Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері

Тәуелсіз елеміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрапақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.

Бала – балғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл – әр халықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншелеген тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.

Тіл – ақиқатты танытудың басты құралы. ОилиосоОиялық және психололгиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.

Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсынысу және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан кіші мектеп жасынан бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылды.

Тілдің тәрбиелік мәні де күшті . Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.

Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы тиіс. Сондықтан тіл сабығы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек.

Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оларға рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс.

Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. ´йткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, геограОияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді.

Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибе барысында ана тілінде оқушылардың дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аудардық. Тіл адамның қатынас құралы ретінде оның барлық өміріндегі нәрі, азығы іспетті екені белгілі.

Бастауыш сыныптағы ана тілі сабығының түбегейлі мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға дген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.

Осы мақсатты орындауға келгенде ана тілі сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:

-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;

-шығарманың түпкі мазмұны – мәнін түсінуін, Эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;

-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу( дамыту;

-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

Бағдарламаның мазмұны осы міндеттерді орындауға бағытталады.

Оқудың алғашқы кезеңінде оқу техникасына көбірек көңіл бөлінеді. Оны бірте-бірте жетілдіре отырып, мәтінмен жұмыс жасау, оқығандарының мән-мағынасын түсіну тәсілдерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

Оқулыққа енетін материалдар дәстүрлік-тақырыптық ұстанымға негізделеді. Бірақ ұстанымды іске асырудың ерекшеліктері де жоқ емес, яғни материалдарды топтауда ішкі логикалық байланыстарға мән беріледі. Мұның мәнісі мынада: бірінші сыныпта бала жазушылардың өлеңдері, қысқа әңгімелері арқылы өзін және қоршаған әлемді таниды: адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас жасай білуді, өзін-өзі ұстауды меңгереді. 1-сыныпта оқушылар жыл мезгілдері, жан-жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбңгі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқып біледі.

2-сыныпта оқушылар ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі. Әдеби ертегелерді оқу барысында “тұтас рухани кеңістік” шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі. Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталодық пен адалдық сияқты ізгі қасиеттер қалыптаса бастайды.

3-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиетінің әр түрлі жанрларымен таныса отырып, әдебиет әлеміне бастау алады. Мұнда жанрлық және көркем шығармаларды тиімді үйлестіру ұстанымы іске асырылады.

4-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінгің озық үлгілерімен танысады. Қазақ балалар әдебиетінің қадыптасу тарихынан: шығармалардың жазылған кезеңі мен мазмұны арасындағы байланыс, автордың көзқарасы т.б. беріледі.

Бастауыш сыныптардағы оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем және ғылыми-танымдық шығармалар.

Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұнында да. Оқу-әдістемесінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.

Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгелерін қамтиды.

Ауыз әдебиетінің мынадай үлгелері: балаларға арналған ойын өлеңдері, төрт түлік жырлары, ертегілер мен аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, шешендіе сөздер мен билер сөздері, нақыл сөздер мен мысалдар, барырлар жырларының үлгілері, өтірік өлеңдер мен айтыс өлеңдері кең орын алады.

Жазба әдебиет үлгілірімен ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған таңдамалы шығармалары қамтылған.

Олар негізінен үш үлкен тақырып төңірегінде топталған:

  • Туған елім Қазақстан;
  • Табиғат – тіршілік бесігі;
  • Адам болу – ізгі ниет:

Осы тақарыптарды қамтьыған көркем шығармаларды оқу барысында балалар айнала қоршаған табиғатпен, адам еңбегімен, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен таныстырылады, заттар мен құбылыстар жайында жан-жақты түсінік алады, оларға тән ерекше қасиеттерге дұрыс сипаттама беруді үйренеді. Сондай-ақ адам мен табиғат және адамдар арасындағы қарым-қатынастардан, адамның Отан алдындағы парызынан т.б. мағлұмыттар беріледі. Балалар адамның сан қилы сезім әрекеттері мен іс-әрекеттерінің қыр-сырын түсініп, олардың ізгі қасиеттерінен тәлім-тәрбие алады.

Оқуға алынған шығармалар баланың көңіл – күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, оны шабыттандыруға, жан дүниесін байытуға бағыттайды.

Әрбір сыныпқа берілген материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-өрісінің деңгейін ескере отырып іріктеледі.

Бағдарламаның ғылыми-танымдық бөлімі оқушыларға түрлі ғылым салаларынан қарапайым білім беру мақсатын көздейді. Оқушылар туған жер қаситеті мен табиғат тамашалары, аспан әлемінің құпиясы, өнер туындылары жайында біршама мағлұмат алады.

Бғадарлама бастауыш сыныптардың оқу сабағында оқушыларға әдебиет теориясы Элементтерінен алғашқы қарапайым түсініктер беруді көздейді. Мұнда ең алдымен – жанр түрлерін ажырата білу, кейбір әдеби ұғымдардың мәнін ашу, салыстырулар мен теңеулердің, ырғақ пен ұйқастың орны мен ерекшелігі т.б. қалыптастырылады.

Бастауыш сыныпта ана тілі пәнінің мазмұны негізінде мынадай әдеби жанр түрлерін қамтиды: өлең-жыр, әңгіме, мысыл, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, ертегі, аңыз, шешендік сөздер.

Бастауыш сыныпта 3-сынып бойынша ана тілі пәнінен аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат берілген. Оқу материалдары: “Туған елем-Қазақстан”, “Табаиғат тіршілік бесігі”, “Адам болу-ізгі ниет” сияқты тақырып төңірегінде қамтылған.

“Атамұра баспасынан 2003 жылы шыққан 3-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында мынадай шартты белгілер бар: ? – сұрақтар, ! – тапсырмалар, r – сөздік, Q – шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар, Ÿ – күрделі сұрақтар мен тапсырмалар, œ – қосымша түсініктер.

Оқулықтың авторлары Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова және Б.Қобатаева Ана тілі оқулығындағы елеулі ерекшелік бұрынғыдай оқушыларға түсінік беру мен оқу техникасын меңгертіп қана қоймай, көркем шығарманың ролін күшейтуге, әдебиеттік оқу әрекетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытып, Эститикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге мән беру болып отыр.

Осыған орай “Ан тілі” оқулығының құрылымы ірі блоктік-тақырыптық және жанрлық-Эстетикалық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа алады. Бұл ұстанымдар оқушыларға дүниенің біртұтас көркем бейнесін беруге ұмтылған, қарапайым әдеби білім беруді мақсат тұтқан, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды көздеген шығармалар мынадай он тараудан тұрады:

  1. Туған елем, туған жерім.
  2. Білім өмір шырағы.
  • Маужырап барқыт қоңыр күз.
  1. ´ткен өмірден.
  2. Қыс бейнесі.
  3. Жақсы ай мен күндей.
  • Табиғат –менің өз үйім.
  • Масатыдай құлпырған жердің жүзі.
  1. Жаздыгүні шілде болғанда.
  2. Сарқылмас қазына.

Оқумазмұны ауыз әдебиетінің озық үлгілері: төрт түлік жырлары, мақал-мәтелдер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды, ертегілер мен мысалдарды, аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерді т.б. қамтиды.

3-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай алынған көркем шығармалар оқушылардың көңіл-күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Бастауыш сыныпта оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту мақсатында тәжірибелі ұстаздар С.Құжанова және П.Аралбаева бірнеше тәжірибелер жүргізген. Алған нәтижелері бойынша мектептегі оқу әрекетіне деген жағымды қатынасты тәрбиелеу бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушыларын оятып, дамытуға негіз болады. Ол үшін мына жайларды ескеру қажет:

  • Оқу әрекеті үстінде жағымды, қолайлы ортаны ұйымдастыру және сабақты көбінесе ойынмен байланыстыру.
  • Оқу әрекеті барысында әрбір баланың мүмкіндіктеріне сенім тудырып, балаларды мадақтап отыру.

Енді осы тұжырымдарға жеке-жеке сипаттама берейік.

  • Баланың оқуға жағымды қатынасын қалыптастырудың бір сыры баламен мұғалімнің бірмеуінде. Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде емес, еркін сезінуі қажет. Мұғалім әр сабаққа өзінше мән бере отырып, күнделікті сабақтарды бір-біріне ұқсамайтындай құруы қажет және де балаллардың зейіндерін күшпен бір орталыққа бағындыруға тырыспаған жөн. Бала сабақтың басталып кеткенін сезбеуі керек.
  • Бала мұғалімнің өзін әрдайым бағалайтынын, онымен санасатынын, оған сенетінін түсінуі қажет. Ең маңыздысы жалпыға және әр балаға әрдайым “Сен қабілеттісің”, “Сенің қолыңнан келеді” деген сияқты үміт сезімдерін тудырып отыруымыз қажет. Ерік күші әлсіз балалармен жеке жұмыс жүргізуді күнделікті күн тәртібінен түсірмеуіміз тиіс. Оларға ақыл кеңесберумен бірге, сенім білдіреміз. Мысалы: “Иә, бұл сенің қолыңнан келеді”, “Мен де солай ойлағанмын”, “Меніңше саған көмектесудің қажеті жоқ, сен өзің-ақ жақсы игересің” т.б. Бала үлкендердің көзіне түсуге құмар келеді. Соның негізінде үлкендердің қойған талаптарын бұлжытпай орындауға тырысады. Сондықтан баланы үнемі мадақтап отырудың маңызы өте зор. Орынды мадақтау ондаған есекруден пайдалы.

Мұндай жұмыстар оқу әрекетінің жемісті болуында белгілі бір мәнге ие.

Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімі Р.Жолдашқызы мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру үшін мынадай қызықты тапсырмаларды орындатуды ұсынады.

1 – тапсырма.

Қате құрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта қарастыру.

Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлып табыды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. ´зі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Олырдың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәләелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Содан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.

Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде айтып беру жеңіл болады.

2 – тапсырма.

Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалым үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады…

Оқиғаны әр бала, бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған дұрыс.

3 – тапсыпма.

´з ойынан ертегі құрастырып айту (Ертегіні қалай бастап, немен аяқтар деің?).

  • ….?
  • Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш қуысынан бір алтын құс шыға келеді.
  • Құс адамша тіл қатады:
  • …?
  • Ертегі құрастырып айту алғашқыда қиындық келтіретіндей болса, тірек сөздер беруге болады. Шал мен кемпір, үш тілік, бәз-баяғы қалпына түсу.

4 – тапсырма.

Негізгі бөлімі жоқ ертегі мәтінін мазмұнына сәйкестендіріп оқиға ойлап жазу.

Бір шалдың ағайынды үш баласы болыпты. Олар ылғи да болмашы нәрсеге керісіп, төбелесіп қала береді екен. Бірде үшеуі ауыл шетіндегі орманға жиде теруге барады. Қайтар кезде басқа жолға түсіп кетеді де, ауылдарынан адасып қалады.

… … …?

… … …?

Осыдан кейін үш ұлы бірін-бірі сыйлап тату-тәтті өмір сүріпті.

5 – тапсырма.

Мазмұнын айту. Мәтіннің негізгі идеясын табу. (екі түрлі вариянт беріледі), (қайсысы тақырып, қайсысы негізді ойды білдіреді?).

  1. Кішкентай құмырсқалар.
  2. Құмырсқа илеуін бұзба!

Мысалы: Құмырсқа – ұйымдасып, жпбыла жұмыс істейтін жәндік. Құмырсқалар кішкентай болғанымен өте ұйымшыл келеді. Орманда жүріп адаасып кетсеңіз, құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды анықтап алуға болатын көрінеді. ´йткені құмырсқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Олар өлген шыбын-шіркейді, басқа да зиянды заттарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайда келтіреді. Сондықтан олардың илеуін бұзбаған, баспаған дұрыс. Қайда оларды қорғау сауап болады.

7 – тапсырма.

Берілген мәтіннің түрін анықтап, оны толықтыру.

Мысалы: Хабарландару! Менің өте әдемі, ақылды итім жоғалды. Тапқан адам болса, мына телеОонға хабарласыңыз: 91-12-17. (Қалай ойлайсыздар, иесі жоғалған итті осы хабарландыру арқылы таба ала ма? Бұл хабарландыруда тағы нені айту керек еді? Тұқымы, иттің түр-түсі, т.с.с. сипаттау керек).

Ана тілі сабағында (мысал ертегі) тірек сызбаны пайдалану, оқушыны ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Сызбаны оқытушы әр сабағының мән-мағынасына байланысты, Эстетикалық талғаммен қолдана білсі, материалданған әркет түрін иеңгеру үрдісін жеңілдетеді. Оқушның ой –толғауын суреттей алу, бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қоя салыстыру, өз бетінше ізденуге одан яғни тақырыптан жаңа ақпарат алыға тікелей ықпал етеді. Сызба арқылы әрекетету баланың сабаққа деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипттама бере білуге, тақырыпты талдай білуге ұмтылады.

Тірек –сызбаны тек ертегі, мысалдарда ғана емес өлең, әңгіме, т.б. тақырыптарда пайдалануға болады. ´йткені, әрбір өтілетін материалдарда әдебиет теориясы Элменттері; теңеу, Эпитет, оқиға желісін ажырату, кейіпкерлерге өз көзқарасын білдіру, жанр түрлерін ажырату, жоспар құру, өздігінен сұрақтар түзу, аяқталған ойдың шегін табу секілді тапсырматар ұЩан-теңіз. Ал, сызба жұмысы, осы мәселелерді ықшамды түрде шешуге, қорытынды жасауға тікіелей ықпал жасайды. Оқушыны жалықтармайды, қайта қызығушылығын, ынтысын, ойын дамытады.

Қызылтау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Г.Қайырбекова 2-сыныпта өтілетінмысал, ертегілерге мынадай сызба түрлерін ұсынады.

А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас ақте, педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады.Көп ретте ұстаздар ойынның негізгі мәні – балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын балалар үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді.

Ал, Ю.К.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдісі түрінде ұсынады.

Ойынның белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне нұсқан келмейтіндей жымдасып жатуын көздеу керек. Жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті, қалағаныңдай нәтиже бере алады. Ойын түрлерін орнымен қолдану оқушының ынтасы мен қызығушылығын, сол пәнге деген сүйіспеншелігін арттырады. Бала ойынның барысын дұрыс меңгерген болса, олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауға тырысады.

Бала бойындағы білімге деген қызығушылық қабілетті тәрбиелеп жетілдіру үшін оның танымдық белсенділігін арттырумен тығыз байланысты. Оқу-танымдық белсенділікті арттыру сабақ барысында қолданған көрнекі құралдарға да байланысты. Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында танымдық белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде оқушыларға айқын обарздартудыратын, өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалын неғұрлымберік шешуіне көмектесетін көрнекі құралдарды көрсетуге кеңес береді. ´йткені, олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушылардың білім деңгейіне май саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, ол оқу озаттарын тежемейді, әрі үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоймай, олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.

Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі роліне қарай М.Махмудов екі топқа бөледі.

  • Заттық – бейнелік көрнекі құралдар: оларға картиналар, Оотосуреттер, кино үзілістері жатады.
  • Таңбалы көрнекі құралдар: оларға нұсқалар, сызбалар т.б. жатады.

Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика байланыста болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті әрі қызықты болып өтеді.

Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді.

Ойын балалардың барлық маңызды ақыл-ой әректі, онда балалардың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

А.С.Макаренконың айтуынша, ойында балалардың Оизикалық, психикалық қасиеттірінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын балалардың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімлі толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді.

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз жоспары, арнайы заттары т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Ойын арқылы бала өмірден көп мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажетететін, әдейілеп ұйымдастрған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың ойынша бала ойын үстінде қандай болса өскенде еңбекте сондай болады дейді.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай: “Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?” – деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы).

Біздің балаға білім, тәрбие жолына пайдаланатын әдістер мәнді болуы шарт. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп ойын ұйымдастыру керек. Балаға таңдалған білім балалардың ақылына лайықталып, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы қажет. Олай болса алдымен ойындарды балаға қай сәттерде, не мақсатпен пайдаланатыны анықталады.

Мысалы: Оқуышалдың ойлау қыбілетін дамытуда сөзжұмбақ, ребус, анограмма, ұйқасын тап ойындарының әсері мол. µйқасын тап ойыны арқылы балалардың білсі-ем деген ұғымы артып, қызығып, белсенділік танытады.

  1. өзінше ноян Тұмсығымен шымшып

Қорқақ кім?…(қоян) Құрат тереді … (шымшық)

  1. Бата алма түлкі

Үсті тікен… (кірпі)

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлерін оқушылардың ойлаубелсенділігін қажет етеді. Әр сабата ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздейді. Ойын балалар сабата зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы ол өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабылеті дамып, өздігінен қорытынды жасай алады.

Джик Со – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұлжағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкерішілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “Жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлу керек, 2, 3, 4-өз алдына “жұмыс тобын құрайды.

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екенідігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар 3, 4-нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тлбынад” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждақаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта таьысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнда ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

Джик Со – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды еске сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ мұалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну оларға дұрыс көзқарасқа үйренеді.

Екі түрі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін немесе таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Әр оқушы мәтінмен ьанысып, күнделікті толтырып біткен соң. Жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы, Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады? Кейіпкерелердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? Т.б. түрінде жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Венн диограммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диограмма салып оқушылар қызыға толтырады. ßғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға дамыту жобасында жұмыс жасап жүрген мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін және оқудың қызықты оушылар ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Мектеп өмірінің мұғалімдердің осы жобамен жұмысқа днйінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықласының, қызығушылғының артқандығын, басқаны түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Дамыта оқыту технологияларының бірі “Ақыл-ой Одиссеясы”. “Ақыл-ой Одиссеясы” бағдарламасының негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету. Осы шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы, олардың қызығушылығын арттыруға болады.

Мысалы, дамытушылық мақсаты “жасырын” тұрған, бір қарағанда өте қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары Эмоционалдық жағдайда өтеді. Солардың бірі – “Ол не?” ойыны. Ойынның шарты төмендегідей:

Оқушылар өзеріне ұнайтын бір заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеуі керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.

Мысалы, менің затым дөңгелек, ол секіреді, бір түсті, әр түстісі де болады. Үлкені және кішкентайы болады. Резеңкеден жасалады. Балалар өзін өте жақсы көреді.

Мұнда ең негізгісі – баланы дұрыс демей отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Бұл сияқты ойындар оқушыларды еркін қиялдауға және психологиялық селсоқтықты жоюға ықпал етеді.

Тағы да бір оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың “пайдалы” жағын көруге тырысу және айтып беру. Мысалы: “төбелес” деген сөздің жаман және жақсы жақтарын анықтауды тапсыру.

Жақсы жақтары:

  • өзімді қорғадым,
  • әлсіз досымды қорғадым,
  • өзімнің күшті екенімді дәлелдедім,
  • шындық үшін төбелестім т.б.

Жаман жақтары:

  • бетім көгерді,
  • ата-анам ұрысты,
  • жыладым,
  • досыммен араздастым т.б.

Бұл тапсырма бірте-бірте күрделеніп отырады. Мысалы: “Жаман-жақсы” ойыны. Балаға жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы немесе жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады.

Мысалы: “Қарындаш”.

Жауаптар: -оның қызыл болғаны жақсы, ал жіңішке болғаны жаман, (неге екеніні дәлелдеу керек).

  • қолда ұстауға ыңғайлы, ал қалтаға салып жүруге болмайды.
  • ұзын болғаны жақсы, үшкір болғаны жаман.
  • ағаштан болғаны жақсы, тез ұштайсыз, ал бірақ абайсызда сынып қалатыны жаман.
  • қызыл болғаны жақсы гүлді бояйсың, ал шөпті бояуға болмайтыны жаман т.с.с.

Бұл тапсырмалар арқылы балалар объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге үйренеді.

“Ақыл-ой Одиссеясы” технологиясы Элементтерін сабақ барысында қолдану нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, сабаққа қызығушылығы артады.

Дәптерге кез келген тақырып алып, әр қайсысы екі сөйлемнен жазып, яғни бір-бірлерінің ойын жалғастыру.

Дос – бір-бірлерінің түсінушілігі, бір-бірлеріне көмегін тигізу, қол ұшын беру, әрдайым қасында болу.

Қазіргі кезде бастауыш сыныптарда сабақ түрлері мен әдістері көбейді. Ол сабақтарға сайыс сабағы, саяхат сабағы, ойын сабағы, т.б. Мұндай сабақтар оқушылардың есінде ұзақ сақталады, сонымен бірге көптеген мәлімет алады, ой-өрісі кеңейеді, ойлау қабілеті дамиды, сабақта белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.

Мысалы, сайыс сабағын өткенді қайталап пысықтағанда, саяхат сабығын танымдық қасиетті дамытуға, ойын сабағын жаңа тақырыпты түсіндіргенде немесе үй тапсырмасын сұрағанда жүргізуге болады.

Қазір әдіскер мұғалімдер сабақты тартымды, қызықты өткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекі құралдар, дидиактикалық ойындар, сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолданып жүр. Бір сарынды сабақтар баланы жалықтырып, сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді.

Мысалы, тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар ңКім көп біледі?, ңСуретке қарап әңгіме құра, ңСөз ойла тез ойла т.б. ойындар ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорды молайтып, тіл дамытуға арналған.

Кім тапқыр? Ойынын ана тілінен өткен сабақтарды қайталау мақсатында қолдануға болады. ´тілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты мәтіннің атын табу және жалғастырып айту.

3 – сыныптың ана тілі пәнінен ңҚыс таруындағы Абайдың ңҚыс атты өлеңін өту барысында оқушыларды қыстың өзіне тән ерекше белгілерімен, қысқы табиғаттың тамаша көріністерімен таныстырып, қыста ауа райының қалай өзгеретіні, оған адам мен хайуанаттардың қалай бейімделетіні, адамдардың қысқы еңбегі мен хайуанаттардың тіршілік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру маңызды. Сонымен бірге оқушылардың өздеріне қатысты мәселелер төңірегінде (қысқы ойындары, олардың Жаңа жыл мерекесін өткізуі, қоғамдық пайдалы еңбектері және т.б.) әңгіме жүргізу олардың көңілдерін көтеріп, сабаққа психологиялық дайындық жүргізілу қажет.

Бұл өлеңді өту кезінде оқушыларды әсерлендіріп, қызығушылық қабілеттерін арттыру мақсатында мынадай әдісті қолдану тиімді.

ңСөзбен сурет салуң. Сөзбен сурет салу үшін бірінші шумақ бойынша мынадай сұрақтарды қамтитын жоспар жасалады:

  • Шалдың киімі қандай? (аппақ).
  • Денесі, түрі қандай? (денесі ұзын, ақ сақалды).
  • Мінезі қандай? (мінезі қатал, ештеңені көрмейтін, соқыр адам сияқты).
  • Үсті қандай? (үстін ақ қырау, мұз басқан, сондықтан жүргенде сықырлайды).

Осы айтқандарыңды көз алдырыңа келтеріңдер. Қыстың қатал көрінісі немесе сұсты Аяз ата елестейді. Егер сендер суретші болсаңдар осы көріністі қалай салар едіңдер деп, оқушыларға ауызша ңсөзбен сурет салғызадың.

Шығармашылық жұмыс.

ңЖазық, орман даланы, ауыл көрінісін көз алдырыңа елестетіңдерң деп әр қатарға жеке тапсырма беріледі:

1-қатарға жазық даланы, 2-қатарға орманды даланы, 3-қатарға ауыл көрінісін әңгімелеп беруі тиіс. Мұғалім: ңЖер аппақ, теп-тегіс, ағаштар көрпе жамылғандай, бүкіл орман тыныштықтаң дей келіп, осы айтқандарын көз алдарына 1-2 минут балалардың көздерін жұмғызып, елестетуді ұсынады. Осыдан кейін біртіндеп көздерін ашқызып, ңәне қоян көрінді, аю қозғалды, түлкі жүгірді, құстардың даусы естілді, орман жәндіктерініңі тіршілігі басталдың деп, балалаларға түрлі елестер беру арқылы оларға Эмоционалдық әсер бере оқыту оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншелегін, сабаққа деген ынтасын арттырады.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда сабақ барысында мәтін мазмұнынна сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді. Мысалы: орыс жазушысы В.Сухомлинскийдің ңАқ шашң әңгімесін өту кезінде әңгіме екйіпкері Мишадан оқушыларға хат келеді. Хатта былай делінеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар? Сабақтарың қалай? Маған сендердің көмектерің қажет болып тұр. Маған көмектесіңдерші! Мен мамамның шашын ағартпас үшін, оның жүрегін ауыртпас үшін не істеуім керек?ң деп аяқтайды хатын Миша. Хатты бір оқушы алып оқиды. Қалғандары Мишаның сұрағына жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді және бұл тапсырманы үйде жазып келуге тапсыруға болады.

Балалардың қиялын, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту үшін әрі ынты-ықыласын артт ыру үшін ңҚиялдауң ойынын ойнатуға болады. Мысалы, Тұманбай Молдағалиевтың, МұзаОар әләмбаевтардың мамандыққа байланысты өлеңдерін оқыту барысында

  • Егер сен дәрігер болсаң не істер едің?
  • Егер сен мұғалім, инженер, жазушы, ғарышкер болсаң не істер едің? – деген тірізді сұрақтарға оқушылардан жауап ала отырып, әр мамандық иесінің орнына өздерін қойып, олардың ерекшеліктерін жете меңгерту көзделеді.

Сонымен қатар ұлттық-дидактикалық ойындардың да оқыту мен тәрбиеде алатын орны ерекше. ңКеруенң ойыны:

Мақсаты: Баалалардың ойлау шапшаңдығын қалыптастыру, зеректігін, байқағыштығын арттыру.

Мазмұны: Тізбектелген түйенің қатарын ңкеруенң деп түсінеміз. Әр түйеде тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылады. ңСоңғы түйенің жүгі ауырң деген мақалды пайдалана отырып, соңғы бала күрделірек тапсырманы орындап шығады.

Балалардың ішкі жан дүниесінің рухани баюын қамтамасыз ету, яғни жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей білу – табандылық, төзімділік, өз ішкі сезімін қажетсіз нәрседен шектей білу, баланың өз түйсігінің жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынталандыру арқылы рухани мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынадай оқыту әдістерін ұсынар едім:

Ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

Бастауыш сыныртарда ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың және сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Мысалы, 3-сыныпта ана тілін оқыту барысында мақал-мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жасауға болады.

  1. Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу, оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету.
  2. Көрініске, табиғатқа, суретке қарап тұрып мақал айту + салу керек.
  3. Мақал-мәтелдер айтысы.
  4. Мақал-мәтелдерге сай оқиға ойластыру.

Мысалы: ңМал – баққанға бітедің.

Асанға атасы базардан бұзау сатып алып берді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан бұзауына шөп орып, су беруге ерінбейтін. Ербол оған қатты қызықты. Бірақ ол ойынды, сотқарлықты жақсы көретін.Бір күні көршісі Ерболға да ата-анасы бұзау сатып алды. Ербол бірнеше күн бұзауына қарап жүрді, бірақ шөп орып беруге ерініп, ойынға қызығып кетіп қалатын. Суды да уақтылы бермейтін. Бір күні бұзауы ауырып өліп қалады. ңМал –баққанға ғана бітедің-деген осы емес пе?

Оқушыладың ана тілі пәніне қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Оқушы ана тілі пәніне көңіл бөлмей, ол бойынша үйге берілген тапсырманы да орындамайтын болса, мұндай жағдайда, оқушыларға көптеген ертігі, немесе әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және олардың ішінен біреуі туралы хабарлама дайындау тапсырылады. Ослай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы бірте-бірте арта береді.

Балалардың кітапқа деген құмарлығын арттыру үшін ңКітап әлеміне саяхатң атты көрме ұйымдастыруға болады. Мұғалім суретті кітаптарды көрсетіп, әңгімелерді мәнерлеп оқиды. Балалар әңігімеден алған әсерлері бойынша сурет салады. Осындай суреттерден көрме ұйымдастыруға болады.

Оқушылардың нана тіліне деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызық өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс – дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде мынадай екі мақсатта қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі – ойын ойнау мақсатында.

Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып, үйренеді.

Бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға баулиды. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.

Тақырапқа сай жүргізілген ойын түрлері ойын Элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

тілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа өлең, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады.

Ана тілі сабақтарынад мынадай ойын түрлерін жүргізуге болады: ңКім көп біледі?ң ойын тәртібі бойынша мұғалім және оқушының алдында санағыш жатады. Берілген тапсырмаға сәйкес дұрыс жауап берген бала таяқшаларды қорапқа салып отырады.