ВАЛЕОЛОГИЯ ПӘНІН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ

Валеология — екі шет тілінен алынған . Латын сөзі «Vale» («Сау болу», «Аман болу») қазақша деніңізсау болсын деген мағынаны береді. А.С. Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан «Vale» деген сөзді қосып отырған. «Деніңіз сау болсын » деген сөз. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.

Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының докторы, профессор – фармакогносист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.

Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым дәрігерлердің жазған еңбектерінде келтірілген. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалды.

Баршаға белгілі – адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен шұғылданады да ауралардың пайда болуымен айналыспайды.

Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылымдары шұғылданады. Ұлы физиолог И.П.Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.

«… Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның) негізгі принципі – «денсаулық» деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкі қалыптың айқын анықтамасы жоқ …» Иә, медицина ғылымы қаншама көне болғанымен , денсаулық туралы анықтама бере алмайды. ХХ ғасырда әртүрлі себептер әсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандандырылған анықтама бере бастады.

Сондықтан да осы уақытта медицинаны аурулар ғылымы атай бастады. Мұндай сипаттама медициналық энциклопедиядан тиісті орын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. «Медицина» — көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп, аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған . Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз «денсаулық» деген ешқандай сөз келтірілмеген .

Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиология үрдістерімен байланысты болатыны анықталып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) , анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз – ағзаларда аурулардың не болмаса физиологиялық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық) , рухани және әлеуметтік толық аман – есендік . Академик В.Н.Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулық туралы анықтамасы бұдан да толығырақ баяндалды. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің , әлеуметтік белсенділігінің , сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.

Ал И.И. Брехманның (1987) анықтамасы бойынша , денсаулық адамның ерекшелігіне сәйкес адамның өзгермелі ортада тұрақтылығы, сонымен бірге сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.