Ж.Пиаженің теориясындағы баланың ойлауының эгоцентрлік сипаты

Ж.Пиаженің теориясындағы баланың ойлауының эгоцентрлік сипаты туралы басты идеяны анықтау үшін эгоцентрлік ойлаудың түс көру логикасына, таза аутизмге, екіншіден, ақылды ойлау логикасына байланысты үшінші және негізгі мезет — генетикалық қарым-қатынасты суреттеуге тура келеді.

Ж. Пиаже теориясында эгоцеитрлік ойлаудың құрылымдық және функционалдық қатынасында да ойлаудың дамуындағы осы екі шеткі сатысы арасындағы аралықты жалғастырып тұрушы тізбек ретінде қарастырылғанын байқадық. Ойлаудың дамуындағы үш топты байланыстырып тұратын генетикалық байланыс пен қарым-қатынасқа тиісті сұрақты Ж.Пиажо осылайша нақты шешіп береді.

Пиаже осыдан келіп: «Ақыл-ой іс-әрекеті түтастай логикалық іс-әрекет болып саналмайды. Ойлаудың әрбір түрлері бір-бірінсіз келесі түрімен кездесе алмайтындай болып байланыспаған. «Логикалық іс-әрекет — бұл шындықты іздеу, ал шешімін табу қиялға тәуелді, алайда логикалық іс-әрекетке деген қажеттілік көп кеш пайда болады». «Бұл кешігу, — дейді Пиаже, — екі себеппен түсіндіріледі: біріншіден, ой қажеттіліктерді қанағаттандыруға шындықты іздестіруден бұрын кіріседі. Өте ырықты ойлау бұл ойын немесе жаңа туындаған идеяны жүзеге асушы ретінде қадбылдауға мүмкіндік беретін сағымды елес. Мұны баланың ойынын бала көрсеткіштері мен баланың ойын зерттеген барлық, авторлар байқаған.

Сондай-ақ З.Фрейд те рахаттану принципінің шынайылық принципіне дейін өткенін таба отырып қайталады. Шындығында, 7—8 жасқа дейінгі баланың ойын шындық деп есептеген жалған нәрседен ажырату өте қиын, себебі осы жасқа дейінгі баланың ойы ойын тенденцияларына толы».

Өкінішке орай, автор еш жерде жүйелі түрде қарастырмаған, бірақ оның құрылымын анықтайтын фактор болып табылатын бала ойлауының эгоцентризм тұжырымдамасын толығымен анықтау үшін, біз осы бала ойлауының эгоцентрлік сипатының шығу тегі мен көлемі, оның бала ойлауының түрлі сферасындағы шегі, аумағы туралы сұраққа тоқталып өтуіміз керек. Пиаже эгоцентризмнің түбірін екі жағдайдан: біріншіден, психоанализдің ізімен баланың әлеуметтенбегенінен, екіншіден, оның тәжірибелі іс-әрекетінің ерекше сипатынан байқайды.

Ж.Пиаже эгоцеитрлік ойлаудың орталық сипаты туралы оның негізгі пікірі гипотетикалық болып келетіндігін үнемі ескертіп отырады. Алайда бұл болжам ақылға өте қонымды болғандықтан, бала эгоцентризміне қатысты факті қарама-қарсы болып көрінеді. Осы кітаптың, теориялық бөліміндегі мәселелер, Пиаже қарастырған, еңбектің қиындығын немесе логикалық құбылыстарды эгоцентризм тудыра ма әлде бәрі керісінше жүре ме деген ой қорытындысына негізделген.

Эгоцентризмнің әсер ету сфера аймағы мен көлеміне қатысты екінші сұраққа келсек, Пиаже бұл құбылысты тек баланың барлық ойлауы мен мінез-құлқының ғана негізі, түбірі, бастамасы ғана емес, ол — жалпыға тән деп есептеп, үлкен мән беруге бейім. Міне, осылайша бала логикасының әр түрлі және әр алуан түрде көрінуің Пиаженің бала эгоцентризмініц тікелей немесе болар-болмас көрінуі деп қарастырғанын байқадык,. Алайда бұл әлі жеткіліксіз, эгоцентризмнің әсері — осы фактіден туындап отыратын салдар жолымен жоғарыға ғана емес, оның туындауына жағдай жасаған себептер жолымен, яғни төменгі жолмен де таралады. Атап өткеніміздей, Пиаже ойлаудың эгоцентрлік сипатын бала іс-әрекетінің эгоистік сипатымен байланыста қояды да, соңғысын баланың 8 жасқа дейінгі дамуының әлеуметтік емес сипатымен бір байланыста қарастырады.

Бала эгоцентризмінің арнайы орталық көздеріне қатысты, мәселен бала ойлауының синкретизмі туралы, Пиаже тіке және бір жақты тұрғыда: біздің алдымызда бала ойлауының қандай да бір сферасын бір-бірінен ажыратып тұратын ерекшеліктер емес, бала ойлауын тұтастай анықтап беретін ерекшеліктер түр дейді. «Сипкретизм дейді, — ол, — осылайша баланың бүкіл ақыл-ойын қамтиды».

«Баланың ақыл-ойын тәрбие факторларымсн қатар, ересектер балаға келетін басқа әсерлерден бөлектеуғе болмайды, бірақ бұл әсерлер балада фотография  із қалдырмайды, олар өзгеріске түседі, яғни оған ұрынатын тірі мәнмен түрін өзгертеді және оның субстанциясына енеді. Баланың осы психологиялық субстанциясын, басқаша айтқанда баланың ақыл-ойына тән құрылым мен қызметін, біз әрі сипаттауға және түсіндіруге тырыстық. Баланың тәжірибеге жабықтығы Пиаже үшін оның негізгі идеясымен байланысады.

Э. Блейлер «аутисгикалық ойлау» терминінің өзі көптеген түсінбеушіліктер әкелгенін атап өтті. Бұл түсінікке аутистикалық ойлауды шизофрениялық аутизммен жақындастыратын мазмұн қосуда, оны эгоистік ойлаумен теңестіруде. Сондықтан Э.Блейлер аутистикалық ойлауды шынайы және рационалдық ойлауға кқарама-қарсы ирреалистік ойлау деп атауды ұсынды. Амалсыз атын өзгертудің астарында осы атпен белгіленген жоғары сатыдағы түсініктің маңызды мазмұны жатқаны даусыз.

Имбециллің аутистикалық ойлауы реалистік ойлау сияқты қарапайымдатылған. Дамудың қандай төмен сатысында түрса да, оған тәуслсіз турғыда әрекет жасамайтын, ең алдымен, ақиқат дүіниеге мән бермейтін өмір сүруге қабілетгі адамды да, тірі жанды да кездестіре алмадым, сонымен қатар белгілі сатыдан төмен ұйымдастыруда аутистикалық функциялар болатынын көзіме елестете алмаймын.