Нарықтық қатынастарды жетілдіру жолындағы басқару әдістерінің маңызы

Нарықтық қатынастар жағдайында басқару әдістері мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылымның барлық салаларындаында қолданылып, аз шығындар мен барынша жоғары тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан басқару әдістерінің түрлерін қолдану барлық кәсіпорындарды және оның барлық деңгейлерін қамтуы тиіс. Басқару әдістерін қолдану, ең алдымен адамдарға ықпал ету, яғни қазіргі заманғы нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс атқаратын адамдарға билік ету қажеттілігін көрсетеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық өнімдерді өндіру халық шарушылығының басқа салаларына қарағанда толып жатқан ерекшеліктерімен күрделі. Сол себептен, қазіргі ауыл шаруашылығындағы әлі жалғасып отырған дағдарыс пен өндірістегі өзгерістерді ғылыми тұрғыдан анықтау және талдау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы ғылымы жаңа бағытта даму үстінде.

Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлде қайда сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді.

Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс бағытындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне негізделген тәуелсіздігі болып табылады. Нарықтық экономикаға ауысуына байланысты аграрлық секторда өндірісті басқаруда, еңбекті ұйымдастыруда үлкен өзгерістер болуы заңды жағдай, сонымен бірге өндірістік бөлімдерді ұйымдастыру және ықпал ету түрлері де өзгеруде. Шаруашылық субъектілерін жүргізудің экономиканы жақсарту, өндіріс процесін нарықтық қатынастарға бағыттау, шаруашылық түрлері мен меншік формалары, олардың нәтижесі яғни рентабельділігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жағдайына тікелей әсер етеді.

Шаруашылық меншіктердің жаңа түрлері мен өндірісті ұйымдастыру және дамуын жетілдіру, коммерциялық және ішкі фирмалық есепті кеңінен қолдануға ықпал ететін нарықтық басқару әдісінің алғы шарттарын құрайды.

Ауыл шаруашылығын нарықтық экономикаға сай дамыту жолында нарықтық қатынастарды өркендетудің ең басты кепілі маркетинг қызметін қолдану болып табылады.

«Маркетинг» сөзі ағылшынның «market» (нарық) деген сөзінен шыққан. Маркетинг өндіру — өткізу қызметінің нақты тұтынушыға бейімделген тұтас басқару жүйесінен тұрады. Дүние жүзінде жылына маркетингке миллиардтаған доллар жұмсалады, ол тауар мен қызмет түрлерінің бағасының жартысын құрайды. Соңғы кезде елімізде ірі маркетингтік ассоциациялар құрылуда, олардың ролі интеграция жағдайын үнемі арттыруда.

Маркетингтік мәселелер жайында арнайы басылымдар ұлғаюда, маркетингтік стратегияны жүзеге асыруда ғылыми симпозиумдар мен конференциялар өткізілуде, бұл салада мамандардың кәсіби дәрежелерін көтеруде және дайындауда көптеген институттар мен факультеттер жұмыс істеуде. Бірнеше ондаған жылдар бойы дамыған дүниежүзілік елдер бірлестіктерінде маркетинг барлық саладағы қызметерді басқарушы мамандармен экономистерді дайындаудағы міндетті элементтерінің бірі болуда.

Нарықтық экономика жағдайында «маркетинг философиясын нарықтық қатынастардың ықпалды реттеуші механизмі» ретінде танып және мойындауымыз қажет.

Шет елдердегі қалыптасқан маркетингтік ұйымдарды тұтастай сол қалпында қолдануға болмайды, себебі республикамызда қазіргі кезде нарықтық экономиканың негізі қалануда, нарықтық шаруашылықтың негізі және механизмі мен тетіктері құрылуда.

Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіруші мен тұтынушының арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы құрылымдары, өнімдердің түрлері және басқа да көптеген шаруашылық парамертлері жоспарланады. Бұл жағдайда өндіріс және тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар анықталып, дамиды.

Осындай жоспарлы бағыт-бағдар мен тапсырмалар нарықта сұраныс аен ұсыныс және кәсіпорындардың келісімдері арқылы нарықтық қатынастар арқылы белгіленген жоспардың жүзеге асуына мүмкіндік туады себебі, өндірілген өніммен оған жұмсаған еңбектің қоғамдық қажеттілігі туындайды.

Өндіріс құрал-жабдықтары айналасының ерекше бір түрі – ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу. Агроөнеркәсіптік бірлестіктер жоспарлы сатып алу көлемін мемлекеттік тапсырыс ретінде аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерге жібереді. Ол жеке шаруашылықтарда белгіленген баға бойынша келісім шарт негізінде анықталады.

Нарықтық қатынастарды дамытудың басты шарттарының бірі – нарықты сапалы тауарлармен толтыру және қызмет көрсету, сервисті толықтыру және жақсарту.

Нағыз нарықтық қатынас дегеніміз өте күрделі кең көлемді түсінік, ол мемлекеттік, кооперативтік және жеке саудалардың бәрінде жүреді.

Жалпы нарықтық қатынастар дамуы үшін оған қажетті экономикалық жағдай болуы тиіс.

Мысалы:

  • нарықта қызмет етуші делдалдардың толық дербестігі және тәуелсіздігі

қамтамасыз етілуі тиіс, олар экономикалық жауапкершілік бойынша үйлесін табуы қажет;

  • нарықтық экономика дегеніміз тең құқықты серіктестіктер арасындағы

шарт және мәселелер экономикасы, мұнда нарықтық инфрақұрылымдарға арқа сүйейтін, деңгейлес байланыстар жүйесі жақсы дамыған болуы керек, сонымен бірге халық бағалайтын күшті заңдар жұмыс жасауы қажет.

  • инфляцияға қарсы жан-жақты ойластырылған, экономикалық тұрғыдан

негізделген шаралар жүргізу өте қажет.

Аграрлық нарықтық қатынастар туралы ең алдымен оның әлеуметтік-

экономикалық мазмұнын, сондай-ақ оның негізгі құрамдас жүйелері болып табылатын меншік қатынастарын, шаруашылық жүргізу формаларын, ұдайы өндіріс процесінде туындайтын қатынастар мен әлеуметтік аспектісін қарастыру керек. Аграрлық қатынастар осы мәселелерді жүзеге асыратын субъектілердің өзара тиімді байланысы және оның нәтижелілігі арқылы жүзеге асырылады. Олардың мақсаты қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады, ол оның объектісі — өндірілген игілігін оның ұдайы өндірістік процесі.

Өндірістік жүйенің мақсаты – барынша жемісті нәтижеге жету. Бұл жерде оның нәтижелілігі мен қажеттілігі, біріншіден, өнім өндірушінің, екіншіден тұтынушылардың көзқарасы тұрғысынан бағалануы керек.

Қажетті нәтижеге жеткізетін өндірістік қимыл әрқилы түрлерден тұрады: өндірістік дайындау, өндірістік үрдіс және өнімді өткізу. Аталған түрлерді жіктей келе, былайша бөлуге болады: өндірісті дайындауда – ғылыми зерттеу және тәжірибелік –конструкторлық жұмыстар (ҒВТКЖ), заттық өнімдер және қызметтер, ресурспен қамтамасыздандыру (кадрлық, материалдық, ақпараттық), қаржыландыру, технологиялық дайындауды жүзеге асыру, өндірістік үрдісте жұмыскерлерді орналастыру, жұмыс орындарын, машиналарды, жабдықтарды материалдық-техникалық және энергетикалық жағынан қамтамасыз ету, еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау, тікелей жұмыс үрдістерін жүзеге асыру, өнімді өткізуде – қораптау, тиеу, түсіру, тасымалдау және қоймаларға жеткізу жұмыстары, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету, өткізуді жақсартатаны басқа да шаралар қолдану.

Нарықтық инфрақұрылым ауыл шаруашылығы тауарлары нарығының бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. Оған жататындар:

  • сауда үйлері, банктік құрылымдар, брокерлік және сақтандыру

компаниялары, тауар биржалары, консалтингтік, ақпараттық және маркетинг орталықтары.

  • тауар биржалары – астық, астық өнімдері, сүт өнімдері, өсімдік майы, ет,

ет өнімдері, т.б. түрлері болуы мүмкін.

Биржалар – стандарттар мен үлгілер бойынша тұрақты көтерме саудамен

жұмыс істейтін сұраныс пен ұсыныс бір жерде туындайтын нарықтың дамыған түрі. Биржалар шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарын жүзеге асыруға және шет ел сауда ұйымдарымен экономикалық байланыстар орнатуға ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы нарықтық инфрақұрылымы дегеніміз өндірушіден тұтынушыға өнімнің тез жетуін қамтамасыз ететін, сауда келісімдерін жасауға қызмет көрсететін өнімдерді сату операциялары мен сауданы реттейтін нарықтық механизммен тең түсетін ұйымдар жиынтығының жүйесі.

Ауыл кәсіпкерлері маркетинг мәселелерін толық меңгерумен бірге, ауыл шаруашылығы өндірісінде маркетинг қызметін пайдалана білгенде ғана кәсіпорын көздеген мақсатына, мол табыстарға жетеді.