Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау мәселелері

Келесі қарастырылатын мәселеріміз ретінде, ауыр дене жарақатының түрлеріне қолданылатын Қылмыстық Кодексте көрсетілген жазаға тоқталып, әркайсысына жеке-жеке түсінік бере кетейік. Қылмыстық кодекстің 103-ші бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сотталушыларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға; 2-ші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаған сотталушыларға, бұл жауаптылықты ауырлататын мән-жәй болып табылғандықтан төрт жылдан сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген. Сот осы 103-ші баптың қай бөлігіндегі санкцияны қолданбасын барлық уақытта ол жоғарыда атап айтқандай сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген кезқарасы, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді анықтап, ҚІЖК-ң талаптарын және Конституцияны басшылыққа ала отырып, адамгершілік сот пен заң алдында жұрттың бәрі тең принциптерінен туындайтын әділ әрі заңды жаза тағайындалуы тиіс. Сонымен бірге сот жаза тағайындау кезінде сотталушының мүддесі мен құқықтарына қайшы келетін заңсыз әрекеттерді жасаса, сотталушының өкілді адамдары жоғары тұрған сотқа шағым беруге кұкығы бар. Келесі қарастырылатын ауыр дене жарақатының түрі денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында ауыр зиян келтіргендер үшін қолданылатын жазаға тоқтала кетейік. Қылмыстық кодекстің 108-ші бабының 2-ші бөлігіндгі әрекеттерді жасаған сотталушыларға мынандай жаза қолданылады: екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру үшін төмендегідей жаза қолданылады: бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға. ҚҚ-ң 53-ші бабының 1-ші бөлінің “з” тармағына сәйкес, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қылмыс қылмыстық жауаптылықпен жазаны жөңілдететін мән-жай болып табылады, яғни денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығып, жасалған қасақана ауыр зиян келтіру жауаптылық жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.

Қылмыстық кодекстің 110-шы бабындағы қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілген сотталушы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚК-ң 3-ші бабының 1-ші бөлігінде денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіру көрсетілген. Мұның санкциясы: жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңіндегі жалақысының немесе екі табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру — осы баптың бөлігі былай деп жалғастырылады: абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру — төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға жазаланады.

Келесі мөселе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты жасалатын қылмыстарды қарастыра отырып, олардың жаза тағайындау мәселесіне назар аударайық. Мысалы, 120-шы бапта көрсетілген зорлау қылмысын алайық, “зорлау, яғни жәбірленушіге немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушіың дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау”. Егер зорлау кезінде өмірге қауіпті ауыр дене жарақаты қылмыстық кодекстің 103-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілгендей зардаптарға
ұшыратса, онда айыптының әрекеті қылмыстық кодексіңң 120-шы бабының тиісті бөлігімен сараланады және 103 баптың 1-ші бөлігімен саралануға жатады.

Сонымен қатар тонау және шабуыл жасап тонау туралы істер жөніндегі сот тәжірбиесі туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N11 қаулысына сәйкес дене жарақатын салумен байланысты жасалған шабуыл жасап тонау денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы баптар бойынша қосымша саралаусыз шабуыл жасап тонау үшін жауапкершілікті белггілейтін қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша, яғни 179-шы баптың 3-ші бөлігі “б” тармағымен саралануы керек. Өйткені аталған әрекет, яғни денсаулыққа ауыр зиян келтіру осы құраммен тольіқ қамтылады. ҚР ҚК-нің 181-ші бабаындағы қорқытып алушылық, “яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқық беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқыльі мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтер таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мудделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау”. Егерде қорқытып алушылық осы баптың 3-ші бөлігінің “б” тармағында көрсетілген әрекетпен, яғни жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру жолымен жасалса, айыптының әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы баптар бойынша қосымша саралаусыз, қорқытып алушылық үшін жауапкершілікті белгілейтін Қылмыстық Кодекстің 181-ші бабы 3-ші бөлігі “б” тармағы бойынша саралануы тиіс, өйткені
жоғарыда аталған әрекет осы құрамның ішіне кіреді. Сондай-ақ денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты болатын көліктегі қылмыстарды алсақ. Егерде ауыр дене жарақаты көлік қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан жасалса, онда айыптының әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс жөніндегі баптар бойынша саралаусыз, келтірілген салдарға орай қылмыстық кодекстің көліктегі қылмыстар тарауының тиісті баптарымен сараланады. Осыған орай қылмыстық кодекстің 295-бабын алайық.

“Автомобильді, траллейбусты, трамвайы не басқа механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе” деп атап көрсетілген. Егер көлік құралы ауыр дене жарақатын салу мақсатымен пайдаланылса, мұндай қылмысты әрекет қылмыстық кодекстің көліктегі қылмыстар тарауының баптарымен қосымша саралаусыз, қылмыстық кодекстің денсаулыққа қарсы қылмыстар тарауының 3-ші бабымен сараланады. Егерде қозғалыс қауіпсіздігімен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан жәбірленушіге ауыр дене жарақаты салынса, оны қауіпті жағдайға қалдыру құрамы жоқ деп есептелінеді. Сонымен қатар жүргізуші жәбірленушіні басқа адамдар көмектесуге мумкіндігі бар жерге қалдырып кетсе, онда оның қылмыстық кодекстің 119-шы бабының 2-ші бөлігі бойынша жауаптылығы тек ғана жәбірленушінің өлімі немесе басқа ауыр жағдайы көлік оқиғасы болған сәтте
басталмай, оны өмірге қауіп төнген жағдайда тастап кету салдарынан туындайды.

Қорыта келгенде айтарымыз, жоғарыда айтылып кеткен дене жарақатын салумен байланысты қылмысты жасаған кінәлі адамдарға жаза тағайындағанда сот қылмыстық кодекстің 52-ші бабының жаза тағайындаудың жалпы негіздерін ескере отырып әділ әрі заңды жаза тағайындауы тиіс. Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстың түрін, істің мән-жайын, сотталғандығын, кінәлінің жеке басын және жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, оған жеке тұрғыдан, жетік көзбен қарау арқылы заңның талаптарын орындауға тиіс. Жаза заңды, әділ және негізді болуға тиіс, жасалған кез-келген қылмыс үшін жауаптылықтан құтылмайтындығын білдіруге тиіс.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!