ДЕНСАУЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ

«Денсаулық — зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлексттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика — макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамаңдандылған медициналық көмек көрсстуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бүл туралы біздің ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікгі. Сонымен 2002 жылы — денсаулық жылы деген атаудың өзінен аңғартады.

Елімізде денеаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдсрі жүргізіп отырады. Кейінгі кездс халықтьң денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салысгарғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасыңда емдсу-пракгикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы турде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы   мен емханалардан тегін алады, ал 3 жасқа дсйінгі балалар консультация орындарыньң бақылауында болады. Дснсаулық дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факгорлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды: Физикалық денсаулық — ағза жүйесімен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер калайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамассыз етеді.

  1. Соматикалық денсаулық — Ол адам  ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялык бағдарламасы реттейді.
  2. Психикалық денсаулық — ол адамның психикалык, сфсрасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын болжау, мүның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.

Ағзасында функциялардың өздігінен ретгенуі, функциалық үрдістердің келісімді түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынъң, әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жатдайда болуы.

  1. Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны кабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы карым-қатынасгардың сипаттамасын көрсетсді. Оның негізгі бағалық жүйесі индивидтердін қоғамдағы орны мсн оның мотивті түрде орнығуын : баяндайды. Ол адамның көніл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын , сүйіспеншілігін және  жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады.Олар:

  1. Соматикалық жөне физикалық денсаулықың критерийі мен бәрін «өзім жасай аламын» деп көрсететін критерий;
  2. Психикалық денсаулықтың, критерийі — маған қажет затгардың бәрін «өзім тауып аламын»;
  1. Рухани денсаулықтың негзгі критерийі — мен «өзім жасауым керек».

Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер;

1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) жене арнаулы емес түрде пайда болып қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факгорларға денсаулықтың қарсы түра алатындығы;

2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;

3)Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалдық жағдайын сипаттайтын белгілер.

4) Әртүрлі дефектілерге байланысты дамымай калған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулыктьң, болмауы жәнс денсаулық деңгейі;

5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі.

Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады дегсн сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрдс 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10 — денсаулық сақтау жүйелерінің әлсәздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде жұмыс істейтін болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы артатүсетіні сөссіз. Неше түрліжұқпалы дертке адам ағзасы қарсы тұра алады.

Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-і жақсы болуы адамдардыің өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғълыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішіне жас жеткіншектер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі олар есірткі заттар мен айналысу, және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумен әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өміріне өте қысқартып жіберетіні сөсіз.