Елжандылық тәрбиелеудің міндеті және оның әдіснамалық негіздері

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің патриоттық сезімді қалыптастыруда атқарар міндеті зор деп білеміз. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге тоқталайын.

«Жолдасыды тап» оын әдісін тактикалық дайындық бөлімінде практикалық сабақты өткен кезде қолданылса, ал теориялық білім негізінде сабақ өткенде екі бөлек 60 карточка дайындалады, бір карточкаға кез келген дайындық түріндегі сабақ тақырыбының сөз сыңары жазылса, басқа карточкаға екінші сыңары жазылады. Жасырушы екі оқушыға он карточка беріледі. Кімде кім өзіне тапсырылған әр түрлі карточкалар ішіндегі жеке дайындықты іріктеп, тиісті сөздерді дұрыстап жалғастырып, тез оқыса, сол оқушы жолдасын тауып, жеңіске жетеді.

Дискі деп аталатын көрнекі құрал жасалынды, бұл үшін радиустары 8 см және 16 см екі диск (фанер) алынады да бір біріне беттестіріле центрінен тұратындай етіп бекітіледі. Екі дискі де 7 бөлікке бөлініп сызылады. Үлкен дискінің бетіне өсиет, батырлық, ерлік туралы нақыл сөздер жазылса, кіші дискінің бетне керісінше опасыз, қорқақ, жалқау, сатқын деген сөздер жазылады. Дискіні айналдыру арқылы шыққан сөздер сабаққа қызығушылықты тудыратын пікірталастың тақырыбына, тәрбие сабақтарының ьақырыбына айналады.

«Жедел почта» ойыны оқушыларды ұжымдылыққа тәрбиелейді. Ойын шарты бойынша хат тасушы сыныптағы бірнеше оқушыға хат әкеледі, хатты иесіне табыс еткенде ол өлең оқып болмаса ән айтып, би билеуі тиіс. Хат ішіндегі тапсырмаларды сынып оқушылары бірігіп шешуге кіріседі, бұл бірауызды болуға тәрбиелейді, жаңа материалды меңгеруге қосымша сұрақтардың туындауына жол ашады.

«Телеграмма» – хат тасушы сыныпқа телеграмма әкеледі, онда «Отан қорауға сіщдер тез дайындалып, келе жатқан қарсыластарға оң бүйірден соққы беріңіздер» немесе «террористер шабуыл жасады, шұғыл оперативтңк топ құрып оны ауыздықтаңыздар» деген хабар келеді, осындай жағдайда не істеу керек екені таныстырылып, сынып пікірі тыңдалады.

Бұл ойынның шарты – барлық сандарды атау арқылы ерекше даталы күндерді еске түсіру. Арнаулы даталар – патриотизм тақырыбына, халықтар достығына, тәуелсіздік күніне байланысты әңгімелердің арқауы.

«Айқастар картасы» – бұл пәнаралық байланыста оқыту және әскери жазылған қосымша әдебиеттерді оқу арқылы ой бөлісу, цитаталар келтіру, талдау, түсіну әдісі.

Б.Момышұл, Т.Бигелдинов, Қ.Қайсенов, Ә.Шарипов, Г.К.Жуков, А.М.Рокосовский, И.С.Конев сияқты тұлғалардың ерлікке толы естеліктері мен әдеби мұраларын пайдалану арқылы оқушылардың білімін көтеру, оқ пен оттың азабына шыдап, жеңіске жеткен ағалардың ерлігіг үлгі тұтуға тәрбиелеу. Жамбылдың «Ленинградтық өрендері өлеңінің сол кездегі мәнінің жоғары болғандығын тәрбие сағаттарының тақырыбы етіп алып, оқушыларға қосымша материалдар жинақтап өткізсе, әскери патриоттық тәрбие беру мәселесін ұтымды ұйымдастырар едік.

«Командир бұйрығы» – жауынгер үшін заң деген анықтаманы оқушыларға түсіндіруге А.Бектің «Арпалыс», «Волокалам тас жолы», Б.Момышұлының «біздің әскерлер жаңа шепке көшкенше алдыңғы майдан позициясын қорғай бер» деген генерал Панфиловтың бұрық алған эпизодты оқушылардың есіне салып, қандай жағдайда болмасын бұйрықты орындаукдың мән маңызына тоқталуға болады.

-Жолдас Момышұлы, сіз алдыңғы шепті берік ұстауға тиіссіз – деп Панфилов ол күндері саусағымен санады. – Он алтысы бірінші тәулік, бұл сәттер сіздерге жеңілдеу болар, он жетісі сізге ауырлау, он сегізінде қоршауда қаласыңдар, он тоғызы – деп кідіріс жасады да, бұл күнге ешбір сипаттама бермеді.

-Иә, жолдас Момышұлы, он тоғызынан жиырмасына дейін сол шептен айырылмаңыз. – Мақұл жолдас генерал! Кетуге рұқсат па? Момышұлының батальоны бұйрықты бұлжытпай орындап шықты.

Оқушының көкейіне осындай іс-әрекеттермен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат тәрбиелейміз.

Әр бір ғылымның негізгі бұтағы әдіснама екенін ескере отырып, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін айқындау барысында философтардың, психологтардың, педагогтардың берген ғылыми тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды. Патриоттық тәрбинің әдіснамалық негізін ашуда тарихи-педагогикалық тұрғыда талдау жасай отырып, мәдениеттану, аксиологиялық және өркениеттілік тұрғысынан айқындауға жағдай жасалды.

Мәдениеттану тұрғысынан қарастыратын болсақ, ұрапқтан-ұрпаққа жалғасқан ерлік және жауынгерлік дәстүрлер ұлттық патриотизмнің негізі болып табылады. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар болып саналады. Түркі халқына тән қасиет бұл – ерлік. Қазақ деген ұғымның өзі ер, ерлік деген мағынаны білдіреді.

Аксиологиялық тұрғысынан келетін болсақ, патриоттық қасиет бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықтар болып саналады /4/. Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді». Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.

Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патиротизм ұғымы XV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д`Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегіде сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарда қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.

Патриотизмнің әдіснамалық негізін айқындауда психологиялық, философиялық, педагогикалық тұрғыда зерттеу барысында әр кезеңде туындаған патриотизм ұғымына талдаулар жүргізідік.

Алыс және жақын шет елдердегі патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясы

АнықтамаларАлынған әдебиет көзі
«Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл аймақ, ел-жұртымды, руластарымды одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін»- деген екен.Ш.Уалиханов

Таңдамалы шығармалар жинағы

Патриот – Отанын сүйетін, оның байлығын қорғайтын, отансүйгіш, отаншыл азамат.Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка. – М.1956 Т 3 – с-24
Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм – адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі.Философиялық сөздік. Алматы – 1996 335 б.

 

Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік.

«Патриотизм – дегеніміз (грек. рatriotеs – отандас, patrio- отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрыпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», – деп атап көрсетеді. /94, 168/

Педагогикалық энциклопедия

Қазақ совет энциклопедиясы

«Патриотизм» – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адамның, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.Б.Момышұлы

Қанмен жазылған кітап

Патриотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік пролетарлық интернационализммен берік байланысқанПедагогикалық сөздік АПН ССРО. Т. 11 – М. 1960 – С. 86
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында қ\көрініс беретін, балаларының Отан анаға деген көз қарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип.Бабанский Ю.К.

Педагогика М. Просвещение 1983

Социалистік патриотизмге социалистік Отанына, оның мәдениетіне, дәстүріне деген шексіз сүйіспеншілік, социализм жеңістеріне деген мақтаныш өз мемлекетінің экономикалық және әлеуметтік белсенділік, Отанан, оның бостандығын, тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тән.Лихачев Б.Т.

Педагогика. Курс лекций. – М: Прометей Юрайт, 1998. – 464с.

Патриотизм – тұлғаның бойындағы Отан үшін қызмет етуге дайын шын берілген, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті. Патриотизм – өз Отанына және отандастарына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернационализм басқа халықтар мен елдерге деген құрмет пен бірлік мұраты.Сластенин В.А., Каширин В.П.

Психология и педагогика. – М.: АСАДАМА 2003. – с 278.

Патриотизм – адамның туа біткен биологиялық қасиеті емес, ол – әлеуметтік, таризи қалыптасқан, отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді.Құсайынов Д.С.

Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу: Пед.ғылым.кнд.дисс. Алматы, 1999 135б.

Жоғарыда берілген анықтамаларды сараласақ, әр кезеңде патриотизм ұғымы Отанға деген сүйіспеншілік тұрғысынан қарастырылады. Бүгінгі жаһандандыру процесі тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсау.

Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уалиханов жақсы зерттеген және өзінің патриотизмге берген ғылыми тұжырымдамасында жақсы берілген. Біз бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып әулет, тумаластарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың де негізі екенін көрсетеді.

Ш.Уәлихановтың патриотизм ұғымына берген тұжырымына сәйес патриотизмнің моделі

Қазақстан халқының бойындағы патриотизм рухын жетілдіруде ел президентінің «ұлттың болашағына, оның өзіндік «МЕН» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау, – дей келе, ұлттық әрекеттің аясын үш түрлі факиор тұрғысынан, бірінші – ұлттық бірігу (интернация), екінші – қазақтың ұлттық тұтастануы, үшінші – ұлттың жасақталу үрдісінде өзінің ролі мен қызметін айқын сезінулері қажет», – деген сөзі қазақстандағы негізгі идеология – ұлттық бірлік, экономикалық, әскери, ақпараттық дербестікті сақтауда негізгі орын алары сөзсіз.

Б.Момышұлы мемлекет байлығы және жеке адам байлығының нәтижесінде құралатындығына тоқтала келе, өткенгі, бүгінгі және болашақтағы тарихтың өзара байланысы, қарым қатынасы арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға болады дейді.

Б.Момышұлының патриотизмге берген тұжырымы бойынша модель