Патриоттық тәрбие беруде дамыта оқыту технологиясын қолдану

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

Кез келген педагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан алуан анықтама берген. Мәселен, Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова: «Оқыту әдістері – оқытудың мақсат – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» – дейді. Ал, Ресей профессоры П.И.Пидкасистый: «Оқыту әдістері – дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті» – деген анықтама береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып біз оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс – әрекеті деген анықтамаға қосыламыз.

Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс, эвристикалық, зерттеу, монологтік әдіс пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін миұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультативтік сабақтар т.б.) түрлендіріп алмастырып отырады.

Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдында проблема туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық –сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі) арқылы меңгертіледі.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа тезнологиялырдың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің ХVII ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов көтерді. Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарын С.Рахметова, Б.Қабатай, Ә.Әмірованың жіктеуін төмендегі кестеден көруге болады.

Дамыта оқытуды жүзеге асырудың аталған бағыттарына жеке-жеке тоқталып, оны бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алады.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы төрт деңгейді көздейді: міндетті деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей және шығармашылық деңгей. Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:

  • шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;
  • жаттап алуға лайықты келеді.

Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.

Үшінші, эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушы пәнне алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды.

Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет жасауға бағыттайды. Бала шығармашылықпен айналысады. Мұнда оқушының қиялының орны ерекше. Оқушы шығармашылығының түрлеріне өлең құрастыру, әңгіме құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау жатады.

Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісіне ойын қолданылады. Педагогикалық энциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интелектуалдық мектеп делінген.

Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі, мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиын болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекетіне төселдіреміз. Ойын сабақтың кез келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып, дамытумен қатар тәрбие мақсаттарының орындалуына да әсер етеді.

Топтық жұмыстарға біріңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Біріңға топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма топтың қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Топтық жұмыстар көркем шығармалар кейіпкерлерін бейнелеу кезінде жүзеге асады.