ЕСІРТКІ ЗАТТАР ЖӘНЕ ДЕНСАКЛЫҚ

Зинды дағдылдар: темекі тарту, арақ-шарап ішу, есірткі және улы заттарды пайдалану.

Денсаулық жнне наркотикалық заттар.

Наркотикалық заттарды — гашишті Қытайда біздің заманымызға дейінгі 3500 жыл бұрын аурулардан сауқтану үшін пайдаланған. Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химилық заттар алып, әр түрлі мақсаттарға қолданған. Олар: анаша, банг (бонг, ганжа, харос және т.б. қосылыстар).

Бұл тараудың негізгі мақсаты оқушыларға және студенттергс адам ағзасына ішімдіктің темекің, есірткінің әсерлеріне ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Зиянды дағдылардың алдын алуға әсерін тигізетін кейбір қалыктасқан ережелерден тартымды етіп түсінік беру, Оқушылардың, студенттерді және халық арасына кең тараған темекі шегу, арақ-шарап ішу, есірткекелік заттармен әурелену, улы қосылыстарды иіскеп, денесіне жағу мен әуестенудің алдын алу тақырыптарына әңгіме, лекциллар оқиға, лабораториялық практикалық сабақтар өткізу. Зиянды дағдылардың түрлерінен есірткі қосылыстарының қазіргі кездегі классификациясына түсінік беру. Есірткі қосылыстарға деген тәуелділік факторларын айтып түсіндіру. Адам ағзасына әсіресе жас жеткікшектер ағзасына есірткенің (наркотикалық заттардың) тигізетін әссрін түсіндіру. Арақ-шарап ішу мен шұғылданудың кезеңдері, темекі есірткісі темекі түтінінің адам ағзасына әсері. Зиянды дағдыларды болдырмауға қолдан келгеннің бәрін жасау керек екенін жан-жақты түрде айтып беру. (Жасыратыны жоқ жер шарының көптеген мемлекеттерінде залалды дағдалар қисапсыз көбсйіп кеткені туралы газст журналдар күн демей, түн демей жазып жатыр Қолға түскен есірткі заттарды аяусыз түрде отқа жағып, ұсталған адамдарды ешқандай аяусыз соттап жатыр. Осындай қатаң шараларға карамастан, есірткі сатушылар азайыап-ақ тұр. Олар жылдан-жылға көбейе түсуде. Мұның кең етек алып, кеңтаралуын бір қатар Ғалымдар және педагогтар, психологтар, медиктер алдыңғы қатарлы саналы жәнс сауатты адамдар басқа келген апат деп түсіндіреді. Бүл адамдардың басына келен нағыз бақытсыздық. Мұны ғалымдар өркениет ауруы дейді. Есірткі заттармен айналысу дәрігерлердің алдында тұрған үлкен шешуі табылмай келе жатқан мәселе.

Адам денсаулығына зиян келтіретін дағдылар: темекі шегу, арақ-шарап ішумен ншұғылдану, есірткі және улы қосылыстармен (токсикоманиямен) айланысу. Айта кететін бір жайт барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден (апыйыннан, калакайдан, каноплядан) өңдіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының территориясьнда 500 мың гектар жерде конопля өседі.

Ш.Айтматов өзінің кітаптарында жазды ғой. Канопля гүлдеген кезде оның тозаңдарын жинап алып, сақтап, кептіріп сатуға даярлайды. Бүл үлкен қылмыс. Одан анаша өндіріледі. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі — тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсср етеді. Мұндаймен Шұғлданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмеііді 25-26 жасында өмірмен қоштаса береді. Ал бірінші жөне екінші тәсілмен айлалысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс. Онсыз ойдағыдай ем-дем ешқандай нәтиже бермейді.

Дағды — бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажетшігінен туындайды, сонымен бірге табиғатына танылып қалатын мінез-құлықтағы «автоматтандырылған элемент». Адамның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шарты рефлекстер тізбегі пайда болып, ол дами түседі. Бұл шартты рефлекстен құтылуға әбден болады. Егер, таң ертең гимнастика жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады, қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі.