Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар

Бастауыш класс оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау мектеп жасына дсйінгі балаларды жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын жорамалдайды. Бастауыш класс оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінін қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.

Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса және оның айтқандарын істесе ғана класта жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады. Сондықтан әрбір оқушы осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды үйренеді. Бала көгершіндер тынымсыз құрқылдап жатқан терезеге қарағысы келеді, бірақ есепті шығарудың жаңа әдісін түсіндіруді тыңдау қажет жай ғана тыңдау емес, ертеңгі бақылау жұмысын дұрыс Орындау үшін бұл әдістің барлық егжей-тегжейін жақсы есте сақтау керек. Осындай «қажеттігі» әрдайым ілесу, берілген үлгі негізінде өз мінез-құлқын басқару балалардың психикалық процестердің ерекше қасиеті ретін, еркіндікті дамытуға көмектеседі. Ол іс-әрекст мақсатын саналы түрде қоиып, оларға жетудің қиындықтары мен бөгеттері» жеңудің құралдарын алдын ала ойластыра іздеп таба білуден көрінеді.

Әр түрлі пәндерден қандайда бір тапсырманы орындауда әдетте балалар оларды шешудін ең жақсы жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын тандап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын жоспарлы (бұл ішкі жұмыс әсірссс еңбек сабақтарында ерекше көрнекі байқалады). Бала өз іс-әрекеттерінің «қадамдарын» неғұрлым көбірек жорамалдай алатын болса және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдай бақылуды алдын-ала ойластыра алады. Оқу іс-әрекетіне, сондай-ақ оның басқа да бірқатар ерекшеліктеріне (мысалы, сөз жүзінде есеп беру, бағалау) бакылау жасау және өзін-өзі бақылау қажеттігі бастауыш класс окушыларында іс-әрекетті өздігінен, іштсй жоспарлау және орындау қабілетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.

Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарының бірі — балалар өздерінің айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең көлемде негіздеуде.  Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін мұғалім көрсетіп береді.  Пайымдау үлгілерін ажырата білу қажеттігі мен ол үлгілерді жасауға өздігінен іс-әрекет жасау бастауыш класс оқушыларының өзінің ойы мен іс-әрекетін бейне бір сырттан қарап, бағалау іскерлігін қалыпастыруды көздейді. Бұл іскерлік рефлеция негізінде маңызды қасиет ретінде жатады, ол өз пайымдаулары мен қылықтарын олардың түпкі ойлауы және іс әрекет шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан ақылды да әділетті талдауға мүмкіндік береді.

Еркіндік, іс-әрекеттердің ішкі жоспары және рефлексия — бастауыш мектеп шағындағы баланың негізгі жаңа құрылымдары. Солардың арқасында бастауыш класс окушысының психикасы орта мектепте одан әрі оқыту үшін ерекше мүмкіндіктерімен және талаптарымен қоса алғанда жас өспірім кезеңіне қалыпты өту үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Кейбір бастауыш класс оқушыларының орта мектепке даяр болмауы көбінесе жеке адамның психикалық процестср мен оқу іс-әрекетінің өзінің деңгейін анықтайтын осы жалпы қасиеттері мен қабілетін қалыптасуымен байланысты.

Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері, оқу ситуацияларында балалар жұмысы түрлі типті іс-әрекеттерден құралады. Олардың арасынан оқу әрекетері ерекше орын алады. Солар арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдау шарттарын игереді. Бастауыш класс оқушыларының оқу материалы көрнекі ұғымға және тексті тура, сөзбе-сөз есте ұстауға сүйеніп игеруге тырысатын жағдайларын жиі байқауға болады. Алғаш бұл қажетті оқу әрекеттерін толық орындаудан гөрі оңай да тезірек болады.