Асқар Тоқамағамбетов “Әке мен бала” романының тақырыптық ерекшелігі

Асқар Тоқамағамбетов – қазақ әдебиетімен бірге жасасып келе жатқан жазушылармыздың бірі. Ол поэзия саласында өндіре жазып өз үнін танытқан, сықақ жанрында да өзіндік өрнегі мен айшығын жасап келегн ақынымыз. Поэзия саласымен қатар проза жанрына да қалам сілтеді. Соның куәсі ретінде қазақ әдебиетіне “Әке мен бала” атты туынды қалдырды. Енді “Әке мен бала” романына келетін болсақ, бұл романның көтерген тақырыбы: 1920 жылдардағы қазақ аулындағы барактардың өмірін суреттейді. Романнан 1919-1921 жылдар арасындағы қазақ-өзбек даласындағы жалшы-батырақтардың өсу жолындағы өмір тартыстарын терең бейнелеген кесек тұлғалы образдар арқылы айқын көреміз. Шығармадағы басты жағымды тұлға Аманжол мен Хадишаның өсу жолдарында талай-талай өсу белестерден өтіп, қиыншылық, озбырлық, теңсіздік көргендігін, сол қияндық үстінде пісі, шыңдалып жетілгенін көреміз. Романның идеясы – негізінен Отанға және әке мен баланың бір-біріне деген сүйіспеншілігі. Романдағы ең негізгі, романға арқау болған кейіпкер бейнесі Аманжол. Қазақтың кеңес әдебиеті әуелден халықтың бостандығы, бақыты үшін алысқаны саналы күрескер, ержүрек жауынгер адамның образын жасауға, сомадауға кіріскен. Қазір типтес қаһармандардың саны қазақ әдебиетінде үлкен бір галерея боларлық бар. Олар: С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” пьесасындағы Еркебұлан және оның жолдастары, “Тар жол, тайғақ кешу” романындағы Сәкеннің өзі және оның замандастары, Б.Майлиннің “жалбыр”, “Біздің жігіттер” пьесасындағы Жантас, І.Жансүгіровтің “Жолдастар” романындағы Сатан, Мардан, Мәмбет, С.Мұқановтың “Ботакөз” романындағы Асқар, Ботакөз, Амантай, А.Тоқмағамбетовтің “Әке мен бала” романныдағы Аманжол, Х.Есенжановтың “Ақ Жайық” романындағы Әбдірахман т.б.

Романның бірінші бөлімінде сараң Жайымбай байдың кесірлігінен қазаға ұшыраған Аманжолдың әкесі Андабайдан бастап, оның қарызынан құтыла алмай азап шеккен Аманжолдың Аманжолдың өшпенділік сезімінің оянуы өте нанымды сурттелген. Қараңғылық пен надандықтың шеткі түкпірінде өсіп шілдеде жарық көрмей келе жатқан қазақ кедейлерінің 1916 жылғы патша жарлығына қарсы ұйымдасуы, романның тартымды оқиғаларының бірі. Жазушы қаламына тән бір ерекшелік – оның өзі қозғап отырған оқиғаны жетік білетіндігі. Осының нәтижесінде әрбір эпизод, штрихтарды оқушыларына өркем де оралымды тілмен нанымды да нақты, бүкпесіз жеткізеді.

Асқардың кейіпкерлері кеше ғана байдың есігінде жүрген жалшы, малшылар. Олар Қазан таңының арайлы алтын сәулесінен нұр алып, өз бақыты, өз тағдыры үшін күресуші жандар. Жазушы кейіпкерлерін дайын схемамен құра ламай, оларды қиыншылық, күрес үстінде шыңдап жетілдіріп, олардың рухани өскендігін тапқырлықпен суреттейді. Хадиша мен Аманжолдың жолындағы тосқауылда есеп жоқ. Ескі салт-сана, әдет-ғұрып, байлығынан, билігінен айрылған бай-манап, елді қанаушы жәбірлер. Кездейсоқ бәлеге ұшыратып, айналасын орап жүрген өмір сабағы Қадишаға да, Аманжолға да қатты әсерін тигізді, келешек өмірге жол сілтейді. Жазушының бұл тұстағы сөз саптауы кейіпкерлерінің жай-күйіне, ішкі толқуына, қаракетіне орай түрленіп, нәрленіп отырады. Мысалы, Хадишаның алданып қалтасындағы азын-аулақ тиынынан айырылуы, Арыстанбапта көрген қорлығы кімнің де болса жан-жүйесін босатпай тұрмайды. Керісінше шайқы мен шежіренің түр-сипатын жасағанда, аузына сөз салғанда оқырмандарына еріктен тыс езу тартқызады. Романдағы сатиралық образдар өте айқын шыққан.

Аманжол 15 жыл бойы Жайымбай есігінде өмірін жалшылықпен өткізген. Әйелі – Хадиша, баласы – Меңдіқара. Бір күні Жайымбайдың қорлығына шыдамай Аманжол баласы мен әйелін ертіп Ташкентке жол тартады.

Аманжол адал, сенгіш, аңқаулығы надандығымен ұштасып жатқан адам. Станция басындағы алаяқ қулар, Ташкенттегі шайхана иесі, Жорабай байлар адамшылық сезімінен айрылған, баю үшін арынан да, барынан да құрбан етуге әзір адамдар екенін ол өз көзімен көріп жақсы сезінеді. Аманжолдың тағы бір көзі жеткен жайы мынау болады: Темір станциясында поезға міне алмай, қамалып вокзалда жатқанда оған қызыл командир Андрей нан, ақша беріп поезбен Ташкентке алып барып тастайды. Ташкентке келіп барарға жер, басарға тау таба алмай отырғанда коммунист Шараф деген өзбек жігіті қамқорлық жасайды.

Бірақ табиғат та бар қаһарын аямай тігіп, жол үстінде, боранды күнде әйелі Хадишадан көз жазып қалады. Аманжолдың ендігі мақсаты – баласы Меңдіқараны қалайда аман жеткізу еді. Оның байдан қашып шыққандағы себебі де осы баласын асырау, өзінің көрген қорлығын көргізбеу еді. Бұдан біз әкенің балаға деген махаббатын көреміз. Аманжол бейнесінің тағы жағымды образ ретінде көрінуі – оның революция ісіне араласуы. Андрей Башновпен кездесіп, әңгімелескеннен соң, Шарап деген өзбек кісінің арқасында баласын балалар үйіне тапсыруы, ал өзі Қызыл Армия қатарына алынады. Аманжол елге келгенде әйелінің зияратының үстінен шығады. Бірнеше жылдар өтеді. Бұл соғып жатқан кеудесіне ленин орденін тағынған, Калинин, атындағы қорғасын алыбының жүрегі. Міне осы алыптың қосалқы кең қақпасына кіріп, асфальтті жағалап, гүл қоршағани фонтанды жанай біздің көптен көрмеген бейнеміз – Аманжол еді. ¤з бақытым үшін деп үлкен өмірге аттанған Аманжол енді халық бақыты үшін күрескен ер, азамат дәрежесіне көтеріледі. Сөйтіп ол үлкен өмір жолын кешеді. Аманжолдың адамгершілік қасиетін, қуанышы мен күйінішін, сағынышы мен қайғысын, жан толқындарының қат-қабат сырларын жазушы нанымды суреттейді.

Алдағы жылдар алыс қалып, шашына ақ түсіп, бетке әжім түссе де, жас күндегі жақсы мінез жарасты сөздер әлі күнге дейін қартаймапты. Соңында Аманжол баласымен табысады. Арадағы көп жылдар баласын ұмыт қалдырған жоқ еді. Басқа отбасысы болса да Меңдіқараның орны бөлек еді.

Ал енді Хадиша бейнесіне келер болсақ, автор мұны жалшылықтан ауылнайлыққа дейін көтеріп, сол екі арадағы күрес пен азапқа толы өмір жолын нанымды суреттейді. Сол бір кезде Аманжол кешкен қиындықты Хадиша да басынан кешеді. Сүйген жардан, бауыр еті – баладан тірідей айрылған ол көзсіз көбелектей, баяғы адасқаннан кейін Арыстанбап мешітіне келеді. Кімнің кім екенін өмір сабағы үйретеді. Бір кездегі ер адамның, үлкеннің бетіне ұялып тура қарай алмайтын Хадиша енді тап жауларына қарсы күресте шынығып, өсе бастайды. Осы жолда өзі қайғылы қазаға ұшырайды.

Жазушы Аманжол бейнесі арқылы қала өмірі, соғыс жайын көрсетсе, Хадиша арқылы ауыл тұрмысын, ел жайын бейнелейді. Аманжол мен Қадиша бейнелері оқушы қызықтырмай қоймайды. Жазушы Аманжол өмірі арқылы халық бақыты үшін күрескен, асыл қасиеттерді бойына толық жиған адамгершіліктің биік парасатын ашқан. Аманжолмен қатар Қадиша бейнесі арқылы да жазушы қиын-қыстау кезеңдерде ермен бірдей күрескен әйел-ананы да дұрыс көрсете білген. Аманжол кездескен қиындыққа Қадиша да ұшырайды. Жазушы осы екі бейне арқылы қала өмірін, соғыс жайын, арамза молда-ишандардың жексұрын кейіптерін бүкпесіз дәл берген. Ос ыекі бейне арқылы сол кездегі заманның зымиян өкілдерінің әркеттерін жазушы нанымды суреттеп, биік шешімін таба білген. Бүкпесі көп, шытырман кезеңнің әр қилы көріністерін шашыратпай осы екі кейіпкері арқылы жып-жинақы етіп және барынша шынайы қалпында ұтымды суреттейді. Анадан баланың, әйелінен ерінің айырылуының көркемдік шешімін жазушы өте дұрыс таба білген. Аманжол да, Қадиша да романда суреттелген бар болмыстарымен реалистік образ дәрежесіне дараланып көтеріледі. Сонымен бірге осы екі кейіпкердің өткен өмір соқпақтары арқылы ескі ауылдың арамза молдалары мен ишан, хазіреттері, қазақтың Жайлыбай, өзбектің Жорабай сияқты жауыз байлардың бейнесі де бірін-бірі қайталамай шынайы қалпында берілген. Жазушы бұл кейіпкерлерінің бейнесін сатиралық негізде, әжуа, әшкере ете аша көрсетеді. * (10.3.)

Жазушы роман желісінен де бабымен ширата білген. Олай дейтініміз бірде Хадиша жүрген ауыл өмірі, бірде бүкіл елде өзгеріс жасап жүрген Аманжол өмірі кезек баяндалады да, ортақ тақырыпта – жаңа заман үшін күреспен тоғысады. Бұл әдіс жазушының мақсатын, ойын еркін беруіне кең жол ашып, толық мүмкіндік береді. Асқар осылай ауыл өмірімен күрес күндерін алма-кезек баяндау арқылы кейіпкерлерінің өсу дәрежесін сатылап көрсетеді.

Жайымбай байдан бастап, Степан Сафронович, Жорабай және шайхана иесіне дейін Аманжол өзінің өсу жолында дүниенің ащысын татып, опық жеп қамықса, сол Аманжол Андрейден бастап, коммунист Шараф, қолбасшы Фрунзе мен Сәйт, Сұлухандарға дейін дүниенің тұщысын татып жадырай түседі. Коммунистер мен мейірбан достар арқылы ол сауатты, адал және жауына қатал, жалынды патриот дәрежесінде өсіп шығады. Оң мен солын ажырататын, өмірдің мән-мағынасын білетін, көреген күрескер дәрежесіне дейін, өсіп жетіледі. Сұлу сурет, жанды диалог, драмалық түйін, үйірімді тіл арқылы адам тағдырлары оқушы көңілінде ұялап қала береді. Романның эпилогі де тартымды оқиғаға құрылған. Балалар үйінде қалған баяғы кішкентай Меңдіқара сол бойы жоқ болып кеткен-ді. Кейін әке мен бала бір жерде жұмыс жасап жүрсе де , бірінің әке, екіншісінің баласы екенін білмей жүреді. Балалр үйінде Меңдіқара “Миша” атанып, “Аманжол” дегеннің орнына Аманболов деп жазылып кетеді. Әке мен бала отыз бес жыл өткенде ғана табысады. Эпилог адам тағыдырының осындай бір үлкен түйінін шешеді. Аманжолдың бар қасіретіне ортақтасып қоса қайғырған оқушы енді мына қуанышына қоса қуанады.

Жастайынан еңбекті жанындай сүйетін Аманжолға, өз елін қорғау үшін берілген қандай бір қиын тапсырмалар болмасын, Жайымбайдың есігінде жүріп көрген бір күнгі бейнетіне тұрмайды. Еркімен жасамаған ерлік Аманжолға бақыт әпереді. Ол енді баяғы қарапайым тұрмыстың түрткісінен тірсегі майысқан Аманжол емес, халқы сүйген, құрметтеген ардагер – батыр Аманжол болып көтеріледі. Романның әрбір кейіпкері өздерінің жағымсыз немесе жағымды ой-сезімі, мінез-құлықтары арқылы оқушының назарын бірден баурап әкетеді. Жағымсыз кейіпкер ортасынан шайқы мен молдалардың образдары десек, бұрын-соңды жасалмаған әдеби геройлардың қай-қайсысына болсада ұқсамайтын ерекше тұлғалар. Бұл тұста жазушы сатиралық тілді асқан сақилықпен пайдалана біледі.Олардың сөйлеген сөзімен адам пиғылы, зұлымдығы астасып жатады.

Олардың өмірдегі атқаратын қызметі мен қылығына сыртқы мүсіндері астасып жатқандай әсер қалдырады… “Таңқита қырған мұртының астында ебедейсіз аузы жайылып жатыр, есебін тапса түйені түгімен жұтудан қашатын түрі жоқ. Көзі өлген балықтың көзіндей бозарып, сүзіле қарайды. Ол көздің ішінде мал, бұйым, өлік, үсір-пітір, алдау-арбау жасырынып тұрғандай. Аударылып кетсе лақ ете түсетін мес сықылды. Көзін жұмар-жұмбас сығырайтып, күн шуаққа бұйығын торайдың көзіндей жылтыратып қарайды.” Бұл Әлеухан ишанның бір көрінісіне ғана жасаған шағын портрет. Осының өзінен-ақ ишанның барлық кескін-кейпі көз алдыңда көлбеңдей кетеді.

Осындай түйдек образдар жасауда жазушының ірі сатиралық қабілетінің орнын тауып, тың бейне жасауға сәтті роль атқарғаны көрініп тұр. Романның эпилогі де өте нанымды, тартымды. Басты геройлардың келешек өмір жолын кеңінен аша түскен.

Балалар үйінде қалған Меңдіқараның фамилиясы да, аты да өзгеріп кеткендіктен, әке мен баланың ұзақ жылдар бойы, бірге қызмет істесіп жүрсе де таныса алмауы өмір заңына үйлесіп жатыр. Роман шындыққа жанаспайтын жамау, эпизод, штрихтардан таза.

Сонымен бірге романның тілі кең түрде арнаулы сөз етуді керек етеді. А.Тоқмағамбетов тілге шешен, сөзге жетік жазушы. Оның поэзиясы, сатирасындағы тіл байлығы “Әке мен бала” романына келгенде еселей түскендей. Жазушы жағымды кейіпкерлерінің бейнесін жып-жылы, халықтық әзілмен беріп отырса, жағымсыз кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін өткір сатира арқылы береді. Мысалы Шайқының портреті былай суреттеледі: “… мыжырайған мойны қисықтау, танауы таңқиған, басқа денесіне қарағанда бет жаратылысы қызық, сопақ екенін, я үш бұрыш екенін біліп болар емес. Құдды самаурынға түскен кісінің сәулесі сияқты. Қай жағынан қарасаң да сопияды да тұрады…”*(9.10.) Осылайша әр кейіпкерлерінің сырт мүсіндері де дараланып көрінеді. Шошынған шежіре қайнағаны “ит қуған ешкі көзденіп селтие қалыпты” деп бір ауыз сөзбен бар болмысын береді. Портрет жасауды жазушы дара мақсат етіп қоймайды, оны кейіпкерінің психологиясына орай, сонымен қабыстыра береді. Кейіпкерлердің жан дүниесі, бар болмысы кейде сол сырт мүсіні арқылы да ашылып жатады. Романның тағы бір ерекшелігі тарихи заңдылығында. Кеңес өкіметі алғашқы орнап жатқан кезеңдегі тап күресін жеке адамдардың тағдырынан бөле алмайды. Бірте қайнап, қабыстыра суреттейді. Кеңес өкіметі орнап жатқан кезеңдегі тап күресін жеке адамдардың тағдырынан бөле қарамайды. Романда ескі атаулы бірден күйреп, жаңаға бірден орын бере қоймайды. Бұл белгілі құбылыс. Романда осы тартыс типтік оқиғалар мен мінездер психологиясы арқылы ашыла түседі. Шығарманың шындығы мен ұтымдылығы, халықтығы да осында жатыр. Романда халықтар достығы кеңінен көрестілген. ¦лы орыс халқының басқа халықтарға ағалық қамқорлығы шыншылдықпен баяндалады. Сейдахан болыс пен Құрбан ұстаның арақатысы шиеленіседі. Құрбанның болысқа деген өшпенділігі артады. Тісін қайрап жүріп ақыры Құрбан Сейдахан болысты өлтіріп тынады. Құрбан бейнесі арқылы жазушы тың шешім жасаған. Болысты өлтірген Құрбан бейнесі арқылы тың шешім жасаған. Болысты өлтірген Құрбан қаймықпайды, қашпайды. Қайта өшпенділігі артып, қолмен істегенді мойынмен көтеруге бекінеді. Бұл өткінші көріністе бүкіл сұрқия дәуірдің дәл картинасы бар.