Елестетудің физиологиялық негізі

Елестердің физиологиялық негізі — заттар мен құбылыстарды қабылдаған үлкен ми сыңарлары кыртысында жиналған қозулар мен уақытша байланыстардың «іздері» осы жұмыстың мақсаты болып табылады.

Материалды есте қалдыру, есте сақтау және оны кейін жаңғырту— біздің миымыздың тамаша қасиеттерінің бірі. И. М. Сеченов елесті «жануарлардың, әсіресе адам организмінің нағыз маңызды кереметі деуге болады» деп тегін айтпаған.

Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерден миға баратын қозулар көп жылдар бойы (кейде бүкіл өмір бойы) есте сақталатын «іздер» қалдырады. Ми сыңарлары қыртысында қозулар үшін жол салынғандай болады, бұған байланысты нерв байланыстары онан әрі тез және жеңіл пайда болады. Егер қозулар қайталап тұрса байланыстар сақталып, күшейіп тұрады, егер қозулар қайталамаса байланыстар сөнеді. Бұл соңғы жағдайда білгендерін ұмыт болады. Уақытша байланыстардың жасалуы және сақталуы елестің физиологиялық негізі де болып табылады.

Сыртқы әсерлердің адамның ми қыртысында белгілі бір «із» қалдыратынын нейрохирургтер жасаған қазіргі кезгі тәжірибелер көрсетіп отыр. Мидың жеке бөліктерін электр тогымен қоздырған кезде ауру кейде өзі қатысқан уақиғаларды есіңе түсіреді. Ми сыңарлары қыртысында байланыстар жасалуының тездігі және олардың сақталуы мидың тітіркендіргіштерге жауап беру және бұрынғы қозулардың «іздерін» сақтау қабілеттілігіне тәуелді болады. Нерв системасының табиғи сапаларымен қатар мұнда адамның іс-әрекетінің сипаты, дағдылануы, машықтануы үлкен роль атқарады. Белсенді ой еңбегі, ми қыртысында көптеген байланыстардың болуы жаңа ассоциациялардың тууын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Білімнің белгілі бір саласын жақсы білетін мамандардың сол саладағы ғылымның жаңа мәліметтерін оңай және жете ұғынып алатындығы да міне осыдан. Мектеп оқушысы да егер өткен материалды жақсы білсе, жаңа оқу материалына жақсы түсініп, еске сақтайды.

Елесті есте қалдыру. Елеске мынандай психикалық процестср: еелсті есте қалдыру, білгендеріп есте сақтау, білу және жаңғырту кіреді.

Елес процестері есте қалдырудан, яғни заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасаудан басталады. Елесті есте қалдырудың физиологиялық негізі — үлкен ми сыңарлары қыртысындағы уақытша нерв байланыстары.

Есімізде сақталғандардың көпшілігін біз ырықсыз есте қал-дырғанбыз. Бұл — ырықсыз есте қалдыру деп аталатынның нәтижесі: Адамның ықыласын аударған немесе оның сезіміне байланысты нәрселер ерекше жақсы есте қалады. Егер жас өспірімнің ықыласы автомобильге ауса, ол арнаулы түрде оқып, үйренбей-ақ машинаның бөлшектерін, құрылысын және олардың атқаратын қызметтерін т. с. с. оңай біліп алады. Нақ сол сияқты бізде қуаныш немесе реніш туғызған уақиғалар есімізде жақсы сақталады.

Бірақ адамның өмірі мен іс-әрекеті ырықты есте қалдыру дегенді де керек етеді, мұнда өзіңді-өзің бір нәрсені есте сақтауға ұмтылдырасың. Мектепте ғылым негіздерін оқып-үйрену, белгілі бір мамандыққа даярлау жұмысы әдетте ерікті есте қалдыруды керек етеді. Мұнсыз қажетті білім алуға, дағдылануға, икемделуге болмайды.

Елесті есте қалдыру мағыналы және механикалық болады.  Мағыналы елесті есте қалдыруда ойлау процесінің мәні зор болады. Мұнда адам әдетте есте қалдыруға керектілерді түсінуге тырысады, жаңа материал мен ескі материалдың арасында, белгісізден бұрыннан белгілінің арасында байланыс жасауға тырысады. Теореманың дәлелдерін есте қалдырған соң, оқулықта жазылғандардың бәрін қайталай берудің керегі жоқ, қайта ең алдымен онда не жөнінде айтылғанын түсіну, бұл дәлелдердің бұрын оқылған қандай математикалық ережелерге негізделгенін ойластыру қажет. Тек осыдан кейін ғана оны жақсы игеру үіпін қайталау керек болады.

Механикалық елесті есте қалдыру тек қайталаудан тұрады, бұл көбінесе оқып отырған материалды түсінбей қайталау жағдайында өтеді. Мұнда қиын, түсініксіз материалды оқушы жәй жаттап алады. Мұндай есте қалдыру үшін әдетте көп еңбектену, көп уақыт жұмсау керек, ал игерілген материалдар тез ұмытылады. Бірақ кейде механикалық елестерді есте қалдыруды қолдану керек болады. Мысалы, бірнеше рет қайталау арқылы біз телефон нөмерін, таныс адамның адресін, сондай-ақ шетел сөздерін, қиын терминдердің т.с.с. елестерін есте қалдырамыз. Бірақ мұнда да есте калдырмақшы болғанынды, бұрыннан белгілі бір нәрселермен байланыстырып игерілгенді ойға тоқу керек болады, өйткені мағыналы елесті есте қалдыру механикалық елесті есте қалдырудан жемісті келеді.

Белгілі бір білім алу үшін жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын ерікті елесті есте қалдыруды жаттап алу деп атайды. Бұл мектеп оқушысының оқу жұмысының мақызды бөлігі болып табылады.