Ақпарат, ақпарат көлемін өлшеу және ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер

Мәліметтер әр түрлi тәсiлдер көмегiмен өңделеді, түрлендіріледi, тасымалда­нады және пай­даланылады. Мәліметтер мен оларға сәйкес тәсiлдер арасын­дағы өзара бай­ланыс информация  түсінігін құрайды. Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндік­терін электрондық есептеу маши­на­лары (ЭЕМ, соңғы кезде олар шет елдердегі тәрізді компьютер деп аталады) берді.

“Ақпарат” термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымдарды білдіретін іnformatіo сөзінен шыққан. Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бей­не­сі болып саналады. Ақпарат (материалистік филосо­фия бойынша) – нақты дүние бейнесінің мәліметтер, хабарлар арқы­лы айтылуы. Хабарлар – информация­ның тіл, мәтін, цифрлық мәлі­мет­тер, график, кесте түрінде бейнелену түрі.

Ақпарат – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері және қалып-күйлері жөніндегі мәліметтер жиыны. Олар біздерді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады.

Сонымен, ақпарат – белгілі бір объект (адам, жануар, зат, құбы­лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұ­маттар жиыны.

Ақпараттың негізгі қасиеттерiнпайдалылығы мен өзектілігі, дәлдiгi мен толықтығын, ба­ға­лы­­лы­­ғы мен қажеттiлiгiн, анықтылығы мен түсiнiктiлiгiн атап өтуге болады.

Ақпарат шыққан жерінен (көзінен) оны қабылдаушыға сигналдар арқылы жеткізіледі. Алынған мәліметті қабылдаушыға дәлме-дәл немесе шамамен жеткізу ақпаратты тасымалдау деп аталады.

Ақпараттың шыққан көзі, оны тасушы және қабылдаушы болуы ке­рек. Мыс., оқығанда, біз – ақпарат қабылдаушымыз, кітап – ақпарат көзі, қағаз – тасушы немесе байланыс арнасы рөлін атқарып тұр.

Кез келген ақпарат басқа өнімдер секілді өңделеді. Ақпаратты өңдеу – оны қабылдау, сақтау, түрлендіру және басқаларға беру әре­кет­­терінен тұрады. Адам, компьютер, теледидар – ақпарат өңдей алатын объектілер болып табылады.

  1. Ақпарат көлемін өлшеу

Қазіргі кезде хабар ішіндегі “ақпарат мөлшері” (саны, көлемі) түсінігін анықтау үшін, оның жаңа немесе өзекті екендігіне онша көңіл бөлмей, объектіліер жайында біздің білім деңгейімізді толықтыратын теориялық көзқарастарды негізге алу қалыптасты.

Америка инженері Р. Хартли 1928 ж. ақпарат алу процесін алдын ала берілген ықтималдықтары бірдей N шектеулі хабарлар ішінен бірін таңдау арқылы қарастыруды ұсынды. Ал таңдап алынған хабар ішіндегі I – информация мөлшерін N санының екілік логарифмі ретінде анықтау керек деп тапты.

Хартли формуласы: I = log2N

Мысалы, бірден жүзге дейінгі сандар ішінен бірін кездейсоқ түрде таңдап алу қажет болсын. Хартли формуласы бойынша осы мысал үшін қандай информация көлемі керек екенін табуға болады: I = log2100 > 6,644. Бұдан дұрыс табылған сан жайлы хабардағы информация мөлшері шамамен 6,644 информация бірлігіне тең болатыны шығады.

Осындай есептер үшін екінші бір америка ғалымы Клод Шеннон 1948 ж. таңдап алу ықтималдықтары әр түрлі хабарлар жиыны ішіндегі информация мөлшерін анықтау формуласын ұсынды.

Шеннон формуласы:

I = ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN),

мұндағы pi — N хабарлар ішінен i нөмірлі хабарды таңдап алу ықтималдығы.

Бұл формула бойынша егер p1, …, pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысының мәні 1/N –ге тең болады да, Шеннон формуласы Хартли формуласына айналып кетеді.

Бұл екі формуладан басқа да ұсыныстар болған. Бірақ бір есте ұстайтын жайт – кез келген теориялық ұсыныс бастапқы алынған шарттарға қарай тек кейбір оқиғаларға байланысты ғана дұрыс нәтиже береді.

Клод Шеннон информацияны өлшеу үшін бір  бит (ағылшынша bitbinary digit — екілік сан) бірлігін ұсынды.

Ақпарат теориясында: Бит — ықтималдықтары бірдей екі оқиғаның бірінен бірін ажыратуға қажетті информация мөлшері.

Есептеу техникасында командалар мен мәліметтерді компьютер ішінде бейнелеу үшін қолданылатын екі таңбаның (“0” мен “1“) бірін есте сақтауға арналған машина жадының ең кіші бөлігін бит деп атайды.

Бит — өлшеудің ең кіші бірлігі, сондықтан практикада одан үлкенірек өлшем бірлігі — байт қолданылады. Байтқатар тұрған сегіз биттен тұрады. Компью-тер пернетақтасының 256 символдан тұратын таңбала-рының кез келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).

Бұдан басқа іріленген өлшем бірліктері де қолданылады:

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт

Ақпаратпен орындалатын іс-әрекеттер:

üдайындау;

üтасымалдау;

üқабылдау;

üпайдалану;

üесте сақтау;

üкөшіру;  üформальдау (формализовать); üтарату; üтүрлендіру;

üараластыру (комбинировать);

üөңдеу (обрабатывать);

üбөліктерге бөлу;

üқарапайым ету (упрощать); üжинау;

üсақтау;

üіздеу;

üөлшеу;

üбұзу, жою, (разрушать); жОсындай ақпаратқа байланысты орындалатын барлық процестер информациялық процестер деп аталады.

Ақпараттық процестер – адамдар арасында, тірі организм­дерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпаратты өңдеу – жеткізу, жинақтау және түрлендіру істері. Ақпаратты

өңдеу – кейбір алгоритмдерді орындай отырып, бір ақпараттық  объекті-лерден екінші бір одан басқа ақпараттық объектілерді алу. Жалпы ақпарат өңдеу ісі оны қабылдау, сақтау, түрлендіру және тасымалдау әрекеттерінен тұрады.

Ақпаратты өңдеу құралдары – адам жасаған әр түрлі құрылғылар мен жүйелер, бірінші кезекте, ол компьютер.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!