Орталық Азия Экономикалық кеңістігі

Қазақстан экономикасын жандандырудың және оның дүниежүзілік қоғамдастықпен үйлесуін жеделдетудің маңызды факторларының бірі — Орталық Азия мемлекеттерімен тығыз экономикалык, байланыстарды орнықтыру.

Орталық Азия мемлекеттері халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, болмысы терең тамырлас. Бұл аймақта орналасқан мемлекеттердің территориясы 4 млн. шаршы км. Халқының саны 50 миллионная астам. Геосаяси орналасу артықшылықтары, ортақ шекаралары, бір-бірімен байланыстырып жатқан көлік және коммуникациялык, қатынастары бар, сондай-ақ, табиғи шикізаттар ресурстарының барланған мол көздері бар бұл мемлекеттердің экономикаларының өзара әрекеттесуін жолға қоюдың саяси және экономикалық болашағы зор.

Орталық Азия мемлекеттерінің дамыған таукен, түсті және қара металлургия, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, электроэнергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бар.

Орталық Азия аумағындағы интеграциялық процестерді тереңдету және кеңейту мақсатында 1994 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында Бірыңғай экономикалык, кеңістік жасау жөніндегі келісімге қол қойылды. Кейінірек аталған келісімге Қырғызстан қосылды. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық кеңесі құрылып оның жұмысшы органы — Атқарушы комитет тағайындалды. Сондай-ақ Премьер-министрлер және сыртқы істер, қорғаныс министрлері Кеңестері ұйымдастырылды. Орталықазиялық ынтымақтастық пен даму банкі құрылып, оның жарғылық қорына — Өзбекстан 918 мың доллар, Қазақстан — 833 мың доллар, Қырғызстан — 333 мың доллар салды.

Қаржы және төлем қатынастары шеңберінде ынтымақтастықты дамыту бағытында аталған банк сауда және басқа да операциялар жөніндегі көп жақты мемлекетаралық есептеулерді жүзеге асыруды, төлем жүйелері мен ақша аударуды орнықтыруды, сондай-ақ біріккен кәсіпорындар құруға көмектесуді, стратегиялық бағдарламаларды несиелеуді, жалпыаймақтық белгідегі объектілерді қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ, келісімде көрсетілген Ортақ рынокқа жылжу шаралары, әсіресе өзара сауда сферасында, орындалмай отыр. Мұның өзі бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ұлттық заң шығармашылығындағы айырмашылықтар және осы мемлекеттердің әрқайсысында қалыптасқан экономиканың ахуалы.

Істің шын мәнінде, Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларын уйлестіру жұмыстары күтілген нәтижелерге жете алмай, артқан үміттерді ақтай алмай отыр.

Кедендік одак, 1995 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы будан сәл бурынырақ Ресей Федерациясы мен Бела­русь Республикасы құрған кедендік одаққа қосылды. Кейінірек аталған одақтың төртінші мүшесі болып Қырғызстан қабылданды. Мундай жауапты қадам “төрттіктен» ұлттык, заң шығармашылығы жуйелерін үйлестіру бағытында көптеген жумыстарды атқаруды талап етті.

1995 жылдың шілде айында Кедендік одақ құрудың бірінші кезеңі аяқталды. Одаққа мүше елдер арасындағы кеден алымдары жойылды, басқа елдердің тауарлары үшін біртектес кедендік алымдар белгіленді, экспорт, реэкспорт және импорт ережелері сәйкестендірілді, Кедендік одақ елдері үшін жеңілдіктердің бірыңғай жүйесі қабылданды.

Қазіргі кезде Кедендік Одақ құрудың екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Дегенмен, Кедендік Одақ шеңберіндегі қызметтер көптеген айтыстартыстар туғызуда.

1998 жылы қаңтардың 22-сінде Мәскеуде Мемлекетаралық кеңеске муше — Қазақстан, Қырғызстан, Бела­русь республикаларының және Ресей Федерациясының Президенттері кездесті. Мемлекет басшыларының жоғары

дәрежелі бул кездесуінде төрт мемлекет арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға негізделген мәселелер төңірегінде ортақ уағдаластыққа қол жеткізілді. Оның көпшілігі кеден тәртібі мен кедендік алымдарға тікелей қатысты. Атап айтк,анда, Кеден одағына қатысушы елдердің жалпы кедендік тарифі, акциздік салық саясатын үйлестіру, салык, қызметінде өзара әрекет етудің негізгі принциптерін анықтау, көлік одағын қалыптастыру, Кеден Одағына кіретін мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттік жуктерді тасымалдду шарттарын ыңғайластыру және кеденнен өткізілетін тауарларға қужат дайындау тәртібін жеңілдету туралы мәні мен маңызы зор мәселелер жөнінде шешімдер қабылданды.

Мемлекет басшыларының бул кездесуінде қызу талқыланып, қолдау тапқан басқа мәселелер де болды. Ол Н. Назарбаевтың тікелей жетекшілігімен дайындалған Бірыңғай экономикалық кеңістік қуру туралы шарт жобасы еді. Бул жобаны дайындау барысында Президент Батые Еуропаның, Солтустік Американың, тағы басқа мемлекеттердің өзара интеграциялық байланыстар жасаудағы тәжірибелерін жан-жақты зерттеуден өткізген. Ол Еуропалық одақтың тарихи базасы ретінде құрылмақшы. Өйткені, Еуропалық одақ дүниеге келгеннен бері өзінің өмірлік мәні зор екендігін көрсете білді. Тиімділігі зор, тәжірибесі көп.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің басты міндеттеріне: мемлекеттер арасындағы ортақ рынокты қалыптастыру, импорт және экспортқа шығарылатын тауар турлерін шектеуді жою, осыған байланысты заңдық қужаттар мен нормативтік актілерді жақындастыру болып табылады. Жоба бойынша булар алты жылда ретке келтірілуі тиіс. Әрқайсысы үш жылдан екі кезеңге бөлінген. Еуропалық одақтың кезеңі 12 жылға созылады.