Дала зонасының табиғат байлықтарын тиімді пайдалану

Дала зонасының табиғат байлықтарын тиімді пайдалану өте маңызды, себебі оның табиғат жағдайы

Жауын шашын аз жылдық жауын шашынның мөлшері 180 мм ден 300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын шашын мол түседі қысқы жауын шашын өте аз. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа темпаратурасы 22-24 градус кейде ыстық 40градус дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады қаңтардың орташа темпаратурасы  15-17 градус ең төменгі температура зонаның шығысында (-50градусқа) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып кеуіп кетеді. Тұрақты ағатын  ең ірі өзендері – Ойыл,Жем, Торғай,Сарысу, аягөз.  Шөлейт зонасында 3 мыңнан астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ашы болады.

Дала зонасының негізгі топырағы – қара және қызыл топырақты игру кезінде Қазақстан даласының көп жері жөнсіз жыртылды. Бір кездегі биік бетегелі боз дала қазір астықты алқапқа айналған. Зонаның солтүстігіндегі қара топырақты қара шірікті қабаты қалың , оның құрамында 6% — ға шірінді бар. Оңтүстікке қарай шірінді азая береді де біртіндеп құлан далаға тән күрең — қызыл топыраққа алмасады. Кей жерлерде сортаң топырақтар кездеседі. Сор және сортаң жерлерде өсімдіктеріне қарап біртіндеп – ақ айыруға болады. Мұндай алқапта жапырақ сабағы қара – күлгін жусан біртіндеп көзге шалынады. Дала аймағының онтүстік бөлігінің көп бөлігінің топырағы күңгірт – сарғылт және ашық – сарғылт топырақ. Мұндай жерлерге жалпы егін егуге болады. Бірақ жауын – шашын аз болған жылдары дәнді – дақылдардан өнім аз түседі. Қосымша суландырған жағайда мол өнім алуға болады. Дала зонасының қара топырағы өңірінің 62 пайызына, қызғылт – қоңыр топырақты қуаң дала жерінің 33 пайызына дәнді – дақылдар егіледі. өсіп тұрған орманы жоқ, айнала ашық көз жеткісі жазық алқап, бұл дала табиғатына тән көрініс. Егістікте түгелдей жыртылған далана топырақ эрозиясынан сақтау үшін жел өтіне ағаш егілген. Бүгінде дала зонасы орманды дала сияқты түгел дерлік жыртылған. Егістікке жыртылғанға дейін дала зонасында неше түрлі шөптесін өсімдіктер өсетін. Шөптесін өсімдіктерден дала шалфейі, сары жоңышқа, бөрібұршақ, беде, қурай, сасық, бөдене шөп, ұйқышөп, қазтабан, жусан, т. б. өседі. Дала зонасының ылғалы молдау жерінде қызғылт – бозшалғын түрлі шөп өседі. даланың оңтүстікке қарай топырағы сортаңдана бастайды. Мұндай жерлерде татартөскей шөбі, мыңжапырақ, түймедақ және қара жусан бітік шығады.

Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде құмды және құмдақты топырақты жерлер кездеседі. Мұндай топырақты жерлерде тау бетеге, сібір еркекшөбі, шайшөп, Орал, Мұғалжар және Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларында шиыршық тасты , тастақты дала ұшырасады. Мұнда тау бетеге, бетесе, шөл құмбасы, суық жусан тараған. Дала аймағы жұмыршақ дәрілік түйежоңышқа, меңдуана, сасық меңдуана, су бұршағы, жанаргүл, құндызшөп, шайқурай сияқты алуан түрлі өсімдіктерге де бай.

Дала зонасы жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге бейімделген. Сүтқоректілерден үлкен саршұнақ, қосаяқ, байлақ кездеседі. Дала аймағында кемірушілердің ішінен тышқанның көптеген түрі бар. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ көп тараған. Шөлейттің негізгі топырағы – ашық қызғылт топрақ қызғылт күрең топраққа қарағанда оның құрамында шірінді аз болады. Топрақтың беткі қабатында шірінді 2-3% қана. Саз топрақты жазық пен ойпан учасклерде сортаңдар едәуір орын алады.

Шөл дала зонасында даланың , әрі шөлдің өсімдіктері таралған. өсімдік жамылғысы негізінен бедеге, жусан, түимедақ, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ақшыл болып көрінеді кей жерлерде жусанның арасында изен,ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жербетіне таяау жатқан жерлерде ши өседі.

Ұлы тау, Шыңғыс тау және т.б жоталардың аңғары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл,итмұрын, қарақат және таңқурай өседі. Таулы төбелі гранитті қызыл арай сілемі 115 шөлейттері әсем жазираның бірі. Осы жерде қарағай ормандары өседі.

Жазықтар мен ұсақ шоққылардың аралықтарында сортаң және сор жерлерде кездеседі. Сор жерлерде өсімдік өспейді тек оның шет жағалауларында ғана сортаң өсімдіктер өседі. Шөл даладағы өзен жайлымалары өсімдіке бай. Оларда айрауық, ши қоспасы, құрғақ, қамыс өседі. Жекеленген учасклерде тал, итмұрын, ұшқат бұталары аралас кездеседі.

Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ,қосаяқ, құм тышқан, құм қояндары мекендейді сонымен бірге күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғайлар кездеседі. Сүтқоректлерден ақ бөкен мен қарақұирық кездеседі. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Онда зиянсыз жыландардан — қарашұбар жылан, кіші сары бас жылан, су жыланы, улы жыландардан – сұр жылан қалқан тұмсық жылан бар.

Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдалынлады мұнда негізінен ашық қызғылт топрақты жерде қана егіншлік пен шұғылданады. Шөлейітте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым – ойдым суар малы жерлерде көкеніс бақша егіледі.

Дала зонасының топырағы — қара және қызғылт топырақ типіне жатады. Солтүстігінде топырақ қабатында жоғры өнім жинауға болатын 6 % -ке жуық шірінді бар. Оңтүстікке қарай топырақтағы шіріді кеми түседі де, бірте-бірте қуаң далаға тән қызғылт күрең топыраққа айналады. Бұл арада сорттаң топырақтағы жерлер кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше күтімді қажет етеді. Қызғылт күрең топырақттың құнарлы жерлері егін шарауашылығы үшін жарамды. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда-боз, бетеге атқонақ, еркек, шөп, кермек, қаңбақ басым өседі.

Ойпаң және ылғалды әсіресе өзен жайылымдарда шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ  өседі. Бйдайық шалғындардың мол пішен алынады.

Даланың оңтүсттік бөлігінде негізгі өсімтіктермен қатар жусанның кеибір түрлері өседі. Кеи жерде бұлар тұтас учаскелерде алып жатады. Дала өсімдіктердің арасында дәрі-дәрмектің өсімдіктер де бар. Мысалы жанаргүл, шайшөп, итмұрын, дәрілік валариан кездеседі.

Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала тек көктемде ғана, қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп  қурап сарғайып кетеді.

Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге беиімделген көптеген түрлі жануарлар кездеседі. өмір сүретін жерінің түсіне ұқсас келетін, жүгіретін әрі тез, ұшатын жылдың қолайсыз мезгілдерінде ұзақ ұйығы  кететін жануарлардың да түрлері бар.