Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің рөлі

Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздік жағдайына ие болғанда өз мемлекеттілігін қалыптастыруға байланысты бала тәрбиесін қайта қарау маңызды міндеттердің бірі болып отыр. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің елімізді, өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, осы жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әр бір тал шыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік», — деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін атап көрсетті.

Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі халықтың береке – бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігімен – ерлігінде екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Қазақстандық патриотизм қоғамды топтастырудың жетекші факторы болып қала береді. Мемлекетіміздің беріктігі мен күш-қуаты, өміршеңдігі де, оның ұлан байтағының біртұтастығы да Отанды сүюге, патриотизмге байланысты.

Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққы тәрбиелеудегі өлең-жырлар, мақал-мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.

Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі- бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін болсақ, ХV-XVII ғасырлардағы Асан қайғы бастаған, Ақтанберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен көреміз.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтық педагогика құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы – педагогтардың, соның ішінде Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың және т.б. да маңызды ой-пікірлері, отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары қазіргі кезде өз жалғасын табуда.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», — депті Әл-Фараби бабамыз. Осыдан өз тағдырын өзі шешуге қолын енді жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екендігін байқаймыз.

Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бамтауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі – рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктеріне тән ерекше тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажет.

Рухани тәрбие, моральдік ұстаным, Отанын, халқын, елін сыйлауға тәрбиелеу оқыту жүйесінің басты мақсаты болып келген .

Халқымыздың аса бай тарихы ерлік, азаматтық дәстүрлерді жалғастыруды керек етеді. Жүзедеген жылдар бойы қалыптасқан ата-баба салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық және батырлық қасиеттер бүгінгі жас ұрпаққа ауадай қажет. Отанын сүйген, өз елінің болашағын ойлаған білікті де білімді жас мамандар қазіргідей шетелге қашпай өз елінің түтінін түтетіп жүрер еді. Отаншылдық, патриоттық тәрбиенің көмескіленуінен әлгіндей әрекеттер кеңінен етек алуды.

Сол сияқты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдердың алатын орны өз алдына бір төбе. Оның жас балалар үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор. Мысалы, «Ит туған жеріне», «Өз елім өрен төсегім» т.б. мән – мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдалануымыз керек.

Отаншылдық, ел-жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға арқау болатын халықтық рухани құндылықтың бірі ар-намыс. Бұл – борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік – психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар-намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердегі ер – азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра жетіп отыр. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжкндылыққа үйретуге тырысқан.

Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден- ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланы батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайынан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынығы іспестес. Қазақтың баланы жасы жетіге келгенде атқа міңгізіп, үзеңгі ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң – солын танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес.

Жалпы кез келген адам соғыс іс-әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болуы керек.

Араға бірнеше жылдар салып, ел арасында үнемі мақтанышпен айтылып жүрген қазақ халқының рухына жақын, санамызда жатталып қалған Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстанымның» әнінің ресми түрде еліміздің әнұраны болуы халқымыздың мәртөбесін көтеріп, Отаншылдық, патриоттық сезімімізді тербеп, серпілтіп тастады.