Әлеуметтік сөйлеуден бөлінген эгоцентрлік сөйлей

Әлеуметтік сөйлеуден бөлінген эгоцентрлік сөйлеу негізінде баланың аутистикалық әрі логикалық ойлауының негізі болып табылатын баланың ішкі сөйлеуі пайда болады.

Соған орай, Пиаже суреттеген бала сөйлеуініц эгоцентризмінен, біз, ең алдымен, генетикалық түрғыдан маңызды сыртқы сөйлеуден ішкіге ауысуын бақауға бейімбіз. Пиаже келтірген нақты материалды талдайтын болсақ, онда біз Пиаженің өзі де байқамай, сыртқы сөйлеудің ішкіге қалай ауысатындығын көрнекі түрде көрсеткенін байқаймыз.

Тұтас алғанда бүкіл схема мынадай болады: әлеуметгік сөйлеу — эгоцентрлік сөйлеу — ішкі сөйлеу. Кезеңдерін құрастырушы бірізділік көзқарасы тұрғысынан бұл схеманы бір жағынан осындай кезеңдер бірізділігін белгілеп, ішкі сөйлеудің құрылуының дәстүрлі теориясына (яғни сыртқы сөйлеу—сыбыр—ішкі сөйлеу), екінші жағынан Пиаженің схемасына — сөздік логикалық ойлаудың дамуындағы негізгі кезеңдердің сөйлеуден тыс аутистикалық ойлау — эгоцентрлік сөйлеу мен эгоцентрлік ойлау — әлеуметтенген сөйлеу және логикалық ойлау тұрғысындағы генетикалық бірізділікке қарсы қоюға болады.

Бірінші схеманы мысал ретінде келтірген себебіміз: бір-біріне мазмұны жағынан ұқсамаса да, әдіснамалық жағынан Пиаженің схемасына жоғары дәрежеде ұқсас болуында. Осыған ұқсас формуланың авторы Д.Уотсон сыртқы сөйлеуден ішкіге ауысу аралық саты — сыбыр арқылы жузеге асуы керек деп пайымдайды, осылайша Пиаже аутистикалық ойлаудан логикалық ойлауға ауысу аралық саты жолымен — эгоцентрлік сөйлеу мен эгоцентрлік ойлау арқылы өту керек деп белгілейді.

Соған орай, біздің баланың эгоцентрлік сөйлеуі деп белгілеген бала ойлауының дамуындағы бір пункт баланың дамуы туралы әр түрлі трактіде жатқан схема бойынша беріледі. Бұл ауыспалы саты Пиаже үшін аутизмнен — логикаға, өзіндік-даралықтан әлеуметтікке өту болса, біз үшін бұл ауыспалы түрі сыртқы сөйлеуден — ішкіге, әлеуметтіктен — дараға, сонымен бірге аутистикалық сөйлеу ойлауына өту болып табылады.

Міне, бейнесін тұтастай қайта құрастыруға тырысып отырған дамудың суреті әркелкі болып суреттеліп шыққанын байқаймыз.

Талдау барысында кездескен негізгі мәселені былай құрастыра аламыз. Бала ойлауының даму процесі қалай жүреді: өзінің өтпелі пунктінде эгоцентрлік сөйлеуден асып өтіп, аутизмнең, сағымды елестен, түс көру логикасынан әлеуметтенген сейлеу мен логикалық ойлауға карай ма немесе даму процесі керісінше: баланың әлеуметтік сөйлеуі арқылы арқылы эгоцентрлдк сөйлеуі ішкі ойлауы мен сөйлеуіне (соның ішінде аутистикалыққа) қарай жүреді ме?

Сұрақты осы түрде айтатын болсақ онда жоғарыда өзіміз теориялық тұрғыдан тиіскен сұраққа келіп тірелгенімізді байқаймыз. Негізінде біз Пиаженің психоанализден иемденген және ойлаудың даму тарихындағы алғашқы сатысы — аутистикалық ойлау деген, дамудың тұстастығы туралы ілім

көзқарасынан негізгі мәселенің теориялық дербестілігі жайлы сұрақты қарастырдық.

Бұл мәселенің тиянақсыздығын мойындауда тура келгендей, қазір де толығымен айналып, осы ойдың негізін сыни тұрғыда зертгей келе, тағы да бала ойлауының дамуының негізгі бағыты бізді қызықтыратын тұжырымдамада дұрыс берілмеген деген қорытындыға келеміз.

Шындығында, бала ойлауының даму процесінің қозғалысы даралықтан әлеуметтенуге қарай емес, керісінше, әлеуметтіктен даралыққа қаай жүреді, міне, бізді қызықтарған мәселенің эксперименттік және теориялық зертгеудің негізгі қорытындысы осындай болып шықты.

Біз Пиаже теориясындағы бала эгоцентризмі тұжырымдамасы тұрғысындағы ұзаққа созылған зерттеуімізді қорытындылай аламыз.

Осы тұжырымдаманы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан қарастыра отырып, біз осы тұжырымдаманың түп негізінде аутистикалық және реалистік ойлаудың генетикалық құбылмалы қарама-қарсылық түсінігі жатыр деген қорытындыға келетіндігімізді көрсетуге, сондай-ақ биологиялық эволюция көзқарасы тұрғысында аутистикалық ойлау түрі психикалық даму тарихында бастама, тұңғыш деген ойдың дәйексіздігін дамытута тырыстық.

Бұдан әрі, осы тұжырымдаманың нақты негізін, яғни автордың бала эгоцентризмінің тікелей пайда болу және байқалу құбылыстарын көретін, эгоцентрлік сөйлеу туралы ілімді қарастыруға ұмтылдық. Бізге тағы да баланың эгоцентрлік сөйлеуінің бала ойлауының эгоцентризмінің тікелей көрінісі ретінде анықталуы функционалдық және құрылымдық жағынан да қолдау таппайды деп бала сөйлеуі дамуының талдауы негізінде алынған қорытындыға келуге тура келеді.

Мұнан әрі біз, ойлау мен сөйлеу эгоцентризмі арасындағы байланыстың бала сөзінің сипатын анықтаушы тұрақты және қажетті шама болмайтынын байқадық.

Біз, ең соңында баланың эгоцентрлік сөйлеуі 7—8 жасқа қарай жойылып кететін, оның ішкі эгоцентризмінің сыртқы көрінісі ретіндегі, бала белсенділігінің жанама өнімі болып табылмайтынын көрсетуте ұмтылдық. Керісінше: эгоцентрлік сөйлеу, бізге басында келтірілген мәліметтерге сай, сөйлеудің сыртқыдан ішкіге қарай дамуындағы өтпелі саты түрінде көрінді.

Соған орай, бізді қызықтыратын тұжырымдаманың фактілік негізі де құбылмалы, сонымен бірге тұжырымдама тұтастай бұзылады.

Енді біз өзіміз жеткен нәтижелерді жалпылауымыз керек. Өзіміздің сынымыздың жетекші идеясы ретінде ұсына алатын бірінші және ең негізгі мәселені былай құра аламыз: психоанализ бен Пиаженің теориясындағы ойлаудың екі түріне қатысты сұрақ дұрыс қойылмаған. Қажеттіліктердің өтелуін өмір жағдайына бейімделуге қарсы қоюға болмайды; баланың ойын өзінің ішкі қажеттіліктерін өтеу ме, немесе объективті шынайы дүниеге бейімделу қозғайды ма деп сұрауға болмайды, өйткені қажеттілік түсінігінің мазмұнын даму теориясы тұрғысынан ашқанда, түсініктің өзі қажеттілік ақиқат дүниеге белгілі бейімделу жолымен қанағаттандырылады деген пікірді қамтиды.

Э.Блейлер (жоғарыда аталған үзіндіде) нәрестенің қажеттілігі оған тамақ елестегенде емес, керісінше бала тамақтанған соң ғана өтелетіндігін өте сенімді келтірген. Сол сияқты, жасы үлкендеу бала да шынайы алманы елес түрінде қабылдаса, ол өз қажеттілігін шынайы дүниеге бейімделу үшін ұмыт қалдырғаны емес, оның ойлауы мен іс-әрекеті қажеттілігіне негізделгендіктен.

Негізінде бейімделудің өзі үшін шынайы дүниеге бейімделу ағза мен жеке тұлғаның қажеттілігінен тәуелсіз болмайды. Ақиқат дүниеге бейімделу де қажеттілік арқылы бағытталады. Бұл біз қарастырып отырған теориядан түсініксіз жағдайлармен бөлініп қалған трюизм болып келеді.

Тамаққа, жылуға және қозғалысқа деген қажеттіліктер, ішкі қажетгіліктерді қанағаттандырушы ойлаудың бір түрінің ақиқат дүниеге бейімделу қызметін атқаратын ойлаудың екінші түріне қарама-қарсы тұруы барлық мағынасынан айырылу мен ақиқат дүниеге бейімделу процесін бағыттайтын қозғаушы күш болып келмейді. Қажеттілік пен бейімделуді бір-бірінен ажыратпай қарау керек. Өмірдегі өтелмеген ұмтылыстарын қиял, елес түрінде қанағаттандыруға ұмтылатын дамыған аутистикалық ойлауда байқалатын ақикат дүниеден бөлініп (шектеліп) қалу да дамудың соңғы өнімі болып келеді. Аутистикалық ойлаудың пайда болуы реалистік ойлау мен оның негізгі себепшісі ұғымдық ойлаудың дамуына байланысты. Бірақ Пиаже Фрейдтен тек қана қанағаттану принципі шынайылық принципінен бұрын жүреді деген жобаны ғана алып қоймайды, сонымен бірге қызметтік және биологиялық бағыныңқы кезеңнен дербес витальды бастама primum тоvепs — бүкіл психикалық дамудың алғашқы қозғаушы күшіне ауысатын қанағаттану принципінің бүкіл метафизикасын да алады.

«Психоанализдің сіңірген еңбектерінің бірі—аутизмнің ақиқат дүниеге бейімделмейтіндігін көрсетуі болып табылады, өйткені «мен» үшін қанағаттану жалғыз серіппе», — дейді Пиаже. «Аутистикалық ойлаудың жалғыз қызметі — бұл қажеттіліктер мен мүдделерді жылдам (бақылаусыз) қанағаттандыру және «менге» жіберу үшін ақиқат дүниені деформациялау болып келеді». Логикалық шарасыздықтан, қанағаттану мен қажеттілікті ақиқат дүниеге бейімделуден бөліп алып және метафизикалық бастама дәрежесіне енгізе отырып, Пиаже ойлаудың реалистік ойлау деп аталатын басқа түрін — шынайы қажеттіліктерден, тілектер мен ниеттерден босатылған «таза ойлау» ретінде ұсынуға мәжбүр болды. Бірақ бейімделусіз қажеттілік жоқ сияқты, табиғатта да мұндай ойлау жоқ, оларды сондықтан бір-бірінен бөліп тастап, біріне-бірін қарама-қарсы қоюға болмайды, міне, сол сияқты балада да қажеттілік, қызығушылық пен ниеттерден бөлініп қалған, тек шындық үшін ойлау да жоқ Пиаже аутистикалық ойлауды сипаттай отырып, «ол шындықты орнатуға емес, ниеттерді қанағаттандыруға ұмтылады», — дейді. Бірақ барлық ниет шынайылықты шегеріп тастай ма немесе шындық үшін практикалық қажеттіліктерден тәуелсіз тұрғыда шындықты орнатуға ұмтылатын ой бола ма? Тек шынайы мазмұны жоқ бос абстракциялар логикалық қызметтер мен метафизикалық ипостаттар ғана осылай шектелуі мүмкін, алайда бала бала ойлауының шынайы, нақты тірі жолдарының шектелуі еш мүмкін емес.

Пифагордың сандар туралы ілімі мен Платонның сезімдік заттардан бөлек идеялар туралы іліміне жазған Аристотель сынына ескертпелерінде В.И.Ленин былай дейді:

«Бастапқы идеализм»: жалпы (түсінік, идея) дегеніміз — жеке мән. Қазіргі кезең идеализмі, Кант, Гегель, кудай идея-сы осыған ұқсас емес пе? Үстелдер, орындықтар және үстел мен орындық идеясы; әлем мен әлем идеясы (құдай); зат және «нумен», танылмайтын «өзіндегі зат»; жер мен күннің, тіпті бүкіл табиғаттың байланысы — бүл заң, Joyoб, құдай. Адам танымының қосарлануы мен идеализмнің (=діннің) мүмкіңдігі алғашқы қарапайым абстракцияда берілген болатын.

Жеке заттарға (адам) ақылының ықпалы, одан көшірме (=түсінік) алу қарапайым, тікелей, айнадағыдай өлі акт емес, ол өмірден қиялдың аласталу мүмкіндігін алып жүретін иректі, күрделі және қосарлы акт, тіпті ол абстракты түсінік пен идеяның (адам ұғына алмайтын өзгеру) қиялға (in lеtzternn stans = құдай) айналу мүмкіндігі. Өйткені қарапайым жалпыланудың өзінде, қарапайым жалпы идеяда қиялдың арнайы бөлігі бар».

Өзінің даму барысында қиялдау мен ойлау бір-біріне қарама-қарсы, олардың бірлігі адам құраған алғашқы түсінік пен алғашқы жалпылауда жатыр деген ойды одан әрі тереңірек және ашық көрсетуге болмайды.

Барлық жалпылау, біріншіден, өмірден қайту, аластау, екіншіден — қиялдың бір бөлігі барлық ортақ түсінікте болатын өмірдің өзінің терең әрі дәлме-дәл бейнесінен тұратын, олардың ойлау мен қиялдың иректеп дамуында бір-біріне қарама-қарсылығының бірлігін көрсету реалистік және аутистикалық ойлауды зерттеу үшін дұрыс жол ашады.

Егер осы жолмен жүретін болсақ, онда аутизмді бала ойлауының басына қою керек емес, оның соңынан құрылатындығына және оның ойлаудың дамуындағы қарама-қарсылықтардың бір шегі ретінде түсінуге күмән қалмайды. Өзіміздің тәжірибемізде өзіміз зерттеп отырған теория тұрғысынан тағы бір маңызды кезеңді атап өтуіміз керек. Баланың эгоцентрлік сөйлеуінің ақиқат дүниеден, баланың тәжірибелік іс-әрекетінен, оның шынайы бейімделуінен бөлінбегендігін, ауада ілініп тұрған сөйлеу емес екенін көрдік. Біз бұл сөйлеу түрінің баланың ақылды іс-әрекетінің қажетті құрамды кезеңі болып кіретінін, алғашқы мақсатгы әрекеттерде ақылдан орын алып, өзі жетіліп және баланың одан да күрделі іс-әрекетінде жоспар мен ниеттердің құрылуына қызмет жасай бастайтындығын да байқадық.

Іс-әрекет, тәжірибе — міне, айдың екінші беті сияқты, бақылаушылар назарынан тыс қалып жататын бала ойлауының дамуының мүлдем жаңа қырлары мен бала эгоцентрлік сөйлеуінің қызметін толық ашатын жаңа кезеңдер — осылар. Ж.Пиаже заттар баланың ақылын шыңдамайды дейді.

Алайда біз баланың эгоцентрлік сөйлеуі баланың тәжірибелі іс-әрекетіне және баланың ойлауына байланыста болған жағдайларда, заттардың шынымен де баланың ақылын шыңдайтынын көрдік. Заттар — өзгермелі көзқарас тұрғысынан танылмайтын, баланың қабылдауында енжар бейнеленбейтін және өзінің тәжірибесінде кездесіп отыратын шындық.

Бұл жаңа кезең, бала ойлауы дамуындағы ақиқат дүниенің тәжірибесі мен алатын орны туралы мәселе бәрін түгелдей өзгертеді, алайда біз оларға Пиаже теориясының негізгі тізбектерін қарастыратын кезінде және әдіснамалық сын жүргізу кезінде кейін тоқталамыз.

Егер біз тұтастай қазіргі психологияға, оның ішінде балалар психологиясына жүгінсек, онда біз соңғы кездегі психологияның дамуын анықтайтын жаңа тенденцияны оңай аша аламыз. Бұл тенденцияны неміс психологы Н.Ахтың қазіргі заманғы психологиялық экспериментінен тікелей алған әсері бойынша бір сыналушы өте жақсы көрсете білген. Экспериментші өз зерттеуіне жазған алғы сөзінде тәжірибе аяқталған соң сыналушының «Бірақ бұл эксперименттік философия ғой» дегеніне таңданғанын айтып өтеді.

Философиялық мәселелер үшін маңызы бар және, керісінше, философиялық түсініктен өздерінің құрылуы мен шешілуі тәуелді сұрақтарды психологиялық зерттеуде тікелей дамыту әрекеті мен психологиялық зерттеулер мен философиялық мәселелерді бір-біріне жақындату барлық қазіргі заманғы зерттеулердің өн бойынан байқалады.

Бұл жағдайды баяндайтын мысалдарды келтірмей-ақ қоялық. Біз қарастырып отырған Пиаженің зерттеуі әрқашан философиялық және психологиялық зерттеулерде осы жағымен жүріп жататындырын еске саламыз. Пиаженің өзі де баланың логикасы аймағының күрделілігі соншалық, бұл жерде аттап басқан сайын логика мен таным теориясы мәселелеріне соқтығасың деп ескерткен болатын. Мұндай шытырманда айқын бағытты сақтап, психологияға жат мәселелерден қашқақтау да оңай емес.

Пиаже үшін аса қауіптісі — тәжірибе нәтижелерін күні-бұрын жалпылау және теріс идеялар мен логикалық жүйенің қате түсінігінің қармағында қалу болатын. Сондықтан да, атап өткеніміздей, автор өте жүйелі баяндаудан, әсіресе балалар психологиясы шегінен тыс барлық жалпылаулардан принципті түрде қалыс қалады. Оның ниеті — тек фактілердің талдауымен шектелу және осы фактілердің философиясына егжей-тегжейлі үңілмеу. Алайда ол логика, фиолософия тарихы мен таным теориясының бала логикасының дамуына байланысты екенін мойындауы тиіс. Себебі оның ерікті немесе еріксіз түрде болсын, түбіне жетуі қиын философияға келгенде ойының бағытын таңғаларлық жүйелілікпен үзіп тастап отырса да, осы күрделі аймақтағы бір-қатар мәселелерді қозғауына тура келеді.

Э.Клапаред Пиаженің, кітабына жазған алғы сөзінде авторды — моллюскаларға әуестігін психологиялық фактілерге әуестікке жеңдірген табиғат биолог-натуралисі, барлық табирирылыми ойлау принциптерін меңгерген адам, өз материалдарын сөйлете білу қабілетіне ие, яки материалдардың не айтатындығын тыңдай білген, сондай-ақ философиялық мәселелерден хабардар ғалымдардың бірі ретінде атап өтеді. «Оған әрбір қараңғы бұрыш, ескі логиканың, оқулықтар логикасының торы мәлім. Ол толығымен жаңа логиканы қолдайды, ол таным теориясының ең нәзік мәселелерінен хабардар, бірақ осы әр қилы салалардағы керемет білімі оған тәуекел талқылау жасатпауымен ғана қоймай, керісінше, психологияны философиядан бөліп тұратын шекараны анық белгілеуге және ала алмайтын шекараның міндетті түрде сол жағында қалуға мүмкіндік береді. Оның еңбегі таза ғылыми» (Ж. Пиаже, 1932, 62-6.).

Біздің Клапаредтің осы соңғы пікірімен келіспеуімізге болмайды, өйткені, төменде көрсетуге тырысатынымыздай, Пиаже де істің мәні бойынша философиялық құрылымдардан қашқақтай алмады, себебі философияның болмауы дегеніміз де нағыз айқын философия болып табылады. Бүтіндей таза эмпиризмнің шегінде қалу әрекеті Пиаже зерттеушілеріне тән белгі. Өзін қандай да бір қате философиялық жүйемен байланыстырудан қорқу — біздің басты және негізгі белгілерін ашқымыз келіп отырған, арнайы философиялық дүниетанымның симптомы болып табылады.

Біз Пиажеде баланың эгоцентрлік сөйлеуі туралы ілім негізінде салынған және Пиаженің бала логикасын сипаттайтын барлық белгілерге әкеп тірейтін бала эгоцентризмі тұжырымдамасын жоғарыда қарастырдық. Бұл бізді осы негізгі тұжырымдаманың теориялық және деректік жағынан қисынсыз және осы теорияда баланың даму барысы қисық түрде берілген деген қорытындыға алып келді.

Бала эгоцентризмінің бүкіл салдары туралы осы тараудың міндеті тұрғысынан айту мүмкін болмас еді. Бұл Пиаже зерттеуінің барлық тарауларын бірінен соң бірін қарастыру және сыни тарауды Пиаже тақырыптарын қайталайтын, мүлдем басқаша жұмысқа айналдыру деген сөз. Біз өз міндетіміз мүлдем басқаша деп ойлаймыз. Біздің міндетіміз Пиаженің кітабындағы құнды материал мен алғашқы жалпылауларды оқырманның жеңіл түсінуіне көмектесу болып табылады. Ол үшін бізге Пиаже зертгеулерінің әдіснамалық жағын қарастыру қажет және оны сыни тұрғыда таразылау керек.

Біздің Пиаже үшін ғылыми ойлаудың логикасын айқындаушы болып табылатын негізгі және орталық кезеңнен бастауымызға болатын еді. Бұл жерде біз себептілік мәселесі туралы айтып отырмыз. Пиаже кітабын баладағы себеп-тілікалды мәселесіне арнаған қысқа және айқын тараумен аяқтайды. Пиаже үшін бала логикасын талдаудан шыққан қорытынды: бала үшін себептілік түсінігі таңсық және осы мәселеге көңіл бөлетін бала ойлауының сатысы себептілік-алды сатысы деп аталғаны дұрыс деген пікірден тұрады.

Бұл мәселе Пиаже теориясының ішінде көрнекті орын алады, ол өз зерттеулерінің ерекше — төртінші томын баладағы тәндік (дене) себептілік туралы түсінікті анықтауға арнаған. Осы жаңа әлеуметтік зерттеу Пиажені тағы да баланың әлем туралы ойларында, қимыл-қозғалысты түсіндіруінде, машиналар мен автоматтарды түсінуінде -қысқасы, баланың сыртқы ақиқат дүние туралы пікірінде себептіліктің жоқтығы туралы қорытындыға әкелді.

Алайда, бір таңғаларлығы, Пиаженің өзі де өзінің зерттеулерінде ойын саналы түрде себептілікалды сатысында әдейі тоқтатқысы .келеді. Балада да ғылымдағы сияқты жағдай болып жатады дейді оның өзі де.

Пиаже өзінің себептіліктен бас тартуын себептіліктен тыс, яғни себептілік түсінігі өткен саты болып саналатын нәзік ғылыми ойлаудың көрінісі ретінде қарастыруға бейім. Бірақ кез келген себептілік идеясынан бас тартушы, ерікті және еріксіз түрде, кері қарай — Пиаженің баланың ойлауын талдай отырып, жақсылап сипаттап берген — себептілік алды сатысына дейін төмендейді.

Пиаже себептілік принципіне нені қарсы қояды. Пиаже өз зерттеулеріндегі құбылыстардың себептілігін қарастыруын генетикалық көзқарас тұрғысымен алмастырады. Ол үшін себептілік принципі дамудың жоғарырақ принципімен алынып тасталған және ауыстырылған болып табылады. «Психикалық құбылысты түсіндіру дегеніміз не?» — деп сұрақ қояды ол. Д.Болдуин өзінің шебер талдауында көрсеткендей, психологияда генетикалық әдіссіз салдарды себептілік орнына қабылдамайтынына, сенімді болу түгілі, тіпті түсіндіру туралы сұрақты қоюдың өзі де мүмкін емес. Соған орай, математикалық тұрғыдан болып өткен және кейінгі болатын функционалдық тәуелділік түсінігіне қосатын генетикалық даму қатысындағы салдар мен себеп арасындағы қатынаспен алмастыру керек.

Осылайша, Пиаже үшін даму қатынасы мен функционалдық тәуелділік себептілікті алмастырады. Бұл жерде ол «әрекеттен себептің шыңына шығу дегеніміз — қарапайым тарихи таным» деген И.Гетеден алынған принциптің тамаша тұжырымын есінен шығарады. Ол Ф.Бэконның «нағыз білім дегеніміз — себептерге шығатын зор білім» деген белгілі ілімін ұмыт қалдырды, дамудың себептілігін функционалдық түсінігімен ауыстыруға тырысады да, өзі де байқамай, даму түсінігін барлық мағынасынан айырып тастайды. Бұл дамуда бәрі де шартгы болып келеді. А құбылысы Б функциясы ретінде және, керісінше, Б құбылысы А функциясы ретінде қарастырылады.

Осындай қарастыру нәтижесінде автор үшін дамудың себептері, факторлары туралы сұрақ шешіледі. Оның тек генетикалық мағынада түсіндіретін бастапқы бақылаған құбылыстарды таңдау құқығы ғана қалды.

Осы негіздемеге байланысты бала ойлауы дамуының факторлары мәселесі Пиаже зерттеулерінде себептілік мәселесінің шешіміндей күйінде қалды. «Осы «түсіндіруші құбылыстар» дегеніміз не? — деп сұрайды Пиаже. — Осыған орай, ойлау психологиясы өзара байланысын түсіндіруге міндетті екі негізгі факторға — биологиялық фактор мен әлеуметтік факторға тап болады. Егер ойлау эволюциясын биологиялық көзқарас тұрғысынан немесе қазіргі заманға сай әлеуметтанушылық көзқарас тұррысынан суреттеп көрсек, онда ақикдт дүниенің жарты бөлігі көлеңкеде қалуы ықтимал. Сондықтан екі өрісті де көзден таса қылуға болмайды.

Біздің басынан бастап орындағымыз келгені — ол бала ойлауының эгоцентризмі құбылысын әлеуметгік психология тұрғысынан суреттеу болып табылады. Біз балалар логикасына тән белгілердің көпшілігін эгоцентризмге жатқызуға ұмтылдық» (сол жерде).

Осы жерде әлеуметтанушылық тілмен берілген суреттеме басқа кітапта биологиялық суреттеме ретінде табысты беріледі деген қорытындыдан тұратын парадокстық ұйғарым шығады. Суреттемелерді әлеуметгік психология тұрғысынан орналастыру — бұл автордың өз еркімен, екіншісіне зиян келтіре отырып, өзіне ұнаған тілді таңдауы болады. Бұл Пиаже әдіснамасының бала ойлауының дамуындағы әлеуметтік фактор ұғымының өзіне түсінік беретін орталық және негізгі тұжырымы.

Пиаженің кітабында түгелдей бала ойлауының тарихында ойдың құрылымы мен жұмыс істеуіне әлеуметтік факторлардың әсері бірінші орынға қойылатыны мәлім.

Орысша басылымындағы алғы сөзде Пиаже осы мәселенің оның еңбектерінің негізгі идеясын құрайтынын ашына жазған болатын. «Жарияланған еңбектегі басым идея, — дейді ол, — менің ойлауымша, бұл бала ойлауы тек туа біткен психобиологиялық факторлардан және қоршаған орта әсерінен ғана алынуы ғана мүмкін емес деген идея, дегенмен ол басым түрде бала мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасында орныққан қатынастарға байланысты түсінілуі керек. Мен бұнымен бала өз айналасындағылардың көзқарасы мен ойларын ғана бейнелейді деп айта алмаймын. Жеке тұлға ойлауы құрылымының өзі әлеуметтік ортаға тәуелді. Қай кезде жеке тұлға тек өзі үшін ойласа, эгоцентрлік тұрғыда ойласа, бұл сәбиге тән жағдай, оның ойы оның қиялының, жеке тұлғасының, оның тілегінің үкімінде болады. Осы кезде баланың тиімді ойлауында мүл-дем бөлек біркатар ерекшеліктер байқалады. Жеке тұлға —

белгілі әлеуметтік орта тарапынан жүйелі әсерді сезгенде (мысалы: ересектер мәртебесін сезінген бала), оның ойы арнайы сыртқы ережелерге сәйкес құрылады… Жеке тұлғалардың бірлесе отырып, серіктесуі арқылы ақылдың теориялық және тәжірибелік екі аспектісін құрайтын ойлауға қатысты тәртіпті хабарлайтын осы серіктестіктің ережесі де дамиды.

Эгоцентризм, еріксіз көндіру, серіктестік — міне, осы үш бағьптың арасында баланың дамып келе жатқан ойлауы үздіксіз тербелісте болады және аутистикалық болып қала ма әлде қоғамның қандай да бір басқаша ұйымдастырылуына ене ме — бәрібір ересек адамның ойлауына байланыста қала береді.

Міне, Пиаже идеясындағы үстемдік осы. Осы жерде, осы схемада, бүкіл кітаптағыдай, бала ойлауының дамуын анықтайтын күш ретіндегі нақты да анық маңызды әлеуметтік фактор тұратын сияқты. Келтірілген дәйек сөзден автордың суреттеу үшін әлеуметтанушылық тілді тандағанын көрдік, бірақ оларды осындай табыстылықпен биологиялық суреттеуге де жүктеуге әбден болады. Сондықтан да Пиаже теориясында бала ойлауы дамуына әлеуметтік және биологиялық фактордың қандай қатысы барлығын қарастыру біздің жақын арадағы алға қойған міндетіміз болып келеді.

Пиаже теориясындағы осы мәселенің маңыздысы — биологиялық пен әлеуметтіктің арасындағы айырмашылық. Биологиялық — баланың психологиялық түпнегізін құрайтын, алғашқы, бастапқы сияқты ойланады. Әлеуметтік — балаға тән және баланың ішкі табиғатына сай ойлау тәсілдерін итермелеуші, балара қатысы жоқ күшті қыспақтау арқылы әрекет жасайды және баланың ойлау тәсіліне сәйкес келмейтін, оған сырттан жабысатын ойлау нұсқасымен ауыстыру арқылы әрекет жасайды.

Э.Клапаред өзінің алғы сөзінде Пиажеге тән көкейтесті ойын жақсы көрсете білді- Оның пікірінше, Пиаженің зерттеуі баланың ақылын мүлдем жаңа түрде көзге елестеді дейді. «Ол баланың ақылын бірінің үстіне бірі орналасқан әр түрлі станокта бір мезгілде тоқу үстінде көрсетеді.

Жоғары жазықтық керісінше, әлеуметтік ортаның әсерінен бірте-бірте қалыптаса бастайды, бала оның қысымын біртіндеп жақсы сезіне бастайды.

Бұл — объективтіліктің, сөйлеудің, логикалық тұжырымдамалардың жазықтығы, яғни бір сөзбен айтқанда — шынайылық. Бұл жоғары жоспар басында өте нәзік. Оған көп міндет жүктей бастағанда-ақ, ол майысады, шытынайды, опырылады, элементтері соңғы төменгі жазықтыққа жататын элементтермен алмасады да, соған құлайды, кейбір бөліктері жер мен аспанның арасында жарты жолда қалып қояды. Осы екі жазықтықты көрмеген және ойын бір ғана жазықтықта жүреді деп ойлаған бақылаушының шатасу әсерін сезінуі түсінікті, өйткені бұл екі беткейдің өз логикасы бар және әрқайсысын басқа жазықтық логикасымен біріктіргенде байбалам салады» (Ж.Пиаже, 1932, с.5960).

Пиаже теориясы бойынша, бала ойлауының өзгешелігі — оның ақылының екі станокта бірдей тоқуы және субъектілік, тілектер мен еркеліктер жазықтығында тоқитын бірінші станоктың, баланың өзінің ісі болғандықтан, маңызды болып келетіні байқалады. Егер Пиаже мен Клапаред Фрейдтің есімі мен қанағаттану принципін атамаса да, біздің алдымызда бала ойлауының өзгешелігін оның табиғатының биологиялық ерекшелігінен шығарура тырысқан таза биологиялық тұжырымдама екендігіне ешкімнің де күмәні қалмас еді.

Пиаже еңбектерінде баланың дамуындағы биологиялық пен әлеуметгіктің сырттай және бір-біріне жаттанды әрекет жасайтын күш ретінде берілетіндігін оның зерттеулері бойынша жасалған қорытындылардан көруге болады.

Пиаже зерттеулерінің кейінгі екі томының негізінде жататын орталық қорытынды — бұл баланың екі жақты ақиқат дүниемен өмір сүретіндігі. Бірінші әлем — өз табиғатына тән өзіндік ойлауы негізінде, екінші әлем оның айналасындағы адамдардың оған зорлап таңған логикалық ойлауы негізінде құрылады.

Осыдан келіп, Пиаже ілімі бойынша, балада оның ойының осылай қосарлануы нәтижесінде екі жақты ақиқат дүние пайда болуы керек. Екі әр түрлі станок — екі түрлі мата: екі ойлау тәсілі — екі шындық. Баланың ойы тоқитын жазықтықтың әрқайсысының өзіндік логикасы бар және — өте беделді куәгердің айтуынша — оны баскд бір жазықтықпен байланыстырғанда байбалам салатындықтан, бұл қосарлану күшті әрі кенеттен болуы керек. Бала ойлауы-ның үлесі — қосарланған және шағылған шынайылық қана емес, сонымен бірге бір-бірімен байланыстырғанда бай-балам салатын байланысы жоқ мүлдем әртекті және ымырасыз маталар бөлігі де болып келеді. Пиаже бойынша, аутистикалық ойлау да өзіне-өзі қиялдағы шындықты немесе түс көру шынайылырын құрайды.

Пиаже тапқан дәлелдер мен орнатқан заңдылықтар жалпылама емес, бірақ шектеулі мәнді. Олар шынында да дәл қазіргі арнайы әлеуметтік жағдайда дұрыс, осында және қазіргі (hinc et nunc. Міне, Пиаже зерттеген баланың ойлауы ғана осылай дамиды. Пиаже тапқан заңдылықтар мәні — табиғаттың мәңгілік заңдары емес, алайда табиғи және әлеуметтік заңдар — олардың айқындығы соншама, оларды Пиажені сынаушылардың бірі — — В.Штерн де атап өтті. Штерннің ойынша, Пиаже бала 7 жасқа дейін әлеуметтіктен гөрі эгоцентрлік сөйлейді деп айтқанда және осы жас шегінің екінші жағына қарай сөйлеуде әлеуметтік функция басым бола түседі деп сендіре тұрып, өте алысқа кетеді дейді. Бұл қателік Пиаженің әлеуметтік жағдайдың мәнін аса ескермегендігіне негізделеді. Бала эгоцентрлік пен әлеуметтіктің қайсысында көбірек сөйлейді — бұл оның жасына ғана емес, сонымен қатар жағдайына да тәуелді. Отбасылық өмір мен тәрбие шарты бұл жерде айқындаушы болып келеді. Оның бақылаулары бір-бірінің жанында ойнайтын балабақша балаларына арналған. Бұл заңдар мен коэффйциенттер Пиаже бақылау жүргізген арнайы бала ортасына ғана жүреді және жалпылауға келмейді. Тек ойын әрекеттерімен айналысушы балаларда арасында ойынның монологтік түрі өте кең тарайды. Гамбургтегі М.Мухова бала-бақшаның өзгеше құрылымды болуының шешімді маңызы бар екенін аңғарды. М.Монтессоридің балабақшаларындағы сияқты, Женевада да бір-бірінің жанында жеке-дара ойнайтын балалар бақшасында, бір-бірімен бірлесіп ойнайтын әлеуметтік байланыс тығыз орнықкан неміс балабақшаларына қарағанда, эгоцентрлік сөйлеудің көрсеткіші басымдау.