Шет елдерде дарындылық проблемасын зерттеу тарихынан

Бірқатар жас ғалымдар — Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор және тағы басқа педагогикада шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді. Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар педагогикасы бойынша теориялық зерттулердің шоғырлауына себепші болды.

70-ші жылдардың басында жеке-дара айырмашылықтар психологиясы практикалық ғылым болып қалыптасады. Зерттеулер білім саласына ығысады. 70-ші жылдардың соңы — 80-ші жылдардың басында енді мүлдем жаңа, педагогиканың қолданбалы саласы — таланттылар психологиясы саласы пайда бола бастайды.

Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті: мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді, өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.

Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан “дискриминацияны” сезінеді (С. Марленд, 1972).

70-ші жылдардың соңында тек жеке емес, әрі мемлекеттік мектептер даралап оқытуды таңдауға көшті.

80-ші жылдардың басында дамыту жоғары дарынды балалар мүмкнідігін дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды балалардың жетекшілігі (лидерлігі) бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.

Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.

В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді: “Ақыл-ой дарындылығы жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау, жаңа міндеттер мен өмір жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады”.Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік берді.

Ерте уақыттан бастап, ХІУ ғасырға дейін данышпандық тек өнерде көрініс береді деген тұжырым қалыптасты.Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге, әскери басшыларға, ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді. Бірақ бұл көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген. “Созерцательная деятельность разума” терминін енгізе отырып, ол адам іс-әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды. “Сананың мазмұнды іс-әрекеті” (ғылыми және көркемдік), оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары рақымдылық іс-әрекеті (саяси және әскери) басқалардан әдемілігімен, кеңдігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады. Оның пікірі бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген. Ол өнер шығармашылығы қажет болып табылатын ережелер, нормалар қатарына негіздеуге талпынды. Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.

Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе, тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты. Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық” қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы, екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.

Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте мәнді түрде түсіндірді. Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды балалармен байланыстырды. Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу дифференциалды педагоиканың пайда болуына үлкен әсер етті.

Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял, ес және интеллектті бөліп көрсетті. Оның ойынша, бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі “ми темпераменті” бойынша анықталады. Ол белгілі бір ғылым, өнер салсында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған. Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер, заңгер,  геологтар тағы басқа “педагогикалық портретін” құрастырды. Х. Уарте талант табиғаттан, генофонға тәуелді дей отырып, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек қажет екенін айтты.Адамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауда шатаспас үшін, кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек. Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.

Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Ферғани, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни тағы да басқалар) философия, логика, химия, атсрономия, география, медицина, педагогика, сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.

Осылай, Әл-Фараби “Бақытқа жету туралы” трактатында этикалық сұрақтармен қатар, адам қабілеттілігіне, оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.

Ғылымды дифференциациялаумен байланысты (ХІХ ғ.) психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады. Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі — англиялық психолог Френсис Гальтон (ХІХ ғ.). Ол адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді. Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның пайда болуы мен заңдылығы” атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.

  • Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса, бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
  • Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе, қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.

Э. Мейман (ХІХІ-ХІХ ғ.ғ.) дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді жалғастырды. Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зертетй отырып, осының негізінде “нышан типтерін” бөлді.Осымен қатар, Мейман табиғи, жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды. Бұл феномен түрлерінен дарындылықты ес, қиял тағы басқа даралық ерекшелітерді зерттей отырып, олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады, әрі адамдардағы дарындылықтың деңгейін анықтауға көңіл бөлді.Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектісін: тәрбие мен дарындылықтың, табыстылықтың және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген.

Диффренциалды психологияның зерттелу көзі — адамның жекелігі болып табылады, бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр. Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп, “ойлау қабілеттерін” зерттеу үшін пайдаланған.

В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір жаңашылдыққа бағытталуы (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді) және сыртқы жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін (өмір талаптары, міндеттері) және өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері, ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша, ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді.

Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға оңай үйренісе алатын болса ғана, ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде “санадағы зерттеуді емес, ақыл-ой дарындылығын” зерттеуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дарындылығының диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды (Бине-Симон әдістемесі).

Дарындылық теориясының негіздері Кеңес психологтарымен өңделген. Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, В. Крутеций, Н.С. Лейтес, В.М. Теплов және тағы басқа психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің құрылымдылық компоненттерін анықтады. Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары К. Абрамс, Ф. Гальтон, М. Кранев, Э. Мейман, Дж. Рензулли, Э. Торндайк, К. Тэкээк, В. Штерн тағы басқа да өз зерттеулерін арнаған. Олар дарынды балаларды эксперименталды және қолданбалы зерттеу бөлігіне көп үлес қосқан және олар осыған байланысты тест әдістерін өңдеген.

Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тәуелді болатын қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б.М. Теплов “дарындылық” түсінігінде белгілі іс-әрекеттегі табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударады.

Сол жылдардағы оқулықтар мен оларға қосымшасының авторлары да осындай көзқараста болды.Л.А.Рудик “дарындылық” терминімен қабілеттіліктің дамуына алғышарт болып табылатын, туа біткен қабілеттілік деп, ал Н.Д. Левитов аналитикалық-физиологиялық нышан бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры да, ал Г.И. Иванов дарындылықты — адам дамыған кезде қабілеттілікте көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді.

В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу жұмыстарында былай дейді: “Егер “қабілеттілік” сөзімен белгілі психикалық қасиеттерді атайтын болсақ, дарындылық деп — адамдағы қабілеттердің өзіндік байланысын, бірлігін атау керек”. Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық-тарихи өзгерістерді және олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек.

Дарындылыққа А.Т. Асмолов жұмыстарында мәнді, аса терең түсінік берілген. Ол бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге көңіл бөлген. А.Т. Асмолов ғылыми зерттеулерде үш түрлі көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни генді, әлеуметтік, “тарихи-эволюциялық қатынасқа, герменевтикалық парадигма” біріншілік түсіндірушілер дарындылық мазмұнында генетикалық алғышарттар негізі дейді.Екіншілік түсінікті жақтаушылар адамнан психиканы тіптен бөліп шығып, өз зерттеулерінде дарындылықтың қалыптасуына бағытталған әлеуметтік манипуляция әдістерінің ізденісіне көңіл бөліп, қоршаған орта факторын басым етеді.

А.Т. Асмолов “тарихи-эволюциялық қатынастың герменевтикалық парадигмасы” ретінде белгіленген позициясы дарындылық феноменін қарастыра отырып,генетикалық нышанды болжайды, бірақ детерминациялайтын күш ретінде емес. Бұл позиция дарындылықтың мәдени мінезін басым етіп, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына бағытталған.“Дарынды және басқа балалар арасындағы терең айырмашылық (натуралды) табиғи процестерге емес, оларды түрліше қолдануға белгілі мәдени тәсілдерді қолданылуға бағытталған.

Жақындағы перспективада осы түсінік бойынша аса маңызды теориялық зерттеулер жүргізіледі деп күтуге болады. Бірақ қазірде тап осы теория балалар мен олардың педагогтары принциптеріне дискуссиялық қарым-қатынасты, біріккен ізденіс іс-әрекетіне негізделген. Дарындылықты дамытуға арналған бағдарламалардың табыстылығын түсіндіре алады.

Дарындылық және қабілеттілік түсініктерінің мінездемесімен байлнысты шығармашылық, талант, данышпандық сияқты феномендерге тоқталмауға болмайды.Шығармашылық — бұл жеке тұлғадағы қабілеттілік, мотив, білім дағыдының бар болуы.Олар арқылы жаңалықпен, оригиналдылықпен ерекшеленетін продукт құрылады.

Талант — қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп шешуді талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез-келген маман төрағасы, еңбегі продуктісінің оригиналдылығымен мінезделеді. Талант кез-келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.

Данышпандық — қоғамдық өмірде тарихи мағынасы бар шығармашылықта көрінетін дарындылықтың жоғары сатысы.Данышпан өз аумағында жаңалық туғызады.

Барлық жеке тұлғалық осы жасалымдар беліглі бір деңгейде бір-бірімен өзара байланыста болатын қабілеттердің негізінде жеке тұлға бағыттылығына жатады.

Соңғы жылдары әлеуметтік жағдайға байланысты өндіріс, мәдениет, өнер аумағындағы қабілетті және талантты адамдарға ғылыми әдебиеттерде және практикада дарындылық мәселесі бойынша қызығушылығы жоғарылады. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша жаңа оқулықтар шықты. Олар дарындылық табиғатының мәнін толықтырады.

Н.С. Лейтестің редакциясымен 1996 жылы шыққан “Дарынды балалар мен жасөспірімдер психологиясы” атты қызықты да маңызды оқулығынан осыған байланысты, кейбір түсініктемені келтірейік.

Дарындылық — бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше көрініс берулері. Бұл — “тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап-мақсаттар”, бұл — “мақсатты ұмтылушылық ақыл-ой күшіне ерте дайындық”, бұл — “адам іс-әрекетінің кез-келген әлеуметтік — маңызды сферасында белгілі жетістіктерге жете алу қабілеті”.

Келтірілген цитаталардан көретініміздей, дарындылық — бұл тек психологиялық құбылыс емес, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс. Өйткені адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.

Қазіргі кезде интеллектің бірнеше анықтамасы бар. “Интеллект кең  — мағынада — барлық танымдық іс-әрекет, ал тар мағынада — адамның ақыл-ой қабілеттілігінің сферасын білдіретін жалпылау түсінігінің ерекшелігі”. Интеллектуалды қабілеттіліктер адамға қоршаған ортадағы заңдылықтар байланысы мен қатынасын ашуға, өз ақыл-ой процестерін танып, оларға әсер етуге (рефлекстер мен өзіндік регуляция), пайда болатын өзгерістерді көруге, жаңа ситуацияларға үйренісу және ақиқатты белсенді өзгертуге көмектеседі.

М.А. Холодная пікірі бойынша, ақыл-ой қабілетілігінің негізінде адамның қоршаған ортаны талқылап, көретін ерекше түрде ұйымдастырылған даралық тәжірибесі бар.

В.Н. Дружинин бұл мәселе бойынша отандық және шетел авторларының түсініктеріне анализ жүргізе отырып,  өз позициясын бөліп көрсетті.Оның пікірі бойынша,интеллектуалды қабілеттілік пен шығармашылық қызметтерін бөлудың қажеті жоқ, креативтілік үшін интеллект төменнен кем болмауы қажет, бірақ осымен қатар интеллект және креативтілік — тәуелсіз қабілеттіліктер деп айтады.

Осылай, интеллектуалды қабелттілік пен креативтіліктің арақатынасы жөнінде бірдей пікір жоқ. Бірақ, бұл мәселе дарынды балалармен жұмыс жасаудың теориясы мен практикасында қызығушылық туғызып отырғаны күмәнсіз.

Сонымен қатар, ғылыми әдебиеттерде дарынды балаларды “дене-физикалық интеллектісінің” әсер етуі туралы концепция айтылады. Бұл концепция, дарындылықты анықтауда сенсорлы процестердің ерекшелігіне мән беруді алғаш ұсынған Гальтоннан басталады.

Дарындылықтың ең көп тараған концепциясы, американдық ғалым Дж. Рензуллидің моделі болып табылады. Оның моделі бойынша, дарындылық үш сипаттаманың, яғни орта деңгейден асатын интеллектуалды қабілеттілік, есепке бағытталған және мотивацияда көрініс беретін креативтіліктің, бір беткейліктің сәйкес келуінде орындалады. Дж. Рензуллидің теориялық моделінде, тәжірибе негізіндегі білім (эрудиция) және қолайлы қоршаған орта ескерілген.

Дж. Рензулли концепциясы гуманистік (адамгершілікті) болып табылады, өйткені автор дарындылық түсінігімен, “потенциал” терминін қолдана отырып, дарынды балалар интеллектуалды тесттер бойынша анықталғандардан біршама көбірек дей келе, дарынды балалар қатарына, ең болмағанда бір параметрде жоғары көрсеткіш көрсеткен балаларды да жатқызады. Осылай, берілген модель универсалды болып, тек дарынды балаларды оқыту мен дамыту жүйесінде ғана емес, сонымен қатар барлық балалар үшін қолданылуы мүмкін.

Әдебиеттерде дарындылықтың басқа да концепцияларын кездестіруге болады, бірақ олардың барлығы да түрлендіріліп, Дж. Рензулли концепциясына негізделген (К. Торренс, Д. Фельдхьюсен және тағы басқа). Бірақ дарындылықтың кейбір модельдері, бұл параметрлердің феномені «мен» концепция және өзін-өзі сыйлау арқылы толықтырылуы керек деп ерекшеленді(Д. Фельдхьюсен).Дарындылық түсінігі жеке тұлғаның мәнді сипатымен:мақсаттылық, ашықтық, белсенділік(Маслоу,Роджерс,Леонтьев тағы басқалар) арқылы түсіндірілді.Дарындылыққа зерттеушілер статистикалық емес, динамикалық мінездеме береді (Ю.Д. Бабаева,А.И. Савенов тағы басқа), дарындылық басқа жеке тұлғалық сапалар сияқты қозғалысқа бағытталып, дамуда болады. Дарындылықтың мұндай түсінігі авторларды теориялық жоба (модель) құруына әкеледі. Ол модельдерде жеке тұлға әлеуетіне (потенциалына) мінездеме беретін параметрлермен қатар, қоршаған орта факторлары қосылған.Мысалы:Ф.Монкстің “мултифакторлы моделіне” Дж. Рензуллидің 3 шеңберімен қатар, микрортаның негізгі факторлары: “жанұя”,“мектеп”,“құрбылары” енгізілген.

Англиялық психолог Г. Айзенктің интеллект түрлері кеңінен танымал.Олар:“биологиялық — (негізінде мидің құрылымы мен орындалуы бар) оларсыз ешқандай таным процестері орындалуы мүмкін емес; “психометриялық”- ІQ ақыл-ой дарындылығы көрсеткішінің коэфициентін құрайды және көбіне тәрбие мен білім беруден тәуелді; “әлеуметтік” — ақпаратты сынай отырып өңдеу, стратегияны өндіру болып табылады.Г. Айзенк бойынша, интеллектің бұл түрлері өзара байланысты.

Жоғарыда келтірілген интеллект моделі туралы түсінікті талдау, оның күрделілігі туралы көрініс береді. Әрине, ол әр адамдарда түрлі деңгейде болады.

Адам интеллектісінің көріністері көп болуына қарамастан, оның жас ерекшелік динамикасы болады (Ж. Пиаже). Интеллектуалды іс-әрекет, ішкі әрекет жүйесін тұрақты және иілгіш ақыл-ой құрылымы арқылы көрсетеді. Олар дамудың жас ерекшелік стадиясынан өтеді.

Балалық шақтағы интеллектің құрамындағы шешуші рөлді Я.А.Пономареваның “әрекеттің шкі жоспары” сияқты, ақыл-ой дамуының жас ерекшелік динамикасы туралы еңбегі дәлелдейді. Ақыл-ой дамуының жасқа байланысты өсуі, мектепке дейінгі шақта қарқынды түрде байқалады екен.Бес жарым жастан кейін, бұл жеделдік баяулайды да 12 жаста әрекеттің ішкі жоспарының дамуы аяқталады.

С.Л.Рубинштейн:жалпы қабілеттілікті жиі “дарындылық” терминімен белгілеп атайды, -деп жазды.Ал шетел әдебиеттерінде оны әдетте “интеллект” деп атайды.Дарындылық пен интеллект феноменін анықтауға көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары арналған. Интекллекті зерттеу бұрын 2 түрлі түсінікке негізделген болатын.Ф. Гальтон-Дж.Кеттел ойлары бойынша,интеллект өзін қарапайым қызметте көрсетуі керек,ал А. Биненің ойынша, интеллект белгілерінде әрдайым ерекше жинақталған кешенді өзгешілігі болды.Бұл 2 түсінікті тесттер құрастырғанда біздің экспериментмізде кеңінен қолданылады.Олар аз ғана өзгертілген күйінде пайдаланылды.Бүгінгі күнде дарындылықтың бірнеше моделі бар.Ең танымал модельдердің бірі-Дж. Гилфорд бойынша интеллектің құрылымдық моделі болып табылады.Оны шетелдің педагогикалық теориясы мен практикасында, дарынды балаларды оқыту мен дамытуға байланысты диагностикалауда қолданылады.