Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне байланысты

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi — мемлекеттiң бас шысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазакстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президентi — халық пен мемлекеттiң билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрi кепiлi (40-баптың 1, 2-тармақтары).

Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды (46-бап, 1-тармақ). Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады (46-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарыда көрсетiлген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде Республика Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр касиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасаушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн арнаулы бап көрсетiлген.

Қылмыстың тiкелей объектiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң басқару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадiр- касиетiн корғау жөнiндегi қатынастар.

Қылмыстың жәбiрленушiсi — Республика Президентi, оның жақын туыстары.

Қылмыстың объективтiк жағы Қазақстан Республикасы Президентiн жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу арқылы сипатталады.

Республика Президентiн жария түрде қорлау деп басқа бiреудiң немесе көпшiлiктiң көзiнше ел Президентiн әдепсiз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетiн дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мiнез-құлықтарға қайшы келетiн басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тiл тигiзулер болып табылады.

Президенттiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтiн жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершiлiгiн, қадiр-қасиетiн көрiнеу аяққа басатың, оны жұртшылық алдында масқаралайтын, беделiн түсiретiн жалған лақаптар айту, тарату сияқты әрекетгердi айтамыз.

Қылмыс құрылысы жөнiнен формальдық құрамға жатады және ол Президенттi жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғатын әрекет жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен және әртүрлi ниетпен жасалады. Қылмыстық ниет iс-әрекеттi саралауға әсер етпейдi, бiрақ жаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам. Осы қылмыстың ауырлататын түрi — бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекет үшiн жауаптылық ҚК-тйң 318-бабының 2-тармағында көрсетiлген.

Бұқаралық ақпарат құралдарына — газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшiлiкке арналған осындай құралдар жатады.

Кылмыстык кодекстің 318бабының ескертуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғасында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.

Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi — Қазақстан Республикасы Парламентiнiң мемлекетгiк заң шығару қызметiне байланысты ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiн қорғаут жөнiндегi қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбiрленушiсi Республика Парламентiнiң депутаты.

Қылмыстың объективтiк жағы, субъектiсi және субъективтiк жағы, ауырлататын және аса ауырлататын түрлерi бойынша ҚК-тiң 318-бабындағы көрсетiлген құрамдағы белгiлермен ұқсас. Айырмашылық қылмыстың жәбiрленушiсiнде ғана. 318-бапта қылмыстан жәбiрленушi Республика Президентi, ал 319-бапта Республика Парламентiнің депутаттары. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу, қорлау оның депутаттың мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жүзеге асырылады. Мұндай болмаған ретте iс-әрекет жеке адамға қарсы қылмыс ретiнде саралануы мүмкiн.

Өкiмет өкiлiн қорлау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген немесе атқаруына байланысты өкiмет өкiлiнiң заңды қызметi болып табылады.

Қосымша тiкелей объект — олардың беделi мен абыройы.

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс бабындағы мендеттерiн атқарып жүрген немесе оны атқаруына байланысты өкiмет өкiлiн қорлау әрекетi арқылы жүзеге асырылады.

Өкiмет өкiлiнiн беделiн, абыройын, адамгершiлiгiн көпшiлiк алдында аяққа басатын, оларды масқаралайтын әрекеттердi қорлау деймiз. Оларға өкiмет өкiлi туралы ауызша немесе жазбаша, көзiнше немесе сыртынан, болмаса баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын аяққа басатын әрекеттер жатады. Осы қылмыстың жасалу себебi өкiмет өкiлiнiң өз қызметiн жүзеге асыруына, атқаруына тiкелей байланысты. Қылмыстың объективтiк жағының тағы бір белгiсi өкiмет өкiлiн қорлау жария түрде — копшiлiк алдында болуы қажет. Көпшiлiк алдындағы қорлау деп өкiмет өкiлiн қорлауды бөтен адамның көрiп, естiп тұруы немесе бiр топ адамның осы әрекетке куә болуы. Жазбаша қорлау деп баспасөз кұралы арқылы көпшілiкке мәлiм болған жағдайларды айтамыз.

Қылмыс субъективтiк жағынан теқ қана тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кiнәлi адам өкiмет өкiлiн оның қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауына байланысты көпшiлiк алдында жария түрде қорлағанын сезедi және соған саналы түрде жол бередi және аталған адамлардың абыройын, беделiн түсiрудi тiлейдi.

Қылмыстың субъектiсi — 16-ға толған, есi дұрыс, кез келген азамат болады.

Өкiмет өкiлiне қатысты күш колдану.

Қылмыстық кодекстiң 32I-бабының 1-тармағында өкiмет өкiлiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысы өмiрi мен ден саулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану немесе күш болып қорқыту үшiн жауаптылық белгiленген.

Кылмыстың тiкелей объсктiсi өкiмет өкiлдерiнiң дұрыс басқару қызметi, ал қосымша тiкелей объектiсi олардың өзiнiң және жақын туыстарының өмiрi мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жәбiрленушiсi болып табылады.

Қылмыс объективтiк жағынан мына әрекеттердi iстеу аркылы көрiнiс табады:

а) өкiмет өкiлiнiң өзiне немесе оның жақын туыстарына қатысты өмiрi мен денсаулы үшiн қауiпсiз күш колдану;

б) осы көрсетiлген адамдарды күш қолданбақ болып қорқыту;

 в) аталған адамдарға қатысты өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану.

Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оның өзiнiң немесе жақындарының өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз күш қолдануға жәбiрленушiнің киiмiң жырту, олардьт сабау, денесiне жеңiл жарақат келтiру, бостандығын шектеу, өмiрiне немесе денсаулығынақауап келтiрмейтiн жағдайда жәбiрленушiнiң организмiне есеңгiрететiн нәрселер егу сияқты ерекеттер жатады.

Қылмыс құрылысы жағынан формальдық-материалдық құрамға жатады. Жәбiрленушiлерге күш қолданбақ болып қорқыту — формальдық құрамға, ал басқа әрекеттер материалдық құрамға жатады.

Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам.

Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.

Көрсетілген қылмыстың объективтiк және субъективтiк белгiлерi жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы заңда арнайьт көрсетiлген.

Қылмыстыiң негiзгi тiкелей объектiсi жауапты мемлекеттiк лауазымды адамдардың бiрқалыпты, дұрыс қызметi, ад қосымша тiкелей объектiсi — көрсетiлген осы адамдардың немесе олардың туыстарының қауiпсiздiгi болып табылады. Осы адамдар қылмыстың жәбiрленушiлерi болып табылады. Жақын туыстары — ата-аналары, балалары, атасьт, әжесi, немерелерi, iнiлерi, қарындастары, жиені, асырап алған балалары асырап алған ата-аналары, келiнi, құдасы, жақын досы және т.б. жатады.

Қылмыс объективтiк жағынан алғанда жоғарыда аталған жебiрленушiлерге тiкелей байланысты қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi кез келген тәсiлмен жария ету жолымен әрекет немесе әре кетсiздiк арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрылысы жағынан формальдық және ол заңда көрсетiлген iс-әрекььер қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi бөтен адамға немесе адамдарға жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан қасақана (тiкелей немесе жанама) түрде iстеледi.

Қылмыстың субъектiсi арнаулы 16-ға толған, осы мәлiметтер өзiне сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекеттерiне байланысты белгiлi болған адам (жеке күзетшiсi, хатшысы, көлiк жүргiзушiсi дәрiгерi, үй күтушiсi және т.б.).

Қылмыс құрамы материалдық. Ауыр зардаптарға — жауапты лауазымды адамды немесе оның жақын туыстарын өлтiруге оқталу, оларға ауыр дене жарақатын келтiру, үй-мүлкiн жою т.б. зардаптар жатады. Кiнәлiнің зардап жөнiндегi кiнә нысаны абайсыздық арқылы көрiнiс табады.