Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы

Егер қылмыстың объективтік жағы қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы көрінісі болса, онда қылмыстың субъективтік жағы оның ішкі психологиялық жағын сипаттайды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағын сұрыптау үлкен қиындықты туғызады. Бұл күрделілік денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің табиғатында жатыр. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді дұрыс саралау жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның мөлшеріне қарағанда субъективтік жағына көбірек байланысты. Сот-тергеу тәжіребесі денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде көп қателіктер субъективтік жағын дұрыс анықтамау себебінен жіберілетіндігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес басқа тулғалардың денсаулығына ауыр зиян келтірген тұлғаның тарапынан  кінә болмаса, зиян қандай ауыр болса да қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін емес. Қазақстан қылмыстық қүқығына өзге де дамыған мемлекеттердің қылмыстық қүқығына сияқты объективті айыптау тән емес, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді (ҚР ҚК 19-бабының 2-бөлігі). Бұл ереже толықтай ҚР ҚК 19-бабының 3-бөлігінде қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам  ғана қылмысқа кінәлі деп танылады деп белгіленген.

ҚР ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян  келтірудің кінә нысаны қасақаналық болып табылады.

Осы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тікелей немесе  жанама ниетпен жасалады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі тұлғаның тікелей ниеті адам өз іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білуімен осы зардаптардың болуын тілеуімен сипатталады (ҚР ҚК 20-бабының 2-бөлігі).

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді жанама ниетпен келтіру кезінде түлға өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала біледі, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол береді не бұған немқұрайлы қарайды (ҚР ҚК 20-бабының 3-бөлігі).

Денсаулыққа қасақана ауыр зиянды тікелей ниетпен келтірудің кейбір жағдайларънда кінәлінің ниеті көбінесе анықталған болып келеді. Бұл жағдайларда субъект денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіре отырып, үшінші түлғалардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп отырғанын үғынып қана қоймай, сонымен бірге келтірілген зиянның мөлшерінде үғынады, яғни өз іс-әрекеттерінің нәтижесінде денсаулыққа ауыр зиян келтірілетінін ұғынады және соның келтірілуін тілейді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің көптеген жағдайларында кінәлі субъект келтірудің табиғатында жатқан объективті мәнін түсінбейді. Мысалы, егер субъект жәбірленушінің бетіне қышқылды саналы түрде шашса, онда оның ниетінің мазмұны болып денсаулыққа ауыр зиянның келетінін алдын-ала білуі мен тілеуі болып табылады, өйткені ол жәбірленушінің бет-әлпетін қалыпқа келгісіз бұзылатынын не көру қабілетінен айырылатынын алдын ала білді және соны тіледі. Субъекті ниетінің мазмұны басына жұдырықпен ұрған, қолын ағашпен немесе пышақпен ұрған жайдайларда өзгеше болады. Бұндай іс-әрекеттерде тұлға оның іс-әрекеттерінен денсаулыққа жеңіл немесе ауыр зиян келтіруі мүмкін екендігін ұғынады және солардың кез-келгенін тілейді. Сондықтан, тікелей ниет шегінде анықталған ниет пен анықталмаған ниетті ажырата білген жөн, өйткені бұл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде тәжіребелік жағынан өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің кейбір себептерін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің сараланған құрамдарына жатқызады.

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысы себебінен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «з» тармағымен сараланады. Мүндай себептермен адам денсаулығына қасақана конфессияға жатқандықтан  толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді.

Екінші жағынан өз ұлтының, нәсілінің немесе діни  конфессиясының ерекшелігін көрсетеді. Қылмыскер жәбірленушінің денсаулығына оның басқа ұлтқа, нәсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін ауыр зиян келтіреді.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «ж» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің себебі бұзақылық ниет болып табылады. Бұл жердегібұзақылық ҚР ҚК 103-бабымен емес, ҚР ҚК-нің өзге баптарымен сараланады. Мысалы, ҚР ҚК 341- бабының 1-бөлігіне сәйкес судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын- ала анықтауды жүргізетін адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына,

сол сияқты олардың туыстарына істеген қызметі үшін кек алу мақсатында олардың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде ҚР ҚК 341-бабында көзделген қылмыс құрамы орын алады.

Қылмыстың мақсаты — бұл кінәлі қылмыстық қүқыққа қайшы әрекетті жасай отьірып жетуге тырысып отырған тілеген нәтиже туралы болжамы.

Тікелей ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде кінәлінің әр уақытта ортақ мақсаты – жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру. Бірақ бұнымен бірге кінәлінің өзге де арнайы мақсаттары (мысалы, ұстаудан қашу, басқа қылмыстың жасалуын жеңілдету және т.б.) болуы мүмкін.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «и» тармағында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты болып жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану табылады. Бұндай мақсатпен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде негізгі себеп бас пайда, бірақ кейде «ізгілік» ниет те болуы мүмкін. Мысалы, жақын адамның өмірін сақтап қалу мақсаты.

ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «е» тармағында көзделген жалдау бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты болып пайда табу табылады. Яғни жалданып адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген тұлғаның мақсаты – пайда табу. Ал, тапсырушының мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі кездегі кең таралған коммерциялық бәсекелесті бәсекелестіктен шығару немесе оны қорқытуды келтіруге болады.

Ал, ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің «з» тармағындағы көзделген әлеуметтік ұлтаралық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің мақсаты — ұлтаралық өшпенділікті өршітуден бастап дінді ұстамағандық үшін кек алуға дейін болуы мүмкін.

 Кейде кінәлінің кейбір арнайы мақсаты бар болғанда да жасалған әрекеттің өзінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қарағанда одан да қауіпті қылмыстың құрамы болады. Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігімен сараланады.

ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігінде көзделген абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде екі кінә нысаны орын алады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру әрекетінде кінә нысаны қасақаналық болса жәбірленушінің өліміне әкеліп соғу әрекетінде кінә нысаны абайсыздық болып отыр.

ҚР ҚК 21-бабының 1-бөлігіне сәйкес абайсызда жасалған қылмыс деп- менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалаған әрекет танылады. Егер өз іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады (ҚР ҚК 21 б. 2 б.). Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және денсаулыққа ауыр зиян (алғашқы зардап) келтіруге ниетпен (тікелей немесе жанама өлімге қатысты (келесі зардап) абайсыздықпен (менмендік

немесе немқұрайлық сипатталады. Әдеттегідей, бұл орын алады мынадай жағдайда: егер, өлім өмір сүру үшін маңызды не болмаса маңызды емес органдарға дене жарақатын келтіру нәтижесінде басталса, бірақ кінәлінің оның келтірілуін алдын ала білу мүмкіндігін дәлелдемейтін құралмен немесе тәсілмен жасалған болса.