Аграрлық өндірісті басқарудағы шет ел тәжірибелері

Басқару әдістерін қолдана отырып, мемлекеттегі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан басқаруды жетілдіре түсудің алатын орны бөлек. Басқаруды біздің елімізде дамыту және жетілдіру жолдарында кездесетін қиындықтардың көбі аймақтардың – әлеуметтік дамуының әркелкілігімен, табиғи байлықтардың түрліше шоғырлануымен, демографиялық сәйкессіздіктерімен және тағы басқа да себептермен түсіндіріледі. Осы себептерді ескере отырып және қазіргі қалыптасқан шетелдік тәжірибелерді талдай келе, қарастырылып отырған мәселелерді шешуге болады.

Экономикалық ынтымақтастықты және дамытуды басқару деңгейін үшке

бөліп қарастыруға болады:

  • орталық мемлекеттік;
  • аймақтық яғни, АҚШ-та – штат, Швецарияда – кантон, Канадада,

Нидерландыда – провенция, Жапонияда – префектура, Люксембургте – дистрик, Ирландияда – графтық, Швецияда – ландар, Германияда – жерлер, Францияда – департамент, Қазақстанда – облыстық және аудандық әкімшіліктер және тағы басқалары.

  • барлық ұсақ әкімшілік – аумақтық субъектілер біріккен жергілікті

органдар.

Жергілікті басқаруды дамыту билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді

ажыратуда, одан кейін билік тармағын төменгі деңгейге жеткізуде және өзін-өзі басқаруда жергілікті халықтың талаптарының орындалуына қызмет етеді.

Әлемдік тәжірибеде жергілікті өзін-өзі басқарудың үш үлгісі бар. Олар: англосаксондық, континентальдық және кеңестік.

Бірінші үлгі Ұлыбританияда, АҚШ, Канада және Австралияда кең тараған. Бұл елдерде жергілікті өкілетті органдар өздерінің өкілеттіліктері шегінде ресми түрде билік ете алады және төменгі органдардың жоғары тұрған органдарға тікелей бағыныштылықтары болмайды. Сонымен бірге, әкімшілік – аумақтық бөлімде халық сайлаған өкілетті органдарға орталық үкімет тарапынан көмек көрсететін органның жоқтығы да осы англосаксондық үлгіге тән. Жергілікті органдардың іс-әрекетіне бақылау жасау англосаксондық үлгімен дамыған елдерде жанама жолдармен, мәселен, орталық министрлік және сот арқылы жүзеге асады.

Шетелдік ғалымдардың басым көпшілігі жергілікті органдардың саяси жүйедегі орны мен роліне талдау жасағанда оның мемлекеттік басқару механизмінің құрамдас бөлігі екендігіне көп көңіл бөледі.

Әлемнің көптеген елдерінде континентальдық үлгі кең тараған. Континентальды Еуропада, Африкада, Латын Америкасында, Таяу Шығыста континентальдық үлгі кең тараған. Ол жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей мемлекеттік басқарумен ұштастыруға негізделген. Осы жағынан келгенде Француз Республикасының басқару үлгілеріне ерекше тоқтала кету дұрыс деп санаймыз, өйткені ол мемлекеттік құрылымы және басқару формалары жағынан біздің елімізге ұқсас.

Франция–жоғары дамыған индустриалды және орталықсыздандырылған унитарлы мемлекет. Ол өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша әлемде 4-ші орынға ие. Жергілікті жерлерде не аймақтық парламент, не аймақтық үкімет жоқ. Континентальды үлгі алғаш Франция елінде ашылған.

Континентальдық үлгіде орталық билікке жергілікті агенттердің тұтасымен қызмет етуі басқарудың иерархиялық пирамидасын еске түсіреді. Францияның басқару жүйесіндегі өкілетті органдар аумақтық кешен ретінде заңды мәртебесі әкімшілік – аумақтық бөлімдерден ғана құралады. Онда 80-жылдардың басында болған реформадан кейін әртүрлі деңгейдегі жергілікті органдардың арасындағы бір-біріне бағыныштылық дәрежесі біршама төмендеген.

Франция аймақ құрамы – бірнеше департаменттен тұратын, аумақтық құрылым. Ал теңіз жағасында орналасқан департаменттердің әрқайсысы өз алдына жеке аймақ болып табылады. Әр аймақта экономикалық даму аумақты көркейту жұмыстары жоспарланады және жүзеге асырылады. Осы үрдіс біздің еліміздің де тәжірибесіне енгізіліп келеді. Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдардың негізгі функцияларының бірі жоспарлау болып табылады.

Францияда 1961 жылы әкімшілік бірлік болып құрылған аймақтар, 1972 жылы ашық құқықтық құрылым, ал кейін 1982 жылы жергілікті ұжым мәртебесіне ие болды. Оны құрылған кезінен бастап негізгі аумақтық буын болып табылатын және мемлекеттік функциялардың жергілікті деңгейде орындалуын қамтамасыз ететін департамент басқарады. Қазірде ол мемлекет қызметін орындайтын әкімшілік бірлік, оған префект басшылық етеді, сонымен бірге жеке автономиялы ұжым болып табылады. Бұл ұжымға бас кеңес басшылық етеді. Әр департаменттің құрамында орта есеппен алғанда 4 округ бар. Ал округ жергілікті ұжымның құрамына енбейтін әкімшілік бірлік. Оған басшылық ететін супрефект мемлекеттің жергіліктегі жерлердегі ресми өкілі.

Австрия, Германия, Жапония елдерінде әрі анлосаксондық, әрі континентальдық үлгілермен дамып отырғаны басқарудың аралас формасын білдіреді. Федеративті мемлекеттердің басым бөлігінде жергілікті органдардың іс-әректінің құқықтық негізі конститутция мен заң актілерінен құралады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында жергілікті органдардың функцияларын тек қана штаттар реттеп отырады. Онда жергілікті органдардың дербестігі мен тәуелсіздігі 1868 жылдан бастап қалыптасқан. Басқаруды реттеу дәрежесі барлық шататтарда бірдей болғанымен, өздеріне сай бірқатар өзгешеліктері бар. Ондай өзгешеліктерді екі топқа бөліп көрсетуге болады.

Бірінші топқа, жергілікті органдарға қатысты бірнеше заң нормалары штаттың конститутциясында көрсетіліп және сол нормативтер арқылы жергілікті органдардың іс-әрекеттері реттеліп отыратын шататтар жатады.

Ал екінші топтағылардың басқару мәселелерін реттеудегі өкілетіктері басқа штаттарға қарағанда кеңірек болып келеді. Осыған қарама-қарсы мысал ретінде Мексиканы келтіруге болады. Оның Үндістан, Германия, АҚШ және басқа да федеративті мемлекеттерден айырмашылығы өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекетін реттеу тек қана ұлттық конститутциямен реттеліп отырады. Ал жергілікті өзін-өзі басқаруды конститутциялық реттеу унитарлық елдерде әр түрлі болып келеді.

Кез-келген елде жергілікті өзін-өзі басқару туралы ережелер ағымдағы заңдармен реттеліп, жаңарып отырады. Жергілікті басқарудың маңыздылығын барлық елдерге бірдей деп есептейміз. Соның ішінде экономиканы алдыңғы

қатарда дамыған мемлекеттерде оның жүзеге асуына баса назар аударылады. Мысалы, Германияда мемлекет мен аймақтар арасында функцияларды бөлу негізгі үш сала бойынша жүзеге асады. Олар: жоғары оқу орындарын кеңейту және олардың құрылысы, аймақтық экономикалық құрылымды және ауыл шаруашылығы саласын жақсарту. Германияда әр жер өз конститутциясы негізінде жұмыс істейді.

Шетелдік тәжірибелерді талдаудың маңыздылығы бізге өз елімізде басқару мәселесі төңірегінде жасалып жатқан жұмыстарға аса назар аударуға мүмкіндік береді. Басқаруды одан әрі демократияландыру мақсатымен құрылған Ұлттық кеңестің кезекті отырысында 2001 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру мәселелері» жөніндегі комиссияның дайындаған тұжырымдамасы қаралды. Онда «Жергілікті мемлекеттің өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерту енгізудің мақсаты – шаруашылылық салаларындағы көптеген өкілеттіліктерді жергілікті жерлерге бере отырып, орталықтың күш жігерін реттеуші функцияларға қарай шоғырландыру болып табылады. Бұл орайда шаруашылық салаларындағы жекелеген функцияларды, кейбір реттеуші және бақылау – қадағалау функцияларын, сол сияқты жекелеген қызмет түрлеріне лицензия бруді республикалық деңгейден жергілікті деңгейге алмастыру шаралары жүзеге асырылмақ.

Басқарудың төменгі буынындағы әкімдердің жергілікті маңыздығы мәселелерді шешудегі дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту және селолық бюджеттерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында алдағы уақыттарда мынадай шаралар жүзеге асырылмақ. 2004 жылдан бастап заңды тұлға мәртебесін бере отырып, ауыл аудан, сондай-ақ қалалардағы аудандар әкімдерінің апараттары құрылатын болады. Жалпы басқару деңгейінің әрқайсысының қызметтік міндеттерін нақты айту оңай емес. Сарапшылардың пікіріне қарағанда 2,5 мыңнан астам мемлекетік функцияларға талдау жасау керек.

Қазіргі уақытта жергілікті басқарудың функциялары мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік тәсілдерінің бір-біріне сай келуіне негізделген.

Еуропалық одақ құрамындағы елдерде аймақтық басқарудың жаңа тәсілдері қолданылады. Онда аймақтардың жеке дамуына мүмкіндіктер қарастырылып, жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге көп көңіл бөлінген. Мұндай механизмнің мақсаты – аймақтық ішкі потенцияларын ынталандыру болып табылады.

Қазақстанда экономикалық орталықсыздандырудың басты бағыттары аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамулары бойынша құқықтары мен жауапкершіліктерін кеңейту. Республикалық биліктен аймақтарға көрсетілетін көмек ең алдымен заң болып табылады. Мысалы, аймақтардағы инвестициялық банктер мен қорлардың нормативі – құқықтық қамтамасыз етілуі оларға қаржыларды резервтеуге, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Аймақтардың инвестициялық белсенділігіне әсер ететін заң шеңберіндегі мүмкіндіктері негізінен салық пен салықтық жеңілдіктерді белгілеумен, тендерлер, инвестициялық конкурстар өткізуді реттеу мен табиғат ресурстарын пайдалану тәртібін белгілеумен байланысты. Мұндай жағдайда инвестициялық ресурстарды айырбастау, соның ішінде жерді, суды және басқа да табиғат ресурстарын пайдалану құқығына ие аймақтардағы әкімшіліктер аймақтың инвестициялық нарығының инфрақұрылымы ретінде қарастырылады.

Аймақтардағы инвестициялық жағдайға орталықсыздандыру көп әсер етеді. Соңғы кезде республика бойынша бюджет көздерінен қаржыландыруды қысқарту, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаржыларының үлес салмағын арттыру, сонымен бірге, шетелдік инвестицияны пайдалану кеңінен үрдіс алып келеді.

Жергілікті басқарудың шетелдік тәжірибесінде жүргізілген талдаулар нәтижесі аталған мәселе бойынша мол жетістіктерге қол жеткізуге болатынын дәлелдейді.