Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар

Өзінше билік ету.

Қылмыстың тікелей объектісі талас туғызатын құқықты жүзеге асыру тәртібі.

Қосымша тікелей объект азаматтардың немесе ұйымдардын құқықтары немесе занды мүдделері болуы мүмкін.

Қылмыстың заты талас туғызатын нәрселер болады. Елеулі түрде зиян шеккен азаматтар немесе заңды тұлғалар жәбірленушілер болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс адамның, талас туғызатын нақты немесе жорамал қүқығын заңда белгіленген тәртіптен тысқары өз бетімен жүзеге асырып, жәбірленушіге елеулі түрде зиян келтіру арқылы жасалады.

Өзінің нақты немесе болжамды талас туғызатын құқығын белгіленген тәртіптен тыс өз бетімен жүзеге асыру деп, өзіне тиесілі құқықты занда белгіленген тәртіппен емес, өз бетіншс жүзеге асыруы болып табылады.

Зардап — қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Зардап заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіру арқылы көрініс табады.

Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

Күш қолдану кез келген тәсілмен — өмірге қауіпті немесе қауіпсіз түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену.

Қылмыстың объектісі басқару тәртібін қамтамасыз ететін жауапты өкімет өкілі мен лауазымды адамның бірқалыпты қызметі, ал қосымша тікелей объектісі басқару органының беделі болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде жауапты лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрамы формальдық, занда көрсетілген іс-әрекет орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетінше иелену мақсатымен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған адам.

Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану.

Қызыл Жарты ай імен Қызыл Крест ұйымдарына зор міндеттер жүктелген. Осы ұйымның жарғысына сәйкес Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест ұйымдары бейбіт уақытта халықты санитарлық қауіпсіздікті нығайтуға, стихиялық апаттардан зардап шеккендерге материалдық жәрдем көрсетуге, медициналык-санитарлық көмек беруге жұмылдыруға бағытталған.

Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — заңсыз эмблемаларды және айырым белгілерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін.

Қылмыс субъектісі 16-ға толған адам.

Байланыс желілеріп күзету ережелерін бұзу.

Қылмыс объективтік жағынан алғанда қалааралық байланыстың кабель жүйелерінің күзету ережелерің бұзу нәтижесінде кабель жүйелеріне зақым келіп, байланыстың үзілуіне әкеліп соғатын әрекеттер арқылы сипатталады. Қылмыстық кодекстің 333-бабының диспозициясы бланкеттік.

Қылмыстың зардабы — байланыстың үзілуі түрінде көрсетілген, байланыстың үзілуі едәуір уақытқа созылуы қажет және оны қалпына келтіру үшін жөндеу жұмысы жүргізілуі қажет.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналыкпен немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

Жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру меи өткізу тәртібін бұзу.

Қылмыстың тікелей объектісі жиналыстарды, митингілерді. пикеттерді, көше шерулерін, демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібі.

Объективтік жағынан талданып отырған қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қылмыс құрамы материалдық, заңда көрсетілген зардап орын алса, ол аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі, яғни кінәлі адам занда белгіленген тәртіпті бұзғанын сезеді және соңы жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстың субъектісі — жиналысты, митингіні, пикетті, көше шеруін немесе демонстрацияны ұйымдастырушы (арнаулы сүбъект).

Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, косіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру.

Қылмыстың объектісі болып белгіленген төтепше жағдай туралы заңды бұзу және ұйымдардың басқару қызметіне кедергі жасау болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс әрекет күйінде жасалады. Яғни төтенше заң тыйым салған ереуілді басқару арқылы мекеме, кәсіпорын, ұйым жұмысына кедергі келтіріледі.

Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақамалықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі ереуілді басқарушылар ғана болады.

Қоғамдык бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы.

Қылмыстың, тікелей объектісі қоғамдык бірлестік қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — қоғамдық бірлестік мүінелерінің мемлекеттік органдардың занды қызметіне әртүрлі кедергілер жасау, мемлекеттік органдарға тиесілі қызметті өздеріне жатқызу, мемлекеттік органның лауазымды адамының атқаратын функциясын иеленіп әртүрлі әрекеттер жасау жолымен жүзеге асырылады. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, қоғамдық бірлестік мүшелері.

Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе-олардың қызметіне қатысу.

Объективтік жағынан талданып отырылған құрам белсенді әрекет күйінде: заңсыз діни немесе қоғамдық бірлестіктер құру; оларға басшылық жасау; шет мемлекет, шетел азаматтары немесе халықаралық ұйымдар қаржыландыратын діни партиялар, саяси партиялар, кәсіподақтар құру және оларға басшылық жасау арқылы жузеге асырылады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жузеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі арнаулы, заңсыз қоғамдық бірлестіктер құрған немесе оған басшылық жасаған 16-ға толған адам.

Шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсштік одақтарына жәрдем көрсету.

Қылмыстың тікелей объектісі шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетудің заңды белгіленген ережелерін бұзу болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан мынадай әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: басқа мемлекеттердің саяси партияларын, кәсіподақтарын қаржыландыру, оларға үй-жай, мүлік беру, өзге де жәрдем.

Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі, оның зардабы — азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсетуге болмайтынын сезеді, біледі, бірақ солай істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.

Нарық қатынастары табалырықтын аттап меншік түрі өзгеріске ұшырасысымен заман талабына сай заңдарымыз да жаңара бастады. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының сапына жаңа құрылымдар қосылды. Қанша жерден ұрпақ ауысып уақыт озды дегеншімізбен қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы жасалатын қылмыстардың сырт пішіні өзгеріп, қулық, құйтырқысы күрделенгенімен оның ішкі мен мазмұны сол қүйінде қолып қойды. Осы қылмыстар бір-бірімен тамыранып жатқан осынау қылмыстық топтардың ортасынан ата, мансаптары дардай облыс әкімдері мен базбір министрлердін төбе көрсетіп қамды сыбайласып жемқорлық жасаудың бірінші күні қаншалықты өрісін кеңейтіп, бел алып отырғандығын әйгілесе керек. Еліміздегі жағдайды былай қойғанда, бір ғана оңтүстік Қазақстан облысында отен жалдың бедерінде. Өз өкіметтіктерін пайдаланып заң талаптарына қарама қаймы әрепеттерге барып, әртүрлі алақолдылық жасаған 264 лайазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершіліпке тартылып, 9 адамның қылмысы үшін сотталуның өзі жоғарыдағы кейбір ұлықтардан төленгі деңгейдегі шенеуні ктердің де қалыс қала қоймай тындығын окнық көрсетіп отыр.

Оның сыртында прокуратура органдарымен жүргізілген қадағолау шаролады барысында өздерінең өпімттіктерін пайдалана отырып 1548-і 321-і әкімшіліп, 181-і материалдықжауапкершіліктерге тартысып, жазаланған.

Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, мемлекеттік органдар заң бұзушылық пен жасалатын қылмыстық өзі сан түрлі.

Осы қылмыстарға қатысты қорытындалай келгенде, алдына қойған мақсатқа жетіп, осы қылмыстарға байланысты мән жайлардың бәрін ашып көрсеттім деп ойлаймын.