Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі

Ұстаз шеберлігі дегеніміз — тек мұғалімнің жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді бойға сіңіруі, ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда «Ұстаз», «Тәрбиеші, «Мұғалім» деп қастерлі мамандық сыр сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады екен. Осы ұстаз өнегісінің, озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей — теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап- тілегін орындай алады.

Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де «сегіз қырлы, бір сырлы» қай жағынан да болса барша халықтан қош ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:

  1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;
  2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
  3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне  жақсы сақтай алатын;
  4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
  5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
  6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын  ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
  7. Қайда жүрсе де өте ұстамды;
  8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп,  шындықты,  әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;
  9. Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;

10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;

11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;

12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам;.

Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12 қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң мен әдеп-ғұрыптарға жетістік, іс-әрекеті осыларға сәйкес. Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандайда бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір — біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселерінің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады. Осындай қауымның барлық мүшелерінің іс — әрекеті жиналып келгенде олардың әрқайсында өмір сүру үшін және кемелділікке жету үшін керекті нәрсенің бәрін тауып беріп отырады. Міне, сондықтан да, адамзат индивидтері көбейе түсіп, жер жүзіндегі әр түрлі мекендерге қоныс тепті, осының нәтижесінде адам қоғамдары пайда болды…

Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы ар- қатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. «Мұғалімдік» (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады деп жазды өзінің «Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет» деген еңбегінде.

Ешбір жанға бағынбайтын басшы — адам, міне, осындай. Ол — иман, ол -қайрымды қаланың бірінші басшысы, ол — халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады. Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы тиіс, сонда егер, осы адам әлде бір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп — оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін жете түсінетін, айтылған сөзінің сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай — жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгенін айдан — анық айтып бере алатын тілмар болуы шарт; өнер — білімге құштар болу, оқып -үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек: тағамға, ішімдік ішуге, сыр — сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болуы керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; шындықпен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік — жалған мен суайттарды жек көру керек; жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылыстан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болуы тиіс; дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; жаратылысынан әділеттілікпен әділеттілерді сүйіп әділетсіздікпен озбырлықта және осылардың иелерін жек көруі керек; жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыру қажет; әділ болу керек, бірақ қыңыр болмауы керек, әділеттілік алдында ойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ әділетсіздікпен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы шарт; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек… /8,25/.