Шаруашылықтың табиғи жағдайы және өндіріс ресурстарын пайдалану деңгейі

«Ақнұр» шаруа қожалығы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. Шаруашылық 1995 жылы отбасылық шаруа қожалығы болып құрылып, қазіргі таңда өндіріс көлемі едәуір ұлғайып, отбасы аралық шаруашылыққа жатады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі бірқатар табиғи жағдайларға тәуелді, олардың ішінде аса маңыздылары — ауа райы, топырақтың қасиеті, құрамы ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің құрылымы.

Табиғи-шаруашылық жағдайларды ескере отырып, жеке аймақтың ауыл шаруашылығы өндірісінде жер негізгі құрал болып саналады. Шаруашылықтар көлемінің өсуі жердің аумақтық көлеміне байланысты, тым ауқымды көлемі басқарудың әлсіреуіне әкеледі.

Өндіріс процестері маусымды. Олар өнеркәсіптегі сияқты стандарттау мен автоматтандыруға келмейді, бұл да өндірістің шоғырлануына шектеу қояды.

Ауыл шаруашылығы жергілікті, аймақтық ерекшеліктердің алуан түрлілігімен, ауа райы, климаттық жағдайлардың болжауға келмейтіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан өнеркәсіптегі сияқты өндірістің технологиясын күні бұрын жобалауға болмайды. Өндіріс барысы, оның нәтижелері өзге салаларға қарағанда қызметтің жеке қасиеттеріне көбірек байланысты.

Жағрафиялық және табиғи климаттық жағдайы өнім өндіру ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және елдің өнеркәсіп орталықтарына азық-түлікті жеткізу бойынша алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі ретінде белгілі.

Облыс шаруашылықтарын мамандандыру бірқатар аймақтардың табиғи ресурстарын комплексті пайдалану негізінде жүзеге асырылып келеді.

Мысалы, мал шаруашылығында бір жағынан биік таулы аймақтарда өсетін әр түрлі шалғынды өсімдіктерге бай жазғы тау жайылымдары пайдаланылса, екінші жағынан, тау бөктеріндегі қысқы жайылымға бай құмды мекендер пайдаланылады.

Алматы облысының табиғи жағдайы ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысқанға өте қолайлы. Шаруашылықта соңғы жылы пайда өсімдік шаруашылығынан түсіп отыр.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде жер негізгі өндіріс құралы болып есептеледі. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең маңызды ерекшелігі — жер басқа өндіріс құралдары сияқты адам еңбегінің жемісі болып табылмайды, оның территориялық жағынан шектеулілігінде, оның өзгермейтіндігінде, топырақ құнарлылығының әр түрлілігінде, жердің дұрыс пайдаланғанда ғана өзінің қасиетін жақсартады.

«Ақнұр» шаруа қожалығының жер қорын анықтау үшін келесі кестені талдаймыз.

1-кесте  «Ақнұр» шаруа қожалығының жер көлемі

Көрсеткіштер

2006

2007

2008

га

%

га

%

га

%-

Жалпы жер көлемі

720

100

720

100

710

100

Егістік

110

15,3

110

15,3

114

16,0

Шабындақ

90

12,5

90

12,5

85

12,0

Жайылым

520

72,2

520

72,2

511

72,0

Ал шабындық жерлердің көлемі керісінше — 2006 жылы 90 га. болса, 2008 жылы 5 гектарға кеміп,  85 гектар жерді құрап отыр.

Сондай-ақ шаруашылықтағы жайылым жерлерінің көлемі 2006 жылы 520 гектар жерді алып жатса, бұл көрсеткіш 1,4 пайызға азайып, 2008 жылы 511 гектар жайылым жерлері қалып отыр.

Ауыл шаруашылығының қандай саласы болса да, өнім өндіру үшін өндіріс құралдарын қолданады. Кез келген шаруашылық өндірісі даму үшін қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану керек.

Өндірістік қорларға көптеген заттар жатады. Өндіріске қатысу ерекшеліктеріне байланысты негізгі қорлар және айналымдағы қорлар болып екіге бөлінеді.

Негізгі қорларға шаруашылықтағы машиналар, қора-жай, ғимараттар өнім беретін ірі малдар, көп жылдық шөптер жатады.

Айналымдағы қорларға тұқымдық дән, мал азығы, жанар-жағар майлар сияқты бір жыл немесе бір өндірістік циклде толығымен пайдаланылатын құралдар жатады.

Кез келген шаруашылық өзінің қарамағындағы негізгі және айнымалы қорларды үнемі есептеп отыруы керек.

     Келесі кесте көрсеткіштері арқылы «Ақнұр» шаруа қожалығының негізгі қормен жабдықталуын қарастырамыз.

2-кесте  Шаруашылықтағы құрал – жабдықтар

Көрсеткіштер 2006 2007 2008
Трактолар саны 2 2 2
Астық жинайтын комбайндар 1 1 1
Сепкіш құралдары 1 1 1
 Тырмалар 2 2 2
Престер 1 2 2
Минералды тыңайтқыш шашқыш 1 1 1
Сауын құралдары 2 2 3

Көрсетілген кесте мәліметтері бойынша шаруашылықтағы құрал-жабдықтар құрамы өзгермегенін байқауға болады. Соңғы жылдары жаңа техникаларды мүлде алмаған, тек сауын құралы 2006 жылмен салыстырғанда 1 данаға артқан.  Шаруашылықта басқа техникалардың саны сол қалпында қалып отыр. Негізінен жаңа техникаларды сатып алуға шаруашылықтың табысы жетпейді. Сондықтан қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану керек.

Қоғамның басты күші – адамдар. Қандай кәсіпорын болмасын, өндірістің нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан дұрыс назар аударылуы қажет.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әрқайсысында еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру жұмысын басқару мақсатында арнайы кеңес құрылуы, ал кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінде шығармашылық топтар құрылуы керек. Келесі кестеден шаруашылықтағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейін көруге болады.

3- кесте Еңбек ресурстары

Көрсеткіштер 2006 2007 2008

Шаруашылықтағы барлық жұмысшылар

20 20 22
Тұрақты жұмысшылар саны 10 10 11
Жетекшілер 1 1 1
Мамандар 3 3 3
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар 4 4 4
Өсімдік шаруашылығындағы жұмысшылар 2 2 3
Маусымдық жұмысшылар 10 10 11

Соңғы 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда шаруашылықтағы жалпы жұмысшылар саны 2 жұмысшыға артқан. Тұрақты жұмысшылар саны 1 адамға, маусымдық жұмысшылар саны 1 адамға артқанын байқауға болады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығындағы жұмысшылар саны 1 адамға артқан.

Шаруашылықта маусымдық жұмысшылар тек қана науқан кезінде жұмыс істейді, ал басқа уақытта оларға қажеттілік туындамайды.