жүмсақ бидай дәніне қарағанда қатты бидай дәнінде белок көбірек. Бірақ жүмсақ бидайдың көптеген сорттарының дәні өте сапалы, оларды “күшті” бидай деп атайды.

Әлемдік стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13,5%-дан кем болмауы керек. Қазақстанда өсірілген жаздық жұмсақ бидай сорттары дәніндегі белок мөлшері 13,2-19,8 % [17], клейковина мөлшері 19-31,4 % аралығында болды [18]. Бұл әлемдік стандарт деңгейіндегі көрсеткіш. Яғни, Қазақстанда өсірілетін жүмсақ бидайдың коммерциялық сорттары генетикалық тұрғыдан жоғары сапалы [17].

Бидай (Тгіtісum L. туыстығы) астық (злак) тұқымдастығына (Gramineae) жатады [13]. Қазіргі жүйелеу (систематикалау) бойынша (В.Ф.Дорофеев, 1980) Triticum туыстығында 27 түр бар [16]. Олардың негізгілері соматикалық клеткалардағы хромосомасына қарай 4 генетикалық топтарға бөлінеді [16, 19].

Бірінші тобы – 14 хромосомды диплоидты бидай түрлері:

  1. Тr. Trіtiсum aegilopodies Linк – жабайы бір дәнді бидай.
  2. Тr.urarthu Tum – жабайы Урарту бидайы.
  3. Тr. monococcum L. – бір дәнді мәдени бидай.

Eкінші тобы – 28 хромосомды тетраплоидты бидай түрлері:

  1. Тгісum сһаldicum – Халд бидайы.
  2. Тr. dicocoides (Когп). Ааr – жабайы қос дәнді бидай.
  3. Тr. Тіmорһееvі Zһuк. – Зандури бидайы.
  4. Тr. раlаео-соlсһісum Меn – колхида қосдәнді бидайы.
  5. Тr. dicococcum Schubl – полва бидайы.
  6. Тr.durum Desf. – қатты бидай.
  • Тr. aethiopicum Jakubz – Абиссиния бидайы.
  • Тr.turgidum L. – тургидум бидайы.
  • Тr. carthlicum Nevski – қарталы бидайы.
  • Тr. turanicum Jakubz – Туран бидайы.
  • Тr.polonicum L. – Польша бидайы.

Үшінші тобы – гексаплоидты бидай.

  • Triticum macha – Мах бидайы.
  • Тr.spelta L. – Спельта бидайы.
  • Тr. aestivum L. – жұмсақ бидай.
  • Т compactum Hoct- карлик бидай.
  • Т Sphaerococcum Perc.- домалақ дәнді бидай.
  • Т Vavilovi Jakubz – Вана бидайы.
  • Т amplissifolium Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.

Төртінші тобы – оклаплоидты бидай.

  • Triticum funicidum Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.

ТМД елдері аймағында, соның ішінде Қазақстанда бидайдың негізінен екі түрі – жұмсақ бидай ең көп егіс көлемінде өсіріледі.

 

  • кесте. Жұмсақ бидайдың түршелері және олардың негізгі сипаттмалары [16,19]
Түршелер аттарыҚылтықты немесе қылтықсыздығы Масақ түсiМасақтың түктілігіДән түсі
Lutescens A1-ҚылтықсызАқтүксізқызыл
Albidum A1 –альбидум-*--*--*-ақ
Milturum A1- мильтурум-*-қызыл-*-қызыл
Erythospermum Korn- эритроспермумҚылтықсызақ-*--*-
Ferrugineum A1-ферригинеум-*-қызыл-*--*-
Calsium-цезиум-*-Қара қоқшыл қою қызыл-*--*-
Hostianum Clem- гостианум-*-ақтүкті-*-
VelutinumSchubl-белютинумҚылтықсыз-*--*--*-
Barbarossa Al-БарбароссаҚылтықтықызыл-*--*-
Alborubrum Korn- альборубрумҚылтықсыз-*-түксізақ