Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру

Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді жетілдіру жолдары негізінен банктік қызметпен тікелей байланысты. Себебі, қазіргі қызметпен экономикалық даму кезеңінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, оны әрі қарай дамыту қаржыландыруға келіп тіреледі. Қазақстан Республикасы банктерінің экономика салаларын несиелеумен қанағаттандырылуы әліде болса төмен деңгейде. Сонымен қатар, кейінгі жылдары банк тараптарының қысқаруы да өз әсерін тигізуде. Мысалы, 1998 жылдың аяғынан 2002 жылдың тамызына дейін банк саны 71-ден 38-ге дейін немесе 46% қысқарса, банк филиалдары 458-ден 368-ге дейін, яғни 20% қысқарды. Банктердің бұлай қысқаруы кәсіпкерлердің несие алуына бөгет жасап, оның сапасы мен қызметін төмендетеді. Қазіргі кезде несиелеуде алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр. Барлық несиелер бойынша 1999 және 2000 жылдары ғана төмен болды. Олардың орташа жылдық көлемі 2,3% және 6,6% болды. Бірақ 2001 жылы нақты мөлшерлеме 7,6% өсіп, ал 2003 жылдың 9 айында 8,7%-ға көтерілді. Сонымен қатар, теңгелік және валюталық несие арасында да айырмашылық бар. 2003 жылы теңгелік несие валюталыққа қарағанда 2,6% төмен болды. Теңгелік несие бойынша пайыз мөлшерлемесі 8,8% болса, валюталық несие бойынша 11,7%. Ұзақ және қысқа несие қымбатқа түседі. Қысқа мерзімді несиенің пайыздық мөлшерлемесі 14,1%, орта мерзімдік 14,6% құрап тұр. Біздің зерттеп отырған «Алматы Құс» ААҚ-ң алған несиенің пайыздың мөлшерлемесі 14% құрап отырғанын алдыңғы бөлімде айтып өткенбіз.

Бұл пайыздық мөлшерлеменің жоғары екенін жоғарыда келтірілген мәліметтерден көріп отырмыз. Қазақстан экономикасы шағын кәсіпкерліктен құралғандықтан олардың несие алудағы пайыздық мөлшерлеме нақтыдан төмен болса әлде қайда жақсы болар еді. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындарға несие беру әлде қайда қатаңдау болып келеді. Себебі, несие кепілмен қамтамасыз етілуі қажет. Банк жағынан несие берудегі тәуекел аса үлкен болып тұр. Сондықтан, банктер шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болып отыр. Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындар несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр. Бұндай кемшіліктерді жеңу үшін мемлекетіміздің қаржы институттары арнайы механизм құруы қажет. Несиелеудің мұндай механизмі екі жақтың да қызығушылығын қанағаттандыруы қажет. Банктердің қызығушылығы несиелік тәуекелді төменднту болса, кәсіпкердің қызығушылығы несие алудың жеңілдігі және пайыз мөлшерлемесінің төмен болуына бағытталған.

Несиелеуді жетілдіруде менің ұсынғым келген ұсынысым несиелеу мерзімін ұзарту. Себебі, кәсіпкер алған несиесін айналымға қосып үлгерместен оның пайызы бойынша есеп айырысу уақыты жақындап қалады.

Алдағы үш жылда Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру көлемі 95 млрд. теңгеге жетеді. Бұл туралы 28-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде құлағдар етті. Н.Назарбаев ортаға салған мәліметке сәйкес, тек биылғы жылдың 7 айында екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік саласына 400 млрд. теңгенің несиелерін берді. Жалпы саны 350-ге жеткен шағын несиелік ұйымдар биыл 9,6 млрд. теңгенің несиелерін таратты. Бұл шағын кәсіпкерлікке жасалған ауқымды қолдау.

Сонымен қатар, қазіргі кезде ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Республикасында жақын уақытта несиелеу бюросы ашылады деген болжам бар. Бұл бюроны құру идеясын жеке банктер, қаржыгерлер Ассоциациясы да қолдап отыр. Бұл бюроның көмегімен экономикада даму болады, активтер диверсификацияланады. Бұл бюро несиелеуді жеңілдетіп, шағын және орта бизнес секторларының дамуын ынталандырады. Бұндай несиелеу бюролары кәсіпкерліктің дамуына да өз үлесін көптеп қосады.