Баға белгілеу тәртібі және оны тағайындау кезеңдері

Кез келген нақты бір баға түрі бағалық элементтердің қалыптасу процесіне байланысты. Құрамдас элементтер бойынша тауар бірлігінің (данасының) бағасы (Б) былай анықталады:

мұндағы: Өқ — тауардың өзіндік құны (тауар бірлігін өндіруге кеткен шығындар жиынтығы);

П — пайда;

ҚҚС — қосылған құнға салынатын салық мөлшері, оны мемлекет анықтайды;

Сү — делдалдың саудалық үстемесі, ол оның жеке шығындары, пайдасы және ҚҚС-тан тұрады.

Егер фирма акциздік тауарды өткізетін болса, онда тауар бағасы мынаған тең:

мұндағы: A — акциз, ол мемлекет арқылы белгілі бір мөлшерде алынады.

Сауда ұйымдарының үстемесі олардың жеке шығындарына, тауар түрінің сапасына, ерекшеліктеріне және қажетті еңбек көлеміне қарай 10-50% аумағында тағайындалады.

Баға тағайындаудың кезеңдері:

  1. Алдымен, баға қоюдың мәселелері мен мақсаты анықталып, соған байланысты бар және әлуетті нарықтар мен сегменттер талданады.
  2. Екінші кезеңде баға тағайындауға әсер ететін факторлар талданады. Ең жоғары бағаны анықтауға мүмкіндік беретін тауарға деген сұраныс деңгейін білу қажет. Осы мақсатпен әр түрлі бағаларға қатысты сұраныс икемділігі анықталып, оңтайлы баға деңгейі табылады, сұраныс және тұтыну сәйкестілігінІң графиктері салынады, бағалық емес факторлар әсері және тұтынушылар талғамының өзгеруі бағаланады. Сұраныс және икемділік коэффициенті жайлы ақпарат кәсіпорынның баға туралы дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Көптеген азық-түлік тағамдары үшін сұраныстың баға мен түгынушылар табысына тәуелділігі жоғары екені анықталды. Мысалы, «Бахус» ААҚ өндірген «Дары природы» атты шарап бағасының 1 теңгеге көтерілуі тек оның өткізу көлемінің азаюына ғана емес, тіпті осы өнім өндірісінің тоқтауына әкелді. Бұл оның бағалық икемділігінің жоғары екендігін көрсетеді. Сондықтан маркетолог мамандар тауарға қойылған бағалардың әр түрлі деңгейлеріне сұраныс қаншалықты әсер ететінін анықтауы қажет.
  3. Баға белгілеудің келесі кезеңі тауардың ең төменгі бағасын сипаттайтын шығындар көлемін анықтауды көздейді. Мұның ыңғайын білу өзін-өзі ақтау нүктесін есептеуді, бәсекелестер шығындарын анықтап, мемлекеттің бағаға әсер ететін анықтауды талап етеді.

Шығындар құрамын бухгалтерлер «Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары» негізінде есептеп шығарады. Кәсіпорындарда шығындар құрамын анықтаған кезде жоғарыдағы құжатпен қатар «Өнім өндіру және оны сату шығындарының құрамы және пайданы қалыптастыру тәртібі туралы» Ереже де іс-әрекет етеді.

Қазақстанда баға тікелей есептеумен (жұмсалған шығын тәсілімен) белгіленеді, ол барлық шығындарға пайданы қосып есептеуді көздейді. Мысалы, егер өнімнің жалпы өзіндік құны 100 мың тг, ал жылдық өнім шығару көлемі -200 дана болса, тауардың өзіндік құны 500 тг құрайды (100 мың тг: 200 дана). Шартты рентабельділік 30%-дан тұрады десек, тауар бірлігінің көтерме бағасы 650 тг болады (500 ТГ-К500 тг х 30%: 100%).

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің кәсіпкерлері кері калькуляция жүргізеді, яғни, оларда қалыптасқан нарық бағасы бойынша пайда мөлшеріне емес, қажетті тауар санының жылдамдығына қарап қойылады. Белгілі бір күнтізбелік уақыт мерзімі ішінде шығындарды біртіндеп өтеу мүмкіншілігі «шығынсыздық нүктесі» деген ұғымды туды-рады. Бұл жағдайда бағаның анықталуы «шығынсыздық нүктесі» есебіне, тұрақты және өзгермелі шығындарды табуға негізделеді.

Бұл әдіс, АҚШ-та директ-костинг, ал Еуропа елдерінде-маржиналдық есеп немесе «өтеу сомалары» әдісі деп аталып кетті. Ол — маржиналды табыс алу қағидасын қолдануға негізделген әдіс. Маржиналды пайда тауар сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады. Маржиналды табыс тұрақты шығындардың орнын толтыру арқылы пайданы қалыптастырады. Бұл әдіс фирма іс-әрекетінің пайда әкелетіндігін анықтаудың тиімді құралы болып табылады. Баға белгілеудің негізгі факторларының әсеріне қарай шығынсыздық нүктесін анықтаудың әр түрлі тәсілдерін «Микроэкономика» курсы қарастырады. Қалыптасқан нарыктық баға мен бәсекеге қарай фирманың бағаларды калькуляциялау мысалын көрсетейік.

Өтеу сомасы әдісімен бағаны есептеп шығару (цифрлар шартты түрде алынған)

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Көрсеткіштер мәні
Бір дана тауардың нарықтық бағасы Теңге 550
Бағаға  қарай  болжанған  (кутілетін) -нарықтық айналым мың теңге 110,0
Шикізат мың теңге 42,0
Энергия ресурстары мың теңге 5
Өндірістік персоналдың жалақысы мың теңге 25
Орташ өзгермелі шығындар мың тецге 72
Өтеу сомасы (I) мың теңге 72
Шығынсыздық нүктесі(1) мың теңге 131 (72:0,55)
Көлік саны 15
Амортизация мың теңге 3,0
Өндірістен тыс шығындар Мың теңге 8
Басқа шығындар Мың теңге 2,0
Өтеу сомасы (II) Мың теңге 28
Тұрақты шығындар Мың теңге 100
Шығынсыздық нүктесі (II) мың теңге 182(100:0,55)
Болжанған өнім көлемі дана 200
Болжанган рентабельділік % 10
     

Мұндай жағдайда рентабельділік нарықтық ахуалды талдау негізінде есептеу әдісімен белгіленеді. Біздің мысалда ол 10%-ға тең, оның мұндай деңгейі кәсіпорынның барлық шығындарын жауып, нақты бір пайда мөлшерін әкеледі.

Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өндірістен тыс шығындарды өзіндік құнның және өтеу сомасының құрамына қоспау керек.

Сонымен қатар бағалар деңгейіне өнімнің өзіндік құны мен бағасының құрамына қосылатын алымдар, салықтар және аударымдар әсер етеді. Олардың ішінде: ҚҚС, оның мөлшері 2001 жылдың шілде айына дейін өнімнің көтерме бағасының 20%-ын құраған, ал шілде айынан бастап 16%-ын, 2004 ж. — 15%-ын құрады. Мүлік салығы кәсіпорын мүлкінің орташа жылдық құнының 1%-ын құрайды, жер салығы -1 шаршы метр ауданға 35 теңгеден келеді.

Қазіргі кезеңде маркетинг бөлімдерінің негізгі міндеті нарықтағы барлық бәсекелестердің бағаларын зерттеп, олардың бағалық әрекеттерін және оған қайтаратын шараларды алдын ала дайындап, іске асыру болып табылады.

  1. Бағаны есептеп шығарудың келесі бір кезеңі — баға белгілеудің әдісін таңдап, баға деңгейін анықтау. Тауардың ең төмен бағасы шығындармен, ал ең жоғары бағасы сұранысқа байланысты анықталады.

Фирманың бағалық стратегиясы осы шақта және болашақта бағаға қатысты дұрыс шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Стратегиялық бағалық мақсаттар пайда мөлшерін қалаулы нәтижелерге дейін өсіруге, болашақта нарық үлесін ұлғайтуға, нарыққа әсер ететін әр түрлі тетіктер мен тұтқаларды басқару үшін арнайы қаржы және уақыт резервіне ие болуына мүмкіндік береді.

  1. Баға белгілеудің соңғы кезеңінде барлық ықтимал нұсқалардың ішінен тауардың өткізу бағасы анықталады. Баға белгілеудің өзі бір өнер деп саналады, Өйткені ол өндірушінің мүддесінен шығып, нарықтың талаптарын, сұранысты, өндіріс шығындарын, бәсекелестер бағасын, мемлекеттің баға саясатын, тауардың сапасы мен ерекше қасиеттерін және тағы басқа баға белгілеуші факторларды ескеруі тиіс. Фирма жеңілдіктер мен үстемелер шкаласын жасап шығарады және осы шкала нақты нарықтық жағдайға қарай өзгертіліп отырады.

Отандық кәсіпорындардағы баға белгілеудің ерекшеліктерін кондитерлік өнімдерге көтерме өткізу бағаларын белгілеу тәжірибесі арқылы көрсетейік.

«Рахат» ААҚ-ның карамельдеріңде 2003 ж. көтерме өткізу бағасын белгілеу

килограмға шаққандағы теңге бойынша

Көрсеткіштер «Ертегі» Қаймақты құлпынай» «Му-му»‘
Өзіндік құны 105,3 103,3 105,3
Пайда 15,5 12,5 37,2
Көтерме бағасы 120,8 115,8 142,5
ҚҚС (20%) 24,2 23,2 28,5
Көтерме сатылу бағасы 145 139 171
Рентабельділік, % 14,8 12,1 35,4

Нарықпен қатынасы бар, оны әрқашан зерттеп отыратын, маркетинг бөлімінің мамандары өнімнің өткізу бағасын дұрыс белгілей алады.Баға стратегиясы икемді және өзгеріп отыратын нарықтық жағдайға сәйкес болуы тиіс. Сондықтан, кәсіпорындар нарықтық баға белгілеудің әр түрлі стратегияларын қолдануы және оларды белгілі бір нарықтық жағдайға қарай өзгертіп отыруы қажет. Ол үшін нарықты зерттеу, сұранысты талдау, бәсекелестер бағасы мен ТӨЦ кезеңдерінің ерекшеліктерін білу, пайданы бағалау, өндіріс пен жабдықтау шарттарын және психологиялық факторларды ескеру керек.