Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеткілікті дәрежеде дәстүрлі орташа жай білім беруге жасалған білім беру моделінің тоқырауын кризисін жеткілікті дәрежеде анық көрсетіп берді. Қазіргі дүниеде тұлғаға деген талаптың қатандай түсуі мен білім беру кеңістігінде өзгерістердің әлеуметтене түсу тенденциясының өсуіне әкеледі:

-білім берудің статикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылымының қалыптасуына көшу;

-оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер тәсілдерін белсенді меңгеруге бет бұрыс; -оқыту процесінің тұлғаның қазіргі қоғамның өзгеру жағдайларында барынша өзін-өзі жүзеге асыру перспективасына сай талап пен мүдесіне адаптациялау, үйрету.

Көрсетілген тенденциялар ұстаздардың педагогикалық технологияларды жасауға деген қызығушылығының өсуіне ықпал етті. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологияның өзіндік ерекшелігі бар; ол педагогикалық процесс субъектілерінін ұстаз және

оқушы әрекеттерінің мәнін алдын ала анықтайды, онда тұлға іс-әрекет барысында қайта өзгереді.

Ұстазды дайындаудың технологиясындағы тек қана теориялық білімдердін белгілі бір деңгейін ғана емес, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудағы нақтылы практикалық міндеттерді

шешуде өзінің кәсіби іс- әрекетінің объектісін өзгертуге алған білімдері үшін қолдана білуді көрсетеді. Көрсетілген көзқарас тұрғысынан педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді біртұтас педагогикалық процесті практика жүзінде жүзеге асыруға алмастырудағы бірізді

комплексті әрекеттің мәні болады, ол ұстаздар мен оқушылар тұлғаларының өзіндік дамуын қамтамасыз етеді, оның жүзеге асуын сатылы өлшеуге мүмкін болады және одан тұлғанында және коллективтің даму динамикасын көруге болады. Бұл анықтама жасалынатын педагогикалық жұмыстардың тиісті өлшемдерінің технологиясын анықтауға болмайды.(Н.Д. Хмель):

а) айтылған ойдың концептуалдығы;

б)ғылыми жұмыс атқарушылардың өте анық методологиялық позициясы

в)нақтылы педагогикалық құбылыстарды қарастырудағы жүйелілік;

г)технологияда педагогикалық процестің екіжақтылык сипатын көрсету;

д)педагогикалық процестегі субъектілердің орны мен олардың өзара әрекеттерін анықтау;

е)алынатын нәтижелердің өлшенетіндігі;

ж)қандайда болмасын оқу-тәрбие мәселелерінің жұмыс жағдайларында технологияларды қолданылатындығы.

Технология өндірістік іс-әрекеттегі мақсат пен жетістіктің ажырамас бірлігі болғандықтан жасалынатын педагогикалық технологиялардың сапасын бағалау мәселесін айтпай кетуге болмайды. Педагогикалық процесс дегеніміз «ұстаз-оқушылар» жүйе жағдайының алмасуы.

Демек, педагогикалық процесте жүйе жасаушы фактор тұлға болды-ұстаз тұлғасы оқушылар тұлғалары. Егер педагогикалық процесте оқу орнының оқу-тәрбиелеу іс- әрекетінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін жағдай болса, демек, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы нормаға сәйкес деген сөз.

Соңғы жылдары бірқатар педагогикалық құбылыстарды зерттеушілердің методология ретінде синергетиканы ғылыми орталық пән ретінде жүйе тұрақтылығы (физикалық, химиялық, техникалық әлеуметтік) проблемасы ретінде қарастыруы кездейсоқ емес.

Педагогикалық процесс әлеуметтік жүйелердің жеке бір бөлігі ретінде, ол өзін-өзі ұйымдастырушылық пен өзін-өзі жөнге салуға қабілетті. «Адам-адам» жүйесіне тән және оның жеке бір бөлігі «ұстаздар-оқушылар» тиімді қызмет атқарылуынын өлшемі ретінде адамның өзі болады. себебі, әлеуметтік жүйелерде тұлға жүйе жасаушы фактор болады. Егер адамның өзін-өзі жүзеге асырудағы және тұлға ретінде өз орнын табуы (ол бұл ұстаздарға да, оқушыларға тең қатысты) мұқтаждылықтары к

қанағаттандырылса, онда өндіріс қызмет атқаруы тиісті «адам-адам» жүйесі қызмет күйзеліске ұшырайды. Демек, педагогикалық еңбекті технологиясын жетілдіре түсу проблемасы баска да кәсіби іс-әрекет аймақтары сияқты көкейкесті болады.

Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы мынадай мазмұнды логикалық тізбекке сан түзейді. Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу ұстаз іс-әрекеті объектісінің идеалдық моделі- нақтылы оку-тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалау өлшеу әдістемесін меңгеру-іс-әрекет объектісінін теориясын нақтылы процестің өзгерту жағдайын тұтасымен немесе оның аяқталған формасын, ситуациясын моделдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс-әрекеттерінің алгоритмі).

Жалпы оқытудың типтерін, түрлерін, стилдерін (яғни технологияларын) таңдап алу білім беру саласынан, білім беру парадигмасынан дидактикалық концепциялардан неше оқыту теориясынан, оқытудын мақсаттары мен міндеттерінен, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.