Психожаттығу өзін-өзі тану

Психожаттығу – адам психикасының танымдық, сондай-ақ эмоционалды-тұлғалық сферасын, тағы басқа жақтарын түзетуге және дамытуға бағытталған арнайы сабақтар (этюдтер, жаттығулар және ойындар т.б.) курсы. Негізгі мақсаты — қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады. Адам құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алады, өз сезімдерін жеңіл көрсете алады және басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады. Айқын қозғалысқа ие болу деген ол басқа адманың бетінің барлық өзгерістерін, дененің қозғалысын және ым — ишарасын түсіне алады. Психожаттығуды қолдану процесінде мінездің жағымды қасиеттері қалыптасады: сенімділік, адалдық, батылдық, кеңпейілдік; невротикалық көріністер жойылады: қорқыныш, түрлі сипаттағы қауіп, сенімсіздік.