Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық құрылымы

Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық –функционалдық құрылымы әр алуан. Оларды құруда негізінен елі түрлі аумақтық ( территориялық ) және функционалдық әдістер қолданылады. Бірінші әдіс бойынша барлық резидент – кәсіпорындар өздерінің шаруашылық жүргізуі үшін белгілі аумақта жеңілдіктер алады.

Резидент – бір елде қызмет ететін басқа бір елдің жеке немесе заңды тұлғасы. Екінші әдіс бойынша еркін экономикалық аймақтағы іскерліктің белгілі бір түріне жеңілдіктер береді.

Аумақтық әдіс бойынша ұйымдастырылған еркін экономикалық аймақтан Қытайда кеңінен тараған.Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жеңілдіктерді пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасады. Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін ( салықсыз ) баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың бірінші буынына жатады. Оларды, әдетте еркін баж территориялары деп атайды. Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуден босатылады.

Еркін сауда аймақтары да дүние жүзінде кеңінен тараған. Мұндай аймақтар АҚШ – та жақсы дамыған.Бұл аймақтар АҚШ территориясының шектеулі бір бөліктерінде заңды  жеңілдіктерді пайдаланып, өз  шаруашылық қызметтерін жүргізеді.

Қабылданған заң бойынша әрбір төрт қалада ең кем  дегенде бір сыртқы сауда еркін аймақ құрылуы мүмкін.

АҚШ – тағы еркін сауда аймақтары жалпы міндетті және арнайы міндетті болып екіге бөлінеді.

Жалпы міндетті аймақтар аздаған территорияға ( бірнеше шаршы метр ) араласады да ұлттық баж салығы ауқымынан бөлектенеді. Ол жерлерде әкелінген тауарларды жинастыру және өңдеу жұмыстары атқарылады.

Арнайы аймақтар  жалпы міндеттегі аймақтар шеңберіне сыймайтын істермен шұғылданады. Оларда ірі территориялардың  қатысуымен экспортталатын және импорттың орнын басатын бөлімдер босатылады.

Кейбір дамушы елдерде осындай мақсатта құрылған  еркін экономикалық аймақтардың оңды әсері артта қалған аудандарды жедел жетілдіріп отыр.

Дегенмен,дамушы елдер еркін экономикалық аймақтар құру барысында дамыған мемлекеттер сияқты өз қаражатына емес,көбінесе шетел капиталына сүйенеді.

Еркін экономикалық аймақтың халықаралық экономикадан алатын орны үлкен маңызға ие болады. Оның алғы шарттары жоғарыда айтылып өткендей.

Дамушы елдер арасындағы еркін экономикалық аймақтардың құрылуында шетел инвестицияларының алатын орны ерекше. Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жетістіктерді пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасты.

Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың бірінші буынына жатады.Оларды , әдетте еркін баж территориялары деп атайды.Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуден босатылады. Еркін сауда айммақтары да дүние жүзінде кеңіне тараған. Мұндай аймақтар АҚШта жақсы дамыған. Бұл аймақтар территориясының шектеулі бір бөліктерінде заңды жеңілдіктерді пайда болды.

Еркін экономикалық аймақтардың әлем экономикасында тәжірибе ретінде орны өте орасан. Қазіргі таңда еркін экономикалық аймақтардың экономикаға тигізер әсері мол. әлем тәжірибесі корсеткендей бұл мәселе кез – келген елдің экономикасына тиімді болып есептелінеді.