Мұхит ағыстары

Үздіксіз қозғалыста болу –мұхит суы ерекшеліктерінің бірі. Жюль Верннің белгілі романындағы «Наутилус» атты сүңгуір қайықтың ұраны «Тымық судағы қозғалыс» деген сөз болуы тегін емес.

Судың бетінен түбіне дейінгі бүкіл қабаты қозғалыста болады. Мұхит суын қозғалысқа келтіретін көптеген себептер бар. Олардың ең бастысы-жел. Бұлар мұхит суының бетін горизонталь қозғалуға, яғни ағыстардың түзілуіне мүмкіндік туғызады. Температура мен тұздылықтың айырмашылығы да ағыстардың тууына себепші бола-ды, мұның өзі судың тығыздығын өзгертіп, ағын туғызады, осының нәтижесінде мұхит суының бүкіл қабаты қозғалысқа келеді.

Ағыстардың бағыты желге ғана емес, сонымен бірге Жердің өз осінен айналуының ауытқытушы күшіне, мұхит түбінің жер бедеріне, материктердің пішініне де байланыс-ты. Ағыстар туралы негізгі мағлұматтарды теңізде жүзушілер өте ертеде-ақ анықтаға-ған. Кемелердің белгіленген бағыттан ауытқуы, шөлмек почта ағыстардың бағыты мен жылдамдығын анықтауға жәрдемдесті.

Беткі ағыстар қалыптасуының негізгі себебі жел болғандықтан, тұрақты желдер мен ағыстардың арасындағы байланысты анықтау қиын емес. Бұл байланысты Атлант мұхитының солтүстік бөлігін мысалға ала отырып қарастырайық. Солтүстік-шығыс пассат су массаларын батысқа қарай айдап, Солтүстік Пассат ағысын түзеді. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағасында екіге айырылады. Бір тармағы Экваторлық Қарсы ағысты түзеді, яғни судың бір бөлігі шығысқа қайтады. Пассат ағысының екінші тармағы Оңтүстік Американың шығыс жағасында судың деңгейін көтеріп, Гольфстрим ағысын түзеді. Ол су массаларын шығысқа қарай бағыттайтын батыс желдері соғып тұрған қоңыржай белдеулерге өтеді. Бұл су массаларын оңға қарай бұратын Жердің айналу күші де судың осылай қозғалуына себепші болды.

Қоңыржай және поляр ендіктеріне жылы су әкелетін Солтүстік Атлант ағысы осылайша пайда болады. Поляр және қоңыржай ендіктерден судың қайтуынан, сондай-ақ тереңдегі судың жоғары көтерілуінен Канар ағысы түзеледі. Сонымен, Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде судың сағат тілінің жүрісіне сай келетін алып айналма-лы қозғалысы пайда болады. Бұл мұхиттың оңтүстік бөлігінде де осындай көрініс байқалады. Оңтүстік Пассат ағысы Оңтүстік Америка жағасында Бразилия ағысына айналады да, одан әрі судың қозғалысын Антарктика ағысы жалғастырады және Бенгел ағысының қатысуымен судың тағы бір айналмалы қозғалысы пайда болады,бірақ ол оңтүстік жарты шарда қозғалыс солға қарай ауытқитындықтан, сағат тілінің жүрісіне қарсы бағытталған.

Негізгі ағыстардың осындай көрінісі Тынық мұхитта да байқалады. Мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсаса, Гумбольдт немесе Перу ағысы Бенгель ағысына ұқсайды және т.с.с. Географиялық орындарының ерекшеліктеріне қарай Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардағы ағыстардың көрінісі біраз басқаша болады.

Оңтүстік жарты шардағы қоңыржай ендіктерде Дүниежүзілік мұхиттағы ең күшті ағыс-айналмалы Антарктика ағысы немесе Батыс желдері пайда болады. Бұл ағыс арқылы бір жыл ішінде дүние жүзінің барлық өзендерінде ағып өтетін судан 200 есе көп мөлшердегі су ағады.

Сонымен, Дүниежүзілік мұхиттағы беткі ағыстардың таралуынан белгілі бір заңдылықты байқаймыз. Беткі ағыстардың жалпы схемасы тұрақты желдердің схемасына сай келеді. Пассаттар су массаларын батысқа қарай айдаса, қоңыржай белдеулердің батыс желдері оларды керсінше-шығысқа қарай бағыттайды, бұл жағдай-да Жердің өз осінін айналу күші солтүстік жарты шарда судың қозғалысын оңға қарай, ал оңтүстік жарты шарда –солға қарай ауытқуға мәжбүр етеді. Сондықтан ағыстар судың алып айналмалы қозғалысын туғызады.

Әрбір мұхитта жалпы схемаға енетін ағыстардан басқа, өзінің де ағыстары болады. Олардың бағыттары мұхиттың географиялық орнына, көлеміне және басқа да жергілікті жағдайларға байланысты.

Ағыстар мұхитта жылудың бөлінуіне зор ықпал етеді. Олар мұхит пен атмосфераға жылуын тропиктік белдеулерден қоңыржай белдеулерге жеткізеді. Бұл рольді атқара-тын басты ағыстар Гольфстрим мен Куросио болып табылады. Суық және жылы ағыс-тар бір-бірімен көбіне қоңыржай белдеулерде кездеседі. Осының нәтижесінде қасиетте-рі түрліше судың түйісу аймақтары пайда болады, құйындар туады. Бұл құбылыстар мұхит үстінде қалыптасатын ауа массаларының қасиеттеріне әсер етеді, одан соң қоңыржай белдеуде жатқан құрлықтың ауа райынан да байқалады. Әр түрлі елдердің океанолог ғалымдары ағыстарды зерттеу жөнінде бірлесіп жүргізетін зерттеу нәтижеле-рінің маңызды болатыны, міне осыған байланысты.

Мұхиттың географиялық орны климаттың қалыптасуына күшті әсер етеді . Мұхит климатының ерекшелігі-оның солтүстік бөлігінде маусымдық муссон желдері соғып тұрады. Мұхиттың бұл бөлігі субэкваторлық белдеуге орналасқандықтан, оған құрлықтың айтарлықтай әсері тиеді. Оңтүстікте мұхитқа Антарктиданың суық ағысы әсер етіп, оның суын едәуір салқындатады;мұхиттың ең суық аудандары осында орналасқан.

Су массаларының қасиеттері климаттың ерекшеліктеріне байланысты. Мұхиттың жақсы қызатын әрі суық су құйылмайтын солтүстік бөлігі- оның ең жылы бөлігі. Мұндағы судың температурасы басқа мұхиттарың осындай ендіктеріндегі судың температурасына қарағанда жоғары(+300С-ге дейіе). Оңтүстікке қарай судың температурасы төмендейді. Тұтас алғанда, Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығы-на қарағанда, судың беткі қабатының тұздылығы жоғары болады, ал Қызыл теңізде ол ерекше жоғары(42‰-ге дейін). Мұхиттың солтүстік бөлігінде ағыстардың пайда болуы-на желдердің маусымдық ауысыуы әсер етеді. Муссондар судың қозғалу бағытын өзгертеді, оларды араластырады, ағыстар жүйесін өзгертеді.

Мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі ағыстар Дүниежүзілік мұхит ағыстары жалпы схемасының құрамдас бөліктері болып табылады.

Тынық мұхит батыстан шығысқа қарай өте созылып жатқандықтан, онда ендік су ағындары басым болады. Мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі су бетінде шеңбер тәрізді су ағыны пайда болады. Солтүстік бөлігінде судың қозғалысы Солтүстік Пассат ағынынан, Куросио, Солтүстік Тынық мұхит және Калифорния ағыстарынан қалыптасады. Батыс және оңтүстік-батыс желдердің әсерімен Солтүстік Атлантика ағысының жылы суының қуатты тасқыны Солтүстік Атлантикадан Мұзды мұхитқа құяды. Олардың мұхитқа бойлай енген жерінде қыста қатпайтын порттар орналасқан.

Евразия жағаларын бойлай аққан су батысттан шығысқа қарай жылжиды. Атлантиканың аса тұзды жылы суы Солтүстік Мұзды мұхиттың суық және тұздылы-ғы шамалы суымен салыстырғанда тығыз болады. Сондықтан жылы судың бір бөлігі шығысқа қарай қозғалған сайын тереңге бойлай береді. Беринг бұғазынан Гренлан-дияға дейін бүкіл мұхит арқылы су кері бағытта –шығыстан батысқа қарай қозғалады.

Мұхит ағыстары-су массасының горизонтальдық бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын теңіз ағыстары дейміз. Мұхит суының осындай үдемелі қозғалысы ондағы тіршілік үшін маңызы зор: жылудың таралуына,су айырбасына, мұздықтардың еруіне, жалпы зат пен энергия ауысуына және Жердің әртүрлі бөлігіндегі климаттың өзгеруіне. Мұхит суының бетіндегі жалпы су циркуляциясына байланысты Атлант мұхитында-экватордың екі жағында пасаттық, ал олардың аралығында антипасаттық ағындар пайда болады. Солтүстік пассат ағыны Гвинея шығанағында пайда болып , мұхитты кесіп өтеді де , Антиль аралдарында 2тармаққа бөлінеді: бір тармағы Мексика шығанағындағы Кариб теңізіне барып Кариб ағысына құраса, 2-ші Антиль аралы жағалауын бойлай Флорида ағысымен қосылады да Гольфстрим жылы ағысын құрайды. Ағыстың ені 75-120 км, жылдамдығы сағатына 10км,Саргасс жылы теңізін солтүстік ендіктен келетін суық ағыстан бөліп тұрады. 800-1200м тереңдікте ағыс бағытын өзгертіп қарама-қарсы бағыттағы Антигольфстрим ағысын құрайды-жылдамдығы сағатына 0,5-1,0 км.

Гольфстрим ағысының жылдық орташа температурасы 25-260С, тұздылығы орташа мұхит суы тұздылығынан жоғары 5‰ .

Тынық мұхиттың экватордан солтүстіктегі 10-220с.е аралығында Солтүстік пассат ағыны қалыптасады. Филиппин аралының батысында ол 3 тармаққа бағытталады.

1) бір тармағы пассат аралық қарама-қарсы ағынға құяды;

2) Зонд аралына бағытталады;

3) ең ірі тармағы жылы Куросио ағысын құрайды.

Жылы Куросио ағысының Гольфстримнен өзгешілігі сол-экваторлық суды толығымен қамтымайды; оның бір бөлігі Филиппин мен Формоза аралдары арасымен Қытай теңізіне, бір бөлігі Жапон теңізіне өтеді. Жылдамдығы тәулігіне 90-100 км болса да, онша көзге түсе қоймайды. Куросио ағысының шығыстағы шекарасын да айыру қиын; жыл мезгілдері бойынша да ағыс айырмашылығы байқалады: жаз айларында қыс мезгілімен салыстырғанда біршама солтүстікке қарай жылжиды, бірақ Жапония маңында ешқашан 400солтүстік ендіктен ары солтүстікке тарамайды.