Байқонырдың Агроклиматтық жағдайы

Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәліметтер баршылық болғанмен олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы климат жағдайының ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең үлкен жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды. Жергілікті жерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, ауаның айлық орташа температурасы бойынша Қызылорда облысының жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоңыр топырақты шөлейт аймағына жатқызады.

Қызылорда облысының климаты Еуразиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орташа температурасы +25 +280С. Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44 +470С. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орташа температурасы -13,40С, ал оңтүстігінде Аққұмда -6,80С десек, екеуінің арасындағы айырмашылық -6,60С.

Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік температура -40 -450С-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелу, яғни жоғары ең төменгі температураның айырмасы -85 -900С.

Ауаның тәуліктік орташа температурасы 00-тан жоғары болатын күннің саны – 235 -275. Ол 23 ақпан-18 наурыздан басталып қарашаның 12-28-де бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60%-ы көктем айларында жауады. Жазда жауған қар жабындысы мардымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының 2-3-ші он күндігінде жауады, қалыңдығы 10-25 см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың 1-ші он күндігіне дейін жатты.

Территорияға солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 3,1-ден 6,0 м/с. Дауылдатып топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-дүлей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.

Аймақтың байтағының басым дені құмды келетін шөл жазығы болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдың көрсеткіштеріне орай территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді [18]:

  1. Ыстық аудан-жылудың (+100С-тан жоғары) жинағы – 3400-40000С
  2. Өте ыстық — 4000-43000С
  3. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық жағдай
  4. Тау бөктері

Өте ыстық және құрғақ ауданға кіретіндер: Қазалы, Қармақшы (солтүстігі), Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары. Аталмыш ауданда температураның жинағы 3400-40000С.

Ауаның температурасы +100С-тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші он күндігінің аяғында және үшінші он күндікте басталып, 160-205 күнге созылады. Шілде айында орташа температура +25 +270С. Қаңтар айында -9 -130С. Жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері – 115-130 мм. Қардың қалыңдығы 10-25 см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа-райы қолайлы.

Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан – негізгі егіншілік аймақ. Ол негізінен Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Бұл Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық бөлігін қамтиды.

Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандардың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Ауаның температурасы +100С-тан жоғары болатын жылу жинағы – 4000-43000С. Осы кезеңнің ұзақтылығы 195-205 күн. Суық болмайтын мезгілі сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтылығы 180-190 күн. Күзде қазанның бірінші жартысында егінді суық ұрады. Жазы өте ыстық. Шілдеде орташа температура +27 +28 0С. Жаз айларында иран жақтан оқта-текте өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +45 0С-қа дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінге өте зиян-ақ, дақыл ауып кетеді, ыстықты көкөніс, бау – бақша да көтере алмай, өсуі нашарлайды. Жауын өте аз, анда-санда ғана жауады, жылдық нормасы – 35-60 мм. Қыста қар жоқ, жауса да тез еріп кетеді. Су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланылады.

Тау бөктеріндегі құрғақ агроклиматтық аудан. Мұнда +100С-тан жоғары, температураның жинағы – 3700-35000С. Бұл агроклиматтық ауданға Жаңақорған мен Шиелі әкімшілік аудандарының Қаратау етегін қамтитын оңтүстік шығыс бөліктері кіреді.