Грек тарихшылары

Біздің заманымызға дейнгі 500 – 449 жылдары гректерге парсылар шабуыл жасап көп жерлерін басып алды. Гүлденген қалаларды қиратып, елді қулдыққа салды. Қатерлі булт Афина қала – мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғау үшін грек қалаларының одағың күрды, ортақ жауға бірігіп қүресуге жұмылдырды.

Ақырында гректер жеңіп, тәуелсіздіғің қорғап қалды. Осы жеңістің барысында грек қалаларының қүшті теңіз одағы құрылды. Оған кішігірім

жүзге тарта мемлекет кірді. Бірте – бірте осы тен праволы қала – мемлекеттер үлкен державаға айналып, күшейді. Сонында олардың біріне Афина өз үстемдігін жүргізді. Оның әсіресе теңіз флоты қатты дамып, теңізді емін – еркін биледі.

Афина қала мемлекеті әсіресе, Периклдің түсында/ б.з.д. 444-429 жылдар/ өзінің ғүлденуің бастан өткерді. Афина ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналып, атақты ақын – жазушылардың, тарихшылар мен философтардың назарын өзіне аударды.

Осындай қүшті Грек мемлекеті түсындағы өміріне келген өнер – Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архаика кезендеріндегі жасалған өнер түындыларынан уйрене отырып, жаңа турпаттағы талғамы жоғары өнерді тудыру осы кезеннің сүретші – сәулетшілерінің уйлесіне тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Еуропа елдеріне ықпалың жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеуіне күшті әсер еткен осы кезендегі туындаған өнер болды. Алғаш гректін өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да осыдан.

Ежелгі дүние көлемінде Ежелгі Греция мәдениеті ерекше жоғары өркендеу дәрежесіне жетті. Онда жараталыстану, гуманитарлық және дәл ғылымдар өркендеді. Ежелгі Грецияда философияның негізгі бағыттары пайда болып дамыды, бейнелеу өнері, әдебиет және мәдениеттің басқада салалары тамаша табыстарға жетті. Грек тілі осы уақытқа дейін ғылыми терминологияда кенінен қолданылды. Бізде адам аттарының көпшілігі гректерден тараған. Көптеген мақалдар мен мәтелдер, ертегілердің сюжеттері ежелгі грек трагедиялары мен комедиялары дүние жүзі театрларының сахналарынан түспей келеді. Ежелгі Грецияның мәдени мұрасы ерекше мол дүние, оны зерттеу – ігілікті іс.