Балабақшада ата-аналармен жұмыс жасауды ұйымдастырудың маңызы

А. Сухомлинский балалардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешідер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», — дейді.

Қазіргі балабақшада жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай тәрбиешідер мен балалардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытуда жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы.

Бүгінде балабақшаның ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

Балабақшаның ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен топ тәрбиешісі қамтамасыз етеді.

топ тәрбиешісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктерімен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы топ тәрбиешісінің негізгі міндеттері

  1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатуондағы мақсат:

— Отбасы мен балабақшаның балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

— Ата-аналар ұжымын құру.

— Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.

 топ тәрбиешісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметтті атқаруы тиіс.

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
  2. Ата-аналармен педагогикалық және психоллогиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
  3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
  4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-педагогикалық кеңес беру.
  5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттерін өздері түсінуі тиіс.

топ тәрбиешілерінің, тәрбиешідердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Балалардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы топ тәрбиешілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым қатынасы жайлы түсінік алады.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты.

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мената-аналар белсенділері және мектеп басшылары топ тәрбиешілерімен бірдей жауап береді.

Тәрбиешідердің басшылығымен балалар – көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді. Бұл топ тәрбиешісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады. Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады.

Талдау жұмысының мақсаты- оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді.

Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәлімметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады.

Дегенмен де оқу жылының нәтижесіне кең көлемде талдау жүргізудің өзіндік қиындықтары болады. Ол үшін, ондағы негізгі атқарылған жұмыстарды топтап, соның ішінде басымдық танытатын және жоспарда көрсетілген міндеттергі сай келетін балалар ұжымының оқу-танымдық, тәрбиелік әрекеттерін дерлік тұтастай қамтитын көлемді бөлігін бөліп көрсету қажет. Мұндай талдау жұмыстары негізінен 3 кезеңде атқарылуы мүмкін.

  1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (Оқу-тәрбие жұмыстары).
  2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау (Қоғамдық-пайдалы әрекеттері. Мысалы, сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, жалпы мектеп аралық істерге қатысу, балалардың сыныптағы өзін-өзі басқаруын дамыту т.с.с.).
  3. Жеке баламен жұмыс нәтижесін талдау.

 топ тәрбиешісі оқу жұмысына талдау жұмысын ұйымдастыруда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың ішінде талдау сызбасы мен оның құрылымын анықтау. Ол көбінесе талдаудың мақсаты және міндеттеріне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты анықталады.

 Топ тәрбиешісінің күнделік дәптері – топ тәрбиешісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті буыны. Себебі, топ тәрбиешісінің күнделігі балалыр ұжымының оқу-тәрбие жұмысының орындалуы мен нәтижесіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт-бағдарын нақтылап отыруды жүйелеп атқаруға мүмкіндік туғызады.

Оқу жылының соңында топ тәрбиешісі мектеп әкімшілігіне сыныпта атқарылған тәрбие әрекеттеріне қатысты кең көлемде есеп жұмыстарын тапсырады. Бұл есебінде ол оқу-тәрбие жұмысына талдау жасап, сынып ұжымының даму дәрежесі мен көңіл-күйін баяндайды.

Қазақ ұлт балабақшада мәселелері кеңінен сөз болған Астанадағы кеңестен кейін ұлттық балабақшалар мәртебесін көтеру әр деңгейде жан-жақты қарастырылып келеді. Соның бірі – тәрбиешідердің ата-аналармен бірлескен жұмысы арқылы ұрпақ тәрбиесі мәселесі.

Ұлттық балабақшалар қызметінің әлемдік тәжірибесіне сүйінсек, қазақ ұлт мектебі бала бақшадан бастап университетке дейінгі аралық үздіксіз білім берудің барлық сатыларын қамтитын, қазақ тілін, дінін, мәдениетін, рухани болмыс-бітімін әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұйымдастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе. Осы жүйенң бір бөлшегі ретінде көптеген иновациялық балабақшалар аталған талаптар аясында қызмет етуде, білім мазмұны мен стандарттарына, оқыту технологияларына жаңалықтар енгізілуде. Әрине, бұл бүгінгі заман талабы үшін аса қажет.

Ал дәл осы кезеңде қанша иновациялық мектеп болса да ата-аналармен бірлескен жұмыссыз нәтижеге қол жеткізе алуы қиын болар еді. Сондықтан ондай «біржақтылық» болдырмау тек тәрбиешідерден емес, мектеп әкімшілігінен жүйелі жұмысты қажет етеді.

Барлық типтегі балабақшалардегі ата-аналармен жұмыстың кең тараған түрлері жиналыстар, конференциялар, біріккен шаралар өткізу, отбасылық кештер, сайыстар және тағы басқалар. Әрине оған қатысатын тек қана «белсенді» ата-аналар тобы, ол әр сыныптың шамамен 15-20%-і. Қалған 80-85% ата-ана қайда? Олардың өз балалары, мектебі туралы пікірлері қандай? Оларды бүгінгі білім мазмұны, заманға сай бала бойындағы ерекшеліктері, тәрбиешідердің талап деңгейі ойландыра ма?

Міне, осы сұрақтарға жауап іздеуді мектеп әкімшілігі тәрбиешідермен жұмыстан бастады. Өйткені тәрбиеші – баланы оқытушы ғана емес. Оқыту — әр балаға білім алу үшін педагогикалық, педагогикалық мүмкіндіктер туғызу, өзін-өзі дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасау.

Мұның бәрі тәрбиешінен алдындағы баланың білім деңгейін ғана емес, отбасылық жай-күйін, ата-анасының педагогикалық ерекшелігін, баласына көзқарасын терең білуді қажет етеді.

Ата-ана әртұрлі, олардың мектепке көз қарасы дасан алуан, сондықтан бұл педагогикалық-педагогикалық мәселені тек топ тәрбиешінің мойнына іле салу дұрыс емес. Қандай мектеп болсын әлеуметтік институт ретінде бұл «отбасы – бала — мектеп» үшбұрышын шешуге ынталы, бірақ оның да мүмкіндігі шектеулі екенін есепке алмаса болмайды. Сондықтан бүгінгі біздің қолға алғанымыз ата-аналармен әр сыныпта «Отбасылық педагогикалық таным» сабақтарын жүргізу.

Ол үшін, ең алдымен ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көз қарасын білдйретін сынаулар менпсихорефлексиялар жүргізілді. Әрине, кезкелген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастады. Өздерін, балаларын, жаңа қырынан көре алатынын байқаған ата-аналар сұранысы жоғарылап та келеді.

Балабақшада ата-аналар мен балалар бірлесіп қатысуымен өткізілген «Қабілетті балалар және олардың ата-аналары педкеңесі тәрбиешінің де, ата-ананың да осы бағыттағы жұмыста терең педагогикалық көмекке қаншалықты зәру екенін көрсетіп, алдағы жұмыстарды нақтылауға көмектеседі. Ата-аналардың бәрі педагог емес, сондықтан баланы күшпен оқытпай, ойлау қабілетін арттыру деңгейіне баға берілді.

10% санасы

90% — сананың астындағы құбылыс – танымдық үрдісі екенін біле білмейді.

Осы танымдықүрдісті ашу үшін әсіресе бастауыш сыныпта ойлау, сөйлеу, дерексіздеу, шаттаны, сезіну, әртүрлі дамытатын тапсырмалар арқылы қол жеткізу болатынын, оны мынандай қарапайым мысалдармен дәлелдеп, жаттығулар арқылы көзін жеткіздік.

Мысалы:

а) саусақпен жұмыс;

ә) пианино ойыны, яғни баланың сасақтарының ұшындағы нүктелерді қозғау арқылы ми талшықтарына, түйсіктеріне әсер ету негізінде баланың даму қабілеті күшейеді, жазуға түзеледі. Сабақты дайын күйінде жаттанды күйде алмай кешегіден бүгінге дейінгі, бүгінгіден ертеңге дейінгі жеткізу – біздің мақсатымыз екені ата-аналарға жеткізіледі.

«Мен – баламның көзімен», психотренингті ата-ананың өзін-өзі баласының көмегімен ашу арқылы бірден балаға үлкен талап қоймай, педагогикалық ерекшеліктеріне үлкен мән  беру керек екені дәлелденді.

Балалармен жүргізілетін психологиялдық сынаулардың қорытындысы таныстырылып, талданды.

Өзіндік баға жоғары    Өзіндік баға орташа    Өзіндік баға төмен

Бұл баланың сол кездегі көңіл-күйі өзіндік бағасы (не себепті жоғары, төмен орташа екені түсіндіріледі). Орташа бала сабақты орташа қабылдаса, өзіндік бағасы төмен бала қалай қабылдайды.

Осыдан қорыта келе баланың қабілеті зерттеліп өсу үрдісі менжеке жұмысы нақтыланды.

«Менің баламның мен білмейтін қырлары»… – тақырыбында өткізілген жиналыста «тәрбиеші», «ата-ана», «бала» арасында түрлі жағдаяттар кездесіп отыратындықтан ата-аналарға бірнеше ата-ана рөлінде, тәрбиеші және бала рөліндегі ойларымен бөлісті. Сонымен кесте былай болып шықты.

Тәрбиеші Ата-ана Бала
-баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндіктері,

-ата-анаға талап қою,

-балаға талап қою

-ата-ана мәдениеті,

-ата-ананың жан-жақтылығы,

-баласына уақыт бөлуі,

-педагогикалық көңіл-күйі,

-дүниетанымы,

-ойлау қабілетіне әрекеттер,

-ата-ананың өзін тәрбиелеуі

 

-тәрбиеші мен ата-анадан өнеге алу

Бұл кесте бойынша бала тәрбиесіндегі ата-ана басты рөлде екені және ата-ананың бала тәрбиесіне көңілді аз бөлетіндігі мойындалды, жауапкершілікті сезінді.

Ата-ананың өздеріне берілген, мына сынаулар арқылы өздеріне-өздері баға берді.

Осындай жұмыстар бала тәрбиесіндегі жетекші рөл – ата-ана екеніне көз жеткізеді. Ата-ана жұмысын бұлайша ұйымдастырудан қандай нәтиже алдық?

  1. Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиешімен бірге жауап таба білді.
  2. Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.

Ата-ананың жиналысқа қатысуы және белсенділік деңгейінің өсуі

жиналысқа қатысуы;

  • жиналыстағы белсенділігі.

Ата-анамен жұмыстың мектеп үшін маңыздылығы неде?

  1. Оқу-тәрбие жұмысын ата-анамен бірлескен әрекетінің негізінде

құруды әлдеде одан әрі дамыту.

  1. Ата-ананың бала тәрбиесінде белсенділігін арттыру.
  2. Ата-ананы баланың педагогикалық ерекшеліктеріне көңіл күйіне мән беруге бағытттау. Балаларды тәрбиелей отырып қазіргі ата аналар еліміздің болашақ тарихын тәрбиелейді.

Отбасындағы тәрбие мақсатына субъективтік рең беретін нәрсе ол әрбір ата ананың өз баласын қандай етіп өсіргісі келетіндігі жөніндегі түсінігінің болуы. Мұнда баланың жеке ерекшеліктері және білім қабілеттері назарға алынады. Көбінесе, ата аналар жалпы өз өмірлері, алған білімдері барысындағы кездескен кедергілер мен жіберген кемшіліктерін есепке ала отырып, балаларын басқаша тәрбиелеуге күш салады. Тәрбие мақсатында сондай- ақ сол отбасының ұстанатын этикалық, діни, мәдени дәстүрлері де есепке аланады.Отбасы мүшелерінің, сондай –ақ отбасы мен балабақшаның арасындағы тәрбиелеу ұғымындғы керітар пікірлер баланың жалпы дамуымен жүйке психикасының дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды. Жекеленген нақты отбасыларындағы тәрбие мақсаттан туындайды.

Осындай жаңа тұрпатта өтілген ата-аналармен жұмыстың нәтижесінде төмендегідей жүйе құрылды.