Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi

Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды.

Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi төмендедi.

Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк – экономикалық саясаты арқылы iске асырылады. Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы деңгейiмен өлшенедi.

Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:

  • Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
  • Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
  • Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
  • Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
  • Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).

Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол реформаларға:

  • Экономиканы жекешелендiру;
  • Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
  • Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;
  • Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
  • Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу;
  • Ауыл шаруашылығын реформалау;
  • Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;

Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп, елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр. Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады.

ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38,5% болды. Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен және инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан бастап экономикалық даму сатысына өттi.

1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн айналымға жiберу отандық товарлардың бәсекелестiгiн қалыптастырды. Сол жылы ЖIӨ-нiң өсуi 1,7%-ке жеттi. Отандық товар өндiрушiлердiң қызметтерiн активизациялау, iшкi және сыртқы рыноктағы сұраныстың өсуi бұл негiзгi 1999-2001 жылдардағы экономикалық өсу болды. Нақты ЖIӨ 2000 жылы 9,8%, ал 2001 жылы оның өсу қарқыны 13,5%, 2002 жылы 10,5% құрады, 2004 жылы 8,4%, 2005 жылы 9,1% және 2006 жылы 9,6% құрады.

Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп.

Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала — өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.

Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер баршылық.

Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде. Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды /10/.

2006 жылдың 1-ші наурызындағы Елбасымыздың халыққа кезекті Жолдауында Қазақстан алдағы уақытта әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі керек деп алдыға үлкен мақсат қойды. Ал бұл бағдарламаларды іске асырып, экономиканы тиімді және бәсекеге қабілетті етіп дамыту үшін ең бірінші қаржы көзінің негізі болып табылатын және кәсіпорындарды ынталандырудағы маңыздылығымен ерекшеленетін инвестициялар болып табылады.