Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс

Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектсп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия, әр түрлі ойындар болып табылады. Оның үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттср болып табылады.

Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ окушы болады. Оның өмірінде ойын әлі макызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-әрекеті онық мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық жете адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады, Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезендері бар.

Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелсріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіме қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.

Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағы қарасталған мынадай қағида бар: баланың класка келген алғашқы күннен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлык ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, қасиеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету — бірінші  оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.

Баланың ішкі позициясының екінші жағы онын білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшкыш, аспаз, шофер) болуы үшін, оқудың кажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің, нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке депінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.

Алғашкы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен  оның мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқыту кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе грамматикада байқалады.

Мұғалімдер бұл ынталылықты алғашқы сабақтарда дереу пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.

Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық қызықты жайттарың паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықылыастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағы және үйдегі мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен қиналмай өтуі — оның, мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.

Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылыктардың негізгі түрлері. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктсріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, уй тапсырмаларын орындау қажет және т. б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік әттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші класс окушылары бастан кешірстін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, кластағы жолдастарымен, семьяда болатып қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы

шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Мұғалімнің позицясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшсктік жасамай тура алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардың біреулері тым тұйық ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін). Брінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.

Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауынын өзіндік жеке-дара ерекшсліктсрін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына» көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің  өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының нәтижесінде селқостық пен немкұрайдылыққа салынады. Мұгалімдер кейде материалға сырттан қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.

Оқуға «тоюды» болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті ұғымдарды игеруді талап ететіп проблемалық ситуациялармен ұшырасуында жатыр Бұл шамамен былайша болады. Математика курсында сандар ұғымының маңызы зор. Ол балаларға I класта беріледі. Олармен танысу тәсілі мынадай.

Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей

орындауға болмайды. Қалай істеу керек? Бірінші класс оқушылары бұған ұқсас есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды көпті сәтті әрекеттер жасап көргең соң балалар мұғалімнің көмегімен мұндай жағдайларда өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың көмегімен шамаларды жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Содан кейін балалар өлшеуді және санауды үйренеді, сандар үғымының мазмұнын түсінеді. Осындай арнаулы анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың шығу тегі кандай), тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді шешудің өзіндік математикалық әдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі.

Ана тілі сабағын беруді осыған ұқсас үлгіде құру қажет. Ол ең алдымен балаларға тіл қатынасының белгілі бір морфологиялық-синтаксистік құралдарының қажеттігін және олардың қолданылу заңдылықтарын ашып беруі тиіс. Еңбек сабақтарында оқушыларға алдағы жұмысты жоспарлаудың әдістері мен тәсілдеріне, өздерінің пәндік әрекеттерін саналы түрде реттеу шарттарын оқып үйренуге деген ықылас ету маңызды1.

Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап ететін тапсырмалар жүйесін беру бірінші класс оқушыларын әуел бастан-ак, ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін ашады. Осыдай белсенді ойлау іс-әрекетінің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді. Бұл жұмыс балаларды қызықтырады және мұғалім тарапынан дұрыс басшылық жасалса, олардың шамасы толық жетеді.