Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы

Кез-келген қылмыстық істі тергеу кезінде ең алдыменен қылмыстың объективтік жағы – қылмыс құрамының негізін қалаушы анықталады, ал содан соң осының негізінде қылмыстың субъективтік жағы және оның белгілері -себеп, мақсат, ниет, т.б. анықталады.

Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз: белгілі жағдайларда
орында және уақытта өтіп жатқан, қылмыстық заңмен қорғалатыкн
объектіге зиян келтіретін нақты қоғамдық қауіпті мінез-құлықтың, қол сұғушылықтың сыртқы көрінісін сипаттайтын қылмыс құрамының құрамдас бөлігі. Бұл әдетте, Қазақстан Республикасының Қылмыстық

Кодексінің Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетіледі.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-бөлігінің дизпозициясына сәйкес аталған бапта көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағын мыналар құрайды:

а) денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қоғамдық қауіпті әрекет;

б) денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі қылмыстық зардап;

в) әрекет пен аталған   зардап арасындағы себепті байланыс.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қоғамдық қауіпті әрекеттің құқыққа қайшы іс әрекет жолымен де, әрекетсіздік жолымен де келтірілуі мүмкін. Әрекетсіздік жолымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, егер тұлға өзі жасауға міндетті және жасай алатын белгілі іс-әрекеттерді жасамаса, сол сияқты соның нәтижесінде басқа түлғаныің денсаулығына зиян келтірілсе ғана орын алады. Белгілі іс-әрекеттерді жасау міндеті заңнан (мысалы, ата-аналарының балаларының денсаулығына қамқорлық етуі) немесе басқа тұлғаның денсаулығына қауіп тудырған тұлғаның оған дейінгі мінез-құлқынан, не өзге де негіздерден туындауы мүмкін. Сот-тергеу тәжіребесіне сүйенсек әрекетсіздік шен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көп кездеспейді.

Қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекет деп адамның саналы және ерікті мінез құлқы түсініледі. Сондықтан егер, денсаулыққа ауыр зиян есі дұрыс емес адаммен келтірілсе, онда қылмыс орын алмайды, өйткені бұндай тұлға өзінің мінез-қүлқының қоғамдық қауіптілігін үғынбауына және оларды басқара алмауына байланысты қылмыстык-құқықтық мағынада әрекет етпейді. Қылмыстық-құқықтық мағынада есі дұрыс тұлға да әрекет етпейді, егер ол белгілі іс-әрекеттерді өз еркіне қарсы бой бермейтін физиологиялық күштің әсерінен жасаса. Мысалы, біреудің екінші адамды итеріп қалуынан, екінші адамның үшінші адамға соғылуынан, үшінші адамның жерге құлап, қолын шығарып алуы немесе сындыруы.

Сонымен бірге, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кез-келген жағдайларда құқыққа қайшы болуы керек. Басқа тұлғаның денсаулығына әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын жағдайларда қасақана ауыр зиян келтіруде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің құрамы түгіл қылмыстың жалпы құрамы да болмайды. Құқыққа қайшылық пен қылмыс құрамы денсаулыққа қасақана ауыр зиян қажетті арнайы  нұсқаулардың жоқтығына карамастан, сонда да тек қана заң болып табылады.

Заң дәрігерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді. Өйткені ол адам денсаулығын сақтап калуға, қалпына келтіруге немесе жақсартуға, адам өмірін құтқаруға бағытталған, бірақ денсаулыққа зиян келтіруге емес. Дәрігердің жоғарыда аталған жағдайдағы қызметі қоғамдық пайдалы болып табылады, өйткені хирургиялық араласу жолымен адам денсаулығына ірі зиян келтірілуінің немесе тіпті өлімнің алды алынады. Бұл жағдайдағы денсаулыққа ауыр зиян келтіру денсаулыққа одан да ауқымды зиянның келтірілуінің немесе өлімге әкелудің алдын алу үшін қажетті болып табылады. Сондықтан, бұндай сипаттағы денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, дәрігер оған қызметтік борышымен жүктелген қызметтік міндеттерін тікелей атқарып отырады.

Бірақ кейбір жағдайларда науқастың денсаулығына келтірген ауыр зияны үшін дәрігердің қылмыстық жауаптылығы орын алады. Бұл жерде қылмыстық жауаптылық егер, дәрігер өзінің кәсіби міндеттерін бұзса және соның нәтижесінде науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, оны келтіру қажеттіліктен туындамаса ғана орын алады. Бірақ бұл жағдайларда дәрігер қылмыстық жауаптылыққа егер, ол лауазымды тұлға болса, қызметтік қылмыс үшін тартылады, ал дәрігер жеке тәжірбиемен айналысып жүрген тұлға болса, қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК 103-бабымен тартылады.

Денсаулыққа ауыр зиян бокс, футбол, т.б. сияқты спорт жарыстарында да  келтіріледі. Егер денсаулыққа ауыр зиян заңмен тыйым салынған спорт түрі бойынша жарыстарда келтірілсе, онда әрекет құқыққа қайшы сипатқа ие болады және бұл_ жағдайда қылмыстық жауаптылық жоққа шығарылмайды. Қылмыстық жауаптылық, рұқсат етілген спорт жарыстарында спортсмен қасақана спорт ережелерін бұзса және соның нәтижесінде басқа түлғаның денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда орын алады.

Жәбірленушінің өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге келісім беруі кейбір жағдайларда әрекеттің құқыққа қайшылығын жоюы мүмкін.

А.А. Жижиленконың көзқарасы бойынша жәбірленушінің өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге келісім беруінде құқыққа қайшылық жоқ дейді.

Осыған байланысты В.В. Ореховтың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі болып дене қол сұғылмаушылығы танылады, ал зардап ретінде адам денсаулығына келтірілген зиян деген көзқарасы дұрыс деп тану мүмкін емес.

Бұл тұжырымдама ретсіз, өйткені денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі ретінде дене қол сұғылмаушылығын тани отырып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің зардабы ретінде дене қол сұғылмаушылығының бұзылуын, яғни қол сұғылмаушылық объектісіне келтірілген зиянды таныған жөн еді. Әйтпесе, қол сұғушылық дене қол сұғылмаушылығына жасалады да, ал зиян жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі екен. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде қол сұғушылық сөзсіз адам денсаулығына бағытталған, ал қол сұғылмаушылық нәтижесіндегі зиян жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі.

Денсаулыққа келген ауыр зиян сот-медициналық сараптамамен анықталады.

Қазіргі кезде денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесімен» анықталады. Бұрын денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалаудың Ережесімен анықталатын болатын, бірақ бұл нормативтік актінің  ескіруіне байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі Агенттіктің жоғарыда аталған ережесі қабылданған болатын. Қазіргі кезде бұл ереженің орнына «Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандг №845/1 Бұйрығымен бекітілді. Бірақ бүл ереже әлі күнге дейін қолданысқа, яғни тәжірбиеге енгізілмеген. Сондықтан жоғарыда аталған акт қолданыстағы ереже деп саналады.  .

Денсаулыққа келген зиянның анықтамасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің келтірілмеген, бірақ оның анықтамасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11 наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесінің» 4-тармағында былай деп берілген: «Денсаулыққа келген зиян деп не дене зақымданулары, яғни органдар мен тіндердің анатомиялық тұтастығын немесе олардың физиологиялық қызметтерін бұзу, не сыртқы ортаның механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық әртүрлі факторлары әсер ету нәтижесінде патологиялық науқастар немесе патологиялық күй түсініледі».

Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылуы да денсаулыққа ауыр зиян болып танылады. Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бүзылуы механикалық зақымданулар, отқа, қышқылға күйюі және т.б. зардабынан болуы мүмкін. (Мысалы, көз қарашығының, мұрынның жоқ болуы не болмаса мұрын сүйегінің нысанын өзгертетін кемсітіктерінің болуы, бір құлағының немесе оның ірі бөлігінің жоқ болуы). Сот-медициналық сарапшы бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылу фактісін анықтамайды, себебі бұл түсінік медициналық емес, сарапшы қалыпты белгілерге сүйене отырып денсаулыққа зиянның ауырлық дәрежесін анықтайды сонымен қатар жарақаттың кейін ешқандай хиругиялық көмексіз біртіндеп тартынып немесе тегістеліп кетуі мүмкіндігін анықтайды. Егер жарақаттың ізін жою үшін жедел ем (к осметикалық операция) керек болса, онда беттегі жарақат қалыпқа келгісіз деп саналады. Жәбірленушінің бет әлпетін қалыпқа келгісіз бұзған жарақатты тану мәселесі сот-медициналық сарапшының емес, соттың құзіретіне жатады.

Ауыр зиян болып табылатын келесі зақымдану бұл адамның жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін жоғалтумен ұштасқан денсаулықтың бұзылуы. Жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту дегеніміз оның кемінде үштен бірін (33%) жоғалту, жарақат алғанда жалпы еңбек қабілетін қаншалықты тұрақты жоғалтқаны жарақат-зардабы анықталғаннан кейін, объективтік мәліметтерге сүйеніп және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған еңбек қабілеттілігін жоғалтудың пайыздардар кестесіне сәйкес белгіленеді.

Балаларда еңбек қабілетін жоғалту осы Ережемен белгіленген жалпы ережелерден шыға отырып анықталады.

Мүгедектерде алынған зақымдануға байланысты жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту оның мүгедектігіне және оның тобына қарамастан дені сау адамдардағыдай анықталады.

Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту егер, кінәлі жәбірленушінің кәсіби қызметін білген болса және физикалық күш қолдану арқылы оны өзіне тән кәсіби қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырған болса, денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып есептелінеді (мысалы, пианисттің саусақтарының зақымдандыру). Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда жәбірленуші өзінің жалпы еңбек қабілеттілігін сақтауы да| мүмкін. Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау кезінде сарапшы арнайы Нұсқаулықты басшылыққа алады. Бұндай жағдайларда денсаулыққа зиян жалпы негіздер бойынша орташа ауырлықтағы да болуы мүмкін, бірақ қуқықтық тұрғыдан әрекеттің адамды кәсіби еңбек қабілетілігінен толық айыруға алдын ала қасақана бағытталғандықтан оны денсаулыққа ауыр зиян деп тану дәлелді.

Түсік тастауға әкелу түріндегі денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның белгісі ретінде, көбінесе дене зақымдануларының салдарынан болады. Кінәлінің әрекеттерін ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігімен саралау ушін жәбірленушінің жүкті екені кінәліге мәлім болуы керек. Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың тағы бір міндетті белгісі болып кінәлінің жасаған іс-әрекеті мен түсік тастау арасындағы тікелей себепті байланыстың болуы. Қанша айлығында болса да түсік тастау денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып саналады. Бұл жағдай да сот-медициналық сараптама акушер-гинекологтьң қатысуымен-комиссиялы түрде жүргізіледі.

Денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның белгісі болып психиканың бұзылуы да табылады, психиканың бұзылуы физикалық жарақаттың не болмаса психикалық таң қаларлықтың салдарынан (мысалы, жарақаттан алынған кемақылдылық) болуы мүмкін. Психикалық аурудың бар жоғын сот-психиатриялық сараптама анықтайды, ал ол аурудың алынған зақымданумен байланысын және денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын психиатриялқ сараптамадан кейін психиатрдың қатысуымен сот-медициналық сараптама бағалайды.

Кінәлінің құқыққа қайшы іс-әрекеттің нәтижесінде есірткімен және уытты умен ауру  денсаулыкқа келгірілген ауыр зиян болып саналады. Есірткімен ауру дегеніміз есірткі заттардың тұтынуға деген аурулық құштарлығы, ал уытты умен ауру дегеніміз заң актілерімен есіркі заттары болып танылмаған заттарды ес алжастыру мақсатында дұрыс қолданбау. Оның дәрілік және тұрмыстық уытты умен ауру сияқты екі түрі бар. Есірткімен не болмаса уытты умен ауру ауруының бар жоғын сот-наркологтік немесе токсикологиялық сараптама аныктайды. Кейін есірткімен не болмаса уытты умен аурудың салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-медициналық сараптама наркологтың не болмаса токсикологтың қатысуымен бағалайды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!