Шаруашылықтың даму болашағы

Басқару әдістері басқарылатын объектіге әсер етуіне қарай жанама және тікелей әсер етуші әдістер болып бөлінеді. Тікелей әсер етуші әдістерді қолдану арқылы іс-әрекет нәтижесі бірден көрінеді, ал жанама әдістер арқылы жоғары нәтижелерге жету үшін арнайы жағдай туғызылуы тиіс.

Әрбір менеджер ұйымның барлық деңгейлерінде нақты жағдайға қарай қолданылатын әдістің түрін таңдап ала білуі тиіс, сондай жағдайда ғана басқару әдістерінің тиімділігі өз нәтижесін береді.

«Ақнұр» шаруа қожалығында әдістердің мәнін, маңызын түсіне отырып, басқару әдістерінің негізгі түрлерін өз қарамағындағы адамдарды басқаруда қолдана білген жағдайда болашақта көптеген табыстарға жетеді.

Әкімшілік-ұйымдастыру әдістерін қолдану жеке адамға және адамдар тобына жауапкершілік  міндеттер жүктейді, сонымен бірге оның нәтижесі талап етіледі.

Экономикалық әдістерді қолдану арқылы схемада көрсетілген элементтерді реттей отырып, адамдардың жұмысқа көзқарасын өзгертіп ынтасын арттырады.

Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жоспарына сай өндіріске жұмсалған барлық шығындардың орнын кіріспен толтырып, пайданың тұрақты болуын жоспарлап отыру керек. Ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, пайда, салық жүйесі, бағалы қағаздардан дивиденд төлеу, субсидия, дотация сияқты т.б. экономикалық тетіктерді пайдалану арқылы ұйым мүшелерінің еңбек ақыларын жоғарылатып материалдық мүддесінен шығу.

Бұл әдісті жүзеге асыру жолында еңбек етуші адамдар үшін қажетті әлеуметтік шараларды алдын ала жоспарлап және оны мезгілінде орындап отыру қажет. Әлеуметтік шараларға мыналар жатады: адамдардың білімін, мәдениетін жетілдіру, мәдени қызмет көрсету шаралары, медициналық қызмет, мектеп, кітапхана, бала бақша, тұрмыстық қызмет мекемелері.

Сонымен бірге әдепті қырым-қатынас, келіссөздер жүргізу тәртібі, келісімпеушіліктерді шешу ережелері мен жолдарын білу. Осындай жағдайлар арқылы адамдарға ықпал етіп олардың жұмысқа ынтасын арттыру керек.

Кәсіпорында жұмыс атқаратындардың әрқайсысы – жеке адамдар. Басшы жеке тұлға ретінде әрбір адамның ерекшеліктеріне көңіл аудара білуі тиіс. Ұжымдағы жайлы психологиялық климат еңбек өнімділігінің артуына әсер етеді. Сондықтан ұйымның табысқа жетуінде әлеуметтік-психологиялық әдістердің атқаратын ролі зор.

Келешекте шаруа қожалығында басқару әдістерін тиімді қолдана отырып, еңбек өнімділігін арттырып, әрбір қызметкердің жеке тұлға ретіндегі ролін күшейту арқылы шаруашылықта өнімдердің әрбір гектардан түсімділігін, мал өнімділігін жоғарылату арқылы өндіріс тиімділігін арттыру көзделіп отыр. Шаруашылықтың алдағы уақыттағы мақсаты  өндіріс көлемін кеңейту, шаруашылыққа қосымша жұмыс күшін алу және өндірілетін өнімдердің түсімділігін арттыру,  мал басын көбейту.

11-кесте “Ақнұр” шаруа қожалығында мал өнімділігін арттыру жоспары

Көрсеткіштер2006-2008жж. орташа көрсеткіш2011ж.

жоспар

2011ж.

өсім %

әрбір сиырдан саылған сүт,кг23602502106
10сиырдан алынған төл, бас89107,2
әрбір қойдан қырқылған жүн, кг3,03,5115,2
100 саулықтан алынған төл, бас101106107,1

Өнім өндіру 2006 жылмен салыстырғанда 2011 жылы сүт өнімділігін 6

пайызға, қой шаруашылығы бойынша өнімділікті 15,5 пайызға арттыру көзделіп отыр. Өнімділікті арттыру малдардың тәуліктік қосымша салмағын көбейту, малдарды күтіп-бьаптау шараларын жақсарту және малдарды толық рационға сай азықтандыру шаралары орындалған жағдайда жүзеге асады.  Болашақта мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту үшін мал шаруашылығының дамуының аса бір маңызды шараларының бірі жем-шөп базасын жақсарту және мал азығын ұтымды пайдалану. Сонымен қатар мал шаруашылығының тиімділігін көтеруде мал тұқымының сапасын жетілдіру маңызды роль атқарады.

Мұндай жағдайда мал шаруашылығында сұрыптау, мал тұқымын жақсарту(селекция) жұмысын

күшейтудің маңызы зор. Малды азықтандырудың түрлері мен дәрежесі оның өнімділігіне және өнімнің сапасына әсер етеді. Азық құрамында қоректі заттар түгелдей жеткілікті болса, малдың өнімділігі артады, өнімнің өзіндік құны кемиді.

12-кесте Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру

(бір гектардан центнер)

Көрсеткіштер2006-2008жж. орташа көрсеткіш2011ж.

жоспар

2011ж.

өсім %

Астық11,212,9115,8

Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын

арттыруды қолдауға арналған қаражат, себілетін тұқым сапасының жақсы болуы, егіс алқаптарында ауыспалы егісті қолдану, яғни белгілі бір алқапта ұдайы бір дақыл түрін еге беруге болмайды, бұл түсімділіктің нашарлауына әкеп соғады. Сондай-ақ топырақ-климат жағдайларын ескеру, топырақ құнарлығын сақтау мақсатында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, егістерде дәнді дақылдардың аурулары мен арамшөп өсімдіктерінің таралуын азайтуды жүзеге асыру керек. Сонда ғана ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыруға мүмкіндік болады.

«Ақнұр» шаруа қожалығында егіншілік даму үстінде. Болашақта егін шаруашылығын бұдан да жоғары дамыта түсу мүмкіндігі бар. Егін шаруашылығында жоғары табыстарға жету үшін егін алқабының бір гектарының түсімділігін арттыру керек. Бидайдың, көкөністің және картоптың түсімділігін арттыру үшін тыңайтқыштарды қолдана отырып, агротехникалық шараларды орындау арқылы жердің құнарлылығын жақсарту керек.

Өсімдік шаруашылығында жоғарыда аталған шараларды орындау арқылы келешекте дақылдардың түсімділігін арттыру көзделіп отыр Осы аталған шаралар сияқты басқа да тиімді шараларды қолдану негізінде 2011 жылы мынандай жетістіктерге жетуге болады. Шаруашылықта астық өнімділігін алдағы жылдары 15,8 пайызға арттырып, әр гектардан 12,9 центнерден өнім алу жоспарға алынып отыр.

13- кесте  Шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігі

Көрсеткіштер2006-2008жж. орташа көрсеткіш2011ж.

жоспар

2011ж.

өсім %

өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен түсім, мың теңге 

1080

 

1263

 

111,7

өсімдік шарушылығы өнімдерінің толық өзіндік құны, мың теңге 

1009

 

1115

 

110,5

Пайда (+), зиян(-), мың теңге521482,8 есе
Рентабельділік деңгейі %5,113,22,6 есе
Мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен түсім, мың теңге 

1204

 

1357

 

112,7

Мал шаруашылығы өнімдерінің толық өзіндік құны, мың теңге 

1180

 

1270

 

107,6

Пайда (+), зиян(-), мың теңге24873,5 есе
Рентабельділік деңгейі %2,06,83,4 есе
Барлық өнімдерді сатудан түскен түсім, мың теңге 

2284

 

2560

 

112,1

Барлық өнімдердің толық өзіндік құны, мың теңге 

2208

 

2409

 

109,1

Пайда (+), зиян(-)761512 есе
Рентабельділік деңгейі %3,46,32 есе

Ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіруде және өңдеуде кластерлік

жүйені белсенді пайдалану қажет. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қажетті құрал- жабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етілуі ауыл шаруашылығының дамуына үлкен әсер етеді. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігін пайдалану қажет.

Соған орай ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіру

үшін мемлекеттік қолдау қажет. Тиісті шараларды қолдану нәтижесінде ғана шаруашылықтың рентабельділігі келешекте (2011ж.) екі есеге жуық артады.