«Алматы Құс» ААҚ-ның шаруашылық қызметін талдау

«Алматы Құс» ААҚ 1998 жылдың 13 наурызында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында тіркелген, Қоғам 4 құс фабрикалар активтерінің қосылуымен құрылған: «Алматы Құс» ААҚ (Чапаев 1960 жылы құрылған), «Феникс» ( Қаскелең 1981 жылы құрылған), «Абай» (1963 жылы құрылған) және «Ават құс» (Ават, 1965 жылы құрылған). Тіркелгенге дейін жоғарыдағы құс фабрикаларының компаниларысенімдік басқаруда болып, кейін «Концерн Сеймар» АОЗТ-ң меншігіне көшті.

1996 жылдың мамыр айында мемлекеттік меншік бойынша Алматы облысының комитеті «Алматы Құс» АООТ-ң мемлекеттік акция макеттеріне тендер жариялады. Бұл тендерді «Концерн Сеймар» ұтып алып, 65,1% мөлшерінде мемлекеттік акция пакетін иемденді.

1997 жылдың тамызында сенімдік басқару міндеттемелерін толық орындауына байланысты акция пакеті қайтарымсызтүрде концерн басқарылуына берілді. Акцияның 34,9% еңбек ұжымның негізінде болды.

1996 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың ақпанында «Концерн Сеймар» тағы да екі ірі құс фабрикасының мемлекеттік пакет акцияларын тендрде ұтып алды. Бұл АООТ «Феникс» және АООТ «Абай». 1997 жылдың қарашасында «Концерн Сеймар» сенімділік басқару міндеттемелерін толық орындағаннан кейін «Абай» АООТ-ң 72,1% мөлшеріндегі акциясын және «Феникс» АООТ-ң 52% мөлшеріндегі акциясын иемденді. Ал қалған 48% және 27,9% еңбек ұжымының меншігінде қалды.1998 жылы «Алтын Диірмен» АҚ «Концерн Сеймардың» алдында қарызын жабу үшін «Ават құс фабрикасы» ААҚ-ң 66% акциясын береді, еңбек ұжымының үлесіне акцияның 34% қалады.

«Сеймар» концерні сенімдік басқарудан кейін барлық құс фабрикаларының ғимараттарына, құрал-жабдықтарына, инфрақұрылымына жөндеу жүргізді.

1998 жылдың көктемінде 4 құс фабрикасының активтерінің бірігуі нәтижесінде «Алматы Құс» ААҚ қалаптасты. Жарғылық капитал 4 құс фабрикасының активтерімен қалыптасты. Сонымен қатар концерн жарғылық капиталға «Сеймар» сауда белгісін енгізді. Бұл сауда белгісі 1995 жылдың19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тауарлар белгісінің мемлекеттік реестірінде енгізілген.

1998 жылдың қыркүйегінде «Концерн Сеймар» 4 құс фабрикасының акциясын иемденген жеке тұлғалар – фабрика жұмысшылары «алматы Құс» ААҚ-ң акция иемденушілері болды. Олардың саны 2116 акционер болатын.

Қазіргі кезде «Алматы Құс» ААҚ-ның «Сеймар» сауда белгісімен Республикалық нарықта лидерлік орынды алып отыр.

Акционерлік қоғамның негізгі қызметтерінің түрі:

  • Құс өнімін өндіру және сату;
  • Ел қолданылатын тауарларын өндіру және сату;
  • Көтерме және жеке сауда;
  • Сыртқы экономикалық қызмет.

Төменгі кестеде Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері) берілген. 

Кесте 1. «Алматы Құс» ААҚ-ның құрылтайшылары

Құрылтайшылар Мекен-жайы Үлесі,%
Сеймар ААҚ Алматы, Бөгенбай к,62 0,82%
«Айна Д.Т.» ЖШС Алматы қ 8,05%
Мамиров Махмуд Алматы, Заря Востока 12,92%
«Центральный Депозитарий» Алматы, Әйтеке би 67 34,28%

Алматы қаласы және облыс бойынша ақиқатты монопольдік статус иегері (75% нарық иегері) Қазақстан бойынша өндірілген жұмыртқаның үштен бірін шығарады. Қазіргі кезде компания инкубаторлармен жұмыс істейді. Оның ішінде:

«Алматы Құс» «Сеймар» сауда маркасы арқылы жұмыртқа мен етті өндіреді. Негізгі бәсекелестерден ұтысы «күннен күнге» сату жүйесі. Ал енді «Алматы Құс» ААҚ негізгі бәсекелестерін қарастырайық.

Кесте 2. «Алматы Құс» ААҚ-ның бәсекелес болып табылатын ұйымдары

Ұйым атауы Баға (теңге) Өнім үлесі,%
Алматы Құс 127-150 74,6%
Ақ құс 120-145 14,2%
Бент 135-160 3,0%
Бертра 130-155 2,6%
Далия 127-155 1,7%
Басқалары 125-155 3,9%

«Алматы Құс» ААқ өз өнімін тек отандық нарықта ғана емес, сонымен қатар шетел нарығына да шығарады. 1.11.2004 күніне қоғамның жалпы тауар айналымдағы импорт үлесі 5,6 пайызды құрайды. Импортерлардың тізімі кестеде көрсетілген.

Кесте 3. «Алматы Құс» ААҚ-ның импортерлары

Импортерлардың атауы Мекен-жайы Жалпы үлесі,%
Hy-LineInternational company USA 50265 West des Moines LA 1755 West Lfkers Parkway 1,83%
Инструментальный завод «Сибсельмаш» Россия, г. Новосибирск, ул.Станционная 38 0,61%
OFFICINI FACCO company Italy Via Venice 3035010 Marsango 2,97%

Бұл кестеден көріп тұрғанымыздай Қазақстанда шығарылатын тауарлар аз да болса шетелге шығарылады екен.

«Алматы Құс» ААҚ-ның негізгі көрсеткіштері келесі кестеде берілген.

Кесте 4. «Алматы Құс» ААҚ-ның 2003-2004 ж.ж. негізгі қаржылық-шаруашылық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер Өлш

бір

2003 2004 Ауытқу
+;- %
1 Өткізілгендайынөнімкөлемі мың

тг

285153 339890 52737 119,2
2 Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың тг 150657 190399 39742 126,4
3 Жалпы табыс мың тг 134496 149491 14995 111,2
4 Кезең шығындары мың тг 108152 89623 -18528 82,9
5 Негізгі қызметтен түскен табыс мың тг 26344 59868 33524 227,3
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс мың тг 13608 15648 2040 115,0
7 Салыққа дейінгі жиынтық табыс мың тг 39952 75516 35564 189,0
8 Таза табыс мың тг 27966,4 52861,2 24895 189,0
9 Негізгі қордың орташа құны мың тг 151173 264287 113114 174,8
10 Қор қайтарымдылығы тг 1,9 1,3 -0,6 68,2
11 Қор сыйымдылығы тг 0,5 0,8 0,3 146,7
12 Сату рантабельділігі % 9,8 15,6 5,8
13 Өнім рентабельділігі % 10,8 18,8 8,1

Кестені қарастырсақ 2 жылдағы мәліметтер арасында біршама айырмашылықтар байқаймыз. Енді сол өзгерістердің анықтап талдап көрейік.

1-ші көрсеткіш ─ өткізілген өнімнен түскен табыс 2003 жылы 285153 мың теңгені құраса, 2004 жылы 339890 мың геңгеге көтерілді. Оның себебі 2004 жылы нарыққа жаңа тауарлар шығарылды. Сонымен қатар, жаңа инкубатор іске қосылып, өнім сапасы жақсарды.

2-ші көрсеткіш ─ өткізілген өнімнің өзіндік құны базалық жылда 150657 мың теңге болса, 2004 жылы 190399 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұның себебі 2004 жылы шикізатқа деген шығыс көбейді.

3-ші көрсеткіш ─ жалпы табыс 2003 жылы 134496 мың теңге болса, 2004 жылы 149491 мың теңгеге жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 111,2.жалпы табыстың өсуінің себебі өткізілген өнімнен түскен табыс жоғары болды.

4-ші көрсеткіш ─ кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш базалық жылы 108152 мың теңге болса, есепті жылы 18528 мың теңгеге төмен болды. Яғни, 89623 мың теңге. Оның себебі 2004 жылы жалпы және әкімшілік шығындары азайды.

5-ші көрсеткіш ─ негізгі қызметтен түскен пайда. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылмен салыстырғанда пайда 227,3 %-ға өсіп отыр. Бұл өсу жалпы табыстың өсу есебінен болып отыр.

6-ші көрсеткіш ─ негізгі емес қызметтен түскен табыс 2003 жылы 13608 мың теңгені құраса, 2004 жылы 15648 мың теңге ні құрап отыр, екі жылдағы ауытқу 2040 мың теңгеге тең.

8-ші көрсеткіш ─ таза пайда. Кестеден көріп отырғанымыздай базалық жылмен салыстырғанда есепті жылы таза пайда 189 %-ға өсіп отыр. Бұның негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2004 жылы өсіп отыр.

9-ші көрсеткіш ─ негізгі қордың орташа құны. Бұл көрсеткіштің сомасы 2003 жылы 151173 мың теңге болса, 2004 жылы 264287 мың теңгеге жоғарылап отыр. Бұның себебі 2004 жылы «Алматы Құс» ААҚ жаңа техникамен қаруланды.

10-ші көрсеткіш ─ қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 1,9 теңге болса, есепті жылы 1,3 тг-ге төмендеді.

11-ші көрсеткіш ─ қор сыйымдылығы. 2003 жылы бұл көрсеткіш 0,5 тг, ал 2004 жылы 0,8 тг-ге өсті. Бұл көрсеткішке негізгі қорлардың орташа құны мен өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етті.

13-ші көрсеткіш ─ өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы 10,8 % болса, есепті жылы 18,8 %-ға тең. Көрсеткіштің бұлай өзгеруіне әсер еткен факторларға жалпы табыстың 2004 жылы өсуін жатқызуға болады.