Оқушылардың танымдық қызығушылық қасиеттерін ойын элементтері арқылы дамыту

Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантын жеделете дамытып, жан-жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз.

Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі.Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірдіғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым – қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д.Элькониннің атап өткенндей, мұнда балалар өзара сәйкес рөлдерді тасымалдаушылар (ересектердің өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушылар болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік оойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету балала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.

Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында.

Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс- әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рөлді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналыпқана қоймайды, өзінде байытып, ой- өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.

Қызығу – танымдық іс — әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып – үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

  • Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиетерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

Біріншісі – оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу  түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдаттыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағұлматтың жаңа қырының ашылуы.

Екіншісі – оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету; оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

Үшіншісі – мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым – қаиынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Оқушы өзі ұнатпайтын мұғалімнің пәніне ешқашан қызықпайды. Оқушылар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жие бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
  4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағаулаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

«Бұл қалай өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

«Орнына қойып жаз» ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.

Ойын тәртібі: сынып үш топқа бөлінеді. Плакатқа үш қатар етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі, тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады.

Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «оқушылар» өз рөлдерін ауыстырып отырады.

Мысалы:

  1. ара – жәндік 2. алма – жеміс 3. ою – зат

ара – құрал               алма – қимыл              ою – қимыл

«Әр әріптен бір сөз» ойыны оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді.

Ойын тәртібі : сынып үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір- бір оқушыдан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпкедейін бір топтың сөзі екінші топта қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.

«Ойлан, тап» ойын арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.

Ойын тәртібі. Мұғалім бір сөзді ақырын ғана айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім «ұзын» десе, оқушы «қысқа» дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы, мұғалім «Отан» десе, оқушы «туған жер», «ел», «атамекен» дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.

«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады. Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алқоры т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады.

Сәбіз, қияр, картоп – көкөністер.

Осы сөздерге балалар қосымша жалғап, сөйлем құрап жазады. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар сөздерді оқып, талдайды. Мысалы, үй не? деген сұраққа жауап береді. Бұл – сөздің түбірі. Осы түбір сөзге –ге қосымшасын жалғасақ, неге? деген сұраққа жауап береді. Түбірге жалғанатын қосымшаны тапқан оқушы жеңімпаз болады. Яғни бұл ойында тек қосымшалар өзгертіледі.

Оқушылармен «Септіктер» тақырыбын өткенде септік жағауы туралы алған білімдерін орнықтыра, толықтыра түсу мақсатында «Гүлдер» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойын үшін дөңгелек сызылады, ол дөңгелектің ішінен жеті гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады. Оның астына гүл бұтағы мен оның жапырақтары бейнеленеді. Одан кейі гүл тостағаншаларына: гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлден, гүлмен деп жазылған карточкалар салынады.

Ойын тәртібі. Кесте тақтаға ілініп, гүл тостағаншалары жеті оқушыға беріледі. Мұғалім бірінші қай септік ілінуге тиісті екендігін сыныптан сұрайды. Атау септігінде тұрған гүл сөзі кімде болса, сол бірінші парақшасын тілікке орналастырады. Осы тәртіппен қалған септіктердегі сөздер өз орындарын табады. Оқушы сол септіктің атын атайды, жалған көрсетеді. Сөйтіп кестеде гүл шоғы пайда болады. Парақшаны дұрыс таба алмай ұтылған оқушы ойыннан шығады.