Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпараттық жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс үстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады.

Статистикалық ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан түрады: тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруларын барынша зерттеу мен ақпаратпен қамтамасыз ету.

Ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

  • ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету;
  • ағымдағы ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын арттыру; статистикалық талдауда    қолданылатын    әдістердің    және технологиялардың тиімділігін арттыру;
  • ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;
  • талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;
  • қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;
  • қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.

Статистикалық ақпарат жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруларын барынша зерттеу мен толық ақпаратпен қамтамасыз ету үрдістерін жүзеге асыруды автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін «достық интерфейсі» және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек.

АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты — нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен әкономика -математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі әкономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын қүрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі — бүл жұмысты үтымды жоспарлау мен үйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек. АЖ қүру мақсаты — ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады.

АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады. Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:

  • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;
  • АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамассыз етуді жаңарту;
  • нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;
  • алынған дүрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;
  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) — ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен қүрылған жүйе. АЖО қолданушының персоналды әлектронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.

Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне — ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпаратты қамтамасыз ету болып әкономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;
  • есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;
  • ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;
  • ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), оларды жүргізетін құралдардан тұрады. Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік — анықтама ақпаратты және әкономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды.

Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау — бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны түрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және әлементтердің қүрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

АЖ-ны тұрғызу — ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе әлементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.

АЖ-ның функционалдық бөлімі — бүл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе — бүл ақпараттық жүйенің қызмеіімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері — болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім қүрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.