Оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу бағыттары

Республикамызда мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің 1970-2000 дылдар аралығындағы жай-жапсарын зерттеу барысында кеңес дәуірінде біршама тәжірибенің жинақталғаны белгілі болды. Бірақ көп жағдайларда сол кезеңдегі патриотизм коммунистік паритяның идеологиясымен тығыз байланысты болғандықтан, оның ұлттық сипаты ескерілмиеген. Бұнымен бірге «интернационализмге» тәрбиелеу деген сылтаумен көптеген халықтардың ұлттық патриоттық сезімдері тұншықтырылып, мүлде жойылып кету қауіпі төнген еді. Әрине, бұл жерде адамгершілік қарым-қатынастарға негізделген ұлтаралық береке-бірлікті жоққа шығармаймыз. Әсіресе Қазақстан жағайында бұл өте қажет те. Алайда Қазақстанның бүгінгі ахуалында мемлекеттің иесі болып отырған ұлттың патриоттық сезімі басқа халықтарға үлгі боларлдықтай мағзымас тұрақты болуы керек екені белгілі. Кеңес дәуірінде патриотизмге тәрбиелеуде мектеп оқушыларының патриоттық сана-сезімін қалыптастыраудан гөрі әскери патриоитзмге ерекше мән бергендігін білеміз. Сол кездердегі мұрағат құжаттарын зерттеу барысында үнемі «әскери патриотизмге тәрбиелеу» деген пікірді кезіктіріп отырдық. Бұл жоқ дерден жау іздеп, үнемі оқушыларды біреуге қарсы соғысуға дайындап отырған секілді болып көрінеді. Мектеп оқушыларының көбінесе рухани сезімдерін дамытып, байытудың орнына әскери іс-әрекеттерге көбірек орын берілген. Біздің пікіріміз бойынша мектеп оқушылары ғана емес, жалпы кез-келген адам соғыс іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен руханижағынан дайын болуы керек. Әйтпегенде, қару жарақты қанша меңгергенімен, оның ерлік істерге баруы екіталай. Сондықтан, мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге қатысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен ғұлама-ғалымдардың тарихи-философиялық еңбектерін зерттеу барысында біз мектеп оқушыларын балабақшада немесе отбасында, жастайынан, бүлдіршін кезінен бастап рухани патриотизмге тәрбиелеу керек деп ұйғардық.

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге қатысты ғылыми-педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық және әдістемелік материалдарды жан-жақты танып-білу, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп-бақылау нәтижесінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйенген негізгі бағыттарының анықталмағаны белгілі болды.

Патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары мынандай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбиелеу – оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алуы керек деп ұйғардық. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әр бір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Сана мен сезім қарауға болмайтын бір тұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиялық тегі әр түрлі. Сана-өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі, ол адамның белсенділігі, өзін-өзі бақылауы, мотивтік – құндылықтар сипатымен тығыз байланысты.

Сезімге анықтама бере отырып Қ. Жаоықбаев «борыш», «ар-намыс», «қайсар», «табанды», «өжет» секілді жауапкершіліктерді жоғары сезісдер қатарына қосады. Жоғары сезімдер орта және тәрбиенің ықпалымен даму нәтижесінде қалыптасады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы болып, бұл процесте ол өзі де жаңғырады және ортаның да өзгеруіне ықпал етеді.

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу бағыттары осыған орай мемлекет ұстанып отырған басты идеяны, одан келіп шығатын мақсатты, оның мазмұны, формалары мен әдістері, құралдарын біртұтас жүйеге келтіруге негіз бола алады.

Одақ кезіндегі мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу іс-тәжірибелерін зерттеушілер олардың әдістері, формалары, мазмұнын анықтаған, бірақ оның бағыттарын айқандауға мән бермеген. Біздің пікіріміз бойынша патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс:

  1. Оқушыларда патриоттық сана қалыптастыру;
  2. Мектеп оқушыларыны патриоттық сезімдеріне түрткі беріп ояту;
  3. Өсіп келе жатқан жас буындардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны өмір салтына ендіру арқылы әдет, дағдыға айналдыру;
  4. Әр бір оқушының өз іс-әрекетін санаға салып талдауы арқылы өзін-өзі тәрбиелеуіне шарт түзу;

Зерттелінген 1970-2000 жылдар арасындағы мектеп практикасында оқушылардың санасын, іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері бар болғанымен олар осы бағытт көздемеген, былайша айтқанда, патриоттық сана қалыптастырудың теориялық негізі қарастырылмаған. Осы кездегі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған жұмыс түрлері өте көп. Алайда, оның не оқушы саналығынан, не патриоттық сезімнің күштілігінен келіп шыққандығы дәлелденбеген. Осыдан барып кеңес дәуіріндегі патриотизмге тәрбиелеудің оқушылардың рухани жан дүниесінің құрамдас бөлігіне айналмағаны туралы ой туады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі ол кезде мүлде ескерілмей қалған. Оқушылардың патриоттық іс-әрекетін ұйымджастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көзде тұту деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының апалы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз. Басқаша айтқанда жаппай, жалпы патриотизмге тәрбиелеуді көздеген жөн деген ойдамыз. Бұл психология мен педагогика ғылымдарының тұлға теориясына негізделуі тиіс.

Тұлға педагогиканың теориясында тұрақты қоғамдық сипатқа ие, саналы іс – әрекет пен қарым-қатынастардың субъекті және объекті ретінде қарастырылса, психологияда ол зат, дүние, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас барысында пайда болған қоғамдық сапалар жүйесімен сипатталады. Философияда тұлға әлеуметтік, табиғи орта заңдылықтары және өзінің саналы іс-әрекетінің жемісі. Осы келтірілген анықтамалардың барлығында тұлғаның санасы, іс-әрекеті, сезімі көмексі не көрнеу жалпы жан-дүниесінің қалыптасуына әр түрлі факторлардың ықпалы бар екеніне меңзейді: бұлар біз анықтап отырған негізгі бағыттардың теориялық тұрғыдан дұрыс екендігін дәріптеуге мүмкіндік береді .

Біз қарастырған мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге арналған кейбір іс-шаралар: тәрбие сағаттары, кештер, ертеңгіліктер, оқырман конференциясы, кездесулер т.б. жалпы педагогикалық талаптарға толық сай келе бермейді. Өйткені оларда көбінесе мақсат – міндеттер дұрыс нақтыланбаған, сол себепті нәтижелерінің тиімділігі байқалмайды, қорытындылары сыңаржақты. Бұлай болуының басты себебі олардың негізгі бағыттарының нақтыланбағандығы. Осы кемшіліктерді жоюдың жолын біз мынандай сипатта көріп отырмыз.

  1. Патриотизмге тәрбиелеуге арналған барлық іс-шаралардың мақсаты біз анықтап отырған бағыттар көлемінде анықталуы керек;
  2. Ол мақсаттың тақырыппен тығыз байланысты болуы;
  3. Оның міндеттері қойылған мақсатты жүзеге асыруды амалдарынан құралуы;
  4. Қойылған міндеттерді шешудің тәсілдері, әдістері т.б. нақтылануы;
  5. Олардан келіп шығатын нәтижені алдын – ала болжау;
  6. Қорытындылау.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты – патриоттық сана қалыптастыру болса ол ар, намыс, ождан, қарыз, парыз секілді т.б. ұғымдар мен түсініктерді нақтылау, олар туралы білімдерін жетілдіру жіне олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдету, және Отан, мемлекет, ел, ұлт, халық, атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсету.

Патриоттық сезім келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, сүйсіну, күйіну, мақтаныш секілді т.б. эмоция спектрлеріне түрткі беру, ояту, қозғау салу, дамыту, қалыптастыру мақсатын көздейді. Патриоттық сезім жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдік сезімдерге» қатысты болып, сананың жетілуімен тығыз байланысты. Қоғамдық тәрбенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез құлқын, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады. Бұл бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, өзінің жеке басы үшін адал қызмет етуінен басталады. Мектеп оқушыларына қатысты бұл жақсы оқуға ынталы болу; денсаулығын сақтау, жеке іс-әрекетінде өзінің қазақ ұлтының өкілі, Қазақстан Республикасының азаматы екенін әрқашан ескеріп отыруы.

Патриоттық іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, күнделікті оқу-тәрбие барысында әр бір оқушының көздеген нысаны мұратымен тығыз байланысты болып, тәрбиелік жұмыстарда осыған орай әдет, дағды, икемділік, іскерліктерін дамыту, меңгерту, қалыптастыру және бойына сіңіру мақсаты белгіленеді.

Оқушының өзін-өзі патриоттық іс-әрекетке саналы түрде тәрбиелеуге көшуі – осы бағыттағы жұмыстардың табыстылығының жоғары көрсеткіші. Бірақ бұған жету оқу-тәрбие мекемелері мен ата-аналардың жеке басқа да әлеуметтік ұйымдардың бірге отырып ұзақ мерзімді, жүйелі әрі мазмұнды жүргізілуін талап етеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу – саналы түрде белгілі бір бағытты ұстанған өзіндік іс-әрекет болып, ол көбінесе оқушының өз бойындағы теріс мінез – құлық іс-әрекеттерді жойып болмаса өзіндік жақсы қасиет, сана, қабілеттерін жетілдіруді көздеуі.

Патриоттық сана, патриоттық сезімнің көрсеткіші – оқушының іс-әрекеті. Сонымен бірге іс-әрекет – оның дамуы, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-әрекет барысында оқушы қоршаған ортаның құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттері дамуына ықпал етеді. Мектеп оқушыларының басты іс-әрекеті білім алу, танымдық мүмкіндіктерін арттыру, қабілеттерін дамыту. Бұлармен бірге қоғамдық іс-шараларға белсенді қатынасуы, өзіне қызмет етуі, үй шаруасына көмектесу секілді іс-әрекеттердің барлығы оқушылардың басты міндеті. Осыларға патриоттық сипат беру, басқаша айтқанда оқушының жеке баснының мүддесін ұлттық, отан, мемлекет, халық мүддесімен ұштастырып отыру. Бұл ретте Кенжалин мысалға келтірңлген немістердің 11 қағидасының үлгісін жасап, негізге алу бүгінгі күні патриотизмге өзекті мәселесін шешуге көмектесер еді.

Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу ең алдымен ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылды. Мұнда оқушының өз тұлғасын қалыптастырудың субъектісіне айналуына шарт түзу қажет. Оқушыны өзін-өзі тәрбиелеу деңгейіне жеткізу дегеніміз – оның ішкі қажеттерінен туындаған ой-сана, мінез – құлық, іс-әрекетінң сыртқы жағдайларға сәйкестенуі. Бұл оның өзіне қойылған талаптарға іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жағымды жауап беруі. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруға жетекшілік етуде ұстаздар мынандай басшылық жұмыстарын ұйымдастырады: а( өзін-өзі танып білуі; ә) өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы не жоспарын түзу; б) өзін-өзі иландыру, өзіне бұйрық беруі т.б.; г) өз іс-әрекетін бақылау және бағалау. Бұл ретте ұстаз оқушыларға қандай патриоттық іс-әрекетке өзін-өзі тәрбиелеуі крек екендігін айқындап, бағыт беріп отырады. Біз орай мектептегі тәрбие процесінде көп қолданыла бермейтін, бірақ оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің бағыттарын ұстана отырып жүзеге асыратын, өз практикамызда тексеріп көрген іс-шаралар жүйесін жасау керек деген пікірдеміз.