Компоненттер палитрасы

Delphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.

Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы ( Visual Component Library, VCL) деп атайды. Компонент дегеніміз – белгілі қасиеттерге ие функционалды элемент. Компоненттер арқылы бағдарламаның негізі қаланады. Компоненттер палитрасында келесі парақтар болады:

  • Standard – жиі қолданылатын құраушылардан тұратын стандартты парақ. Standard бетіне енгізілген кейбір компоненттер 1-кестеде көрсетілген.
    • MainMenu – Программа мәзірін құру;
    • PopupMenu – Тышқанның оң түймесін шерткен кезде экранға шығатын (контекстік) мәзір құру;
    • Edit – Жолдық мәнді енгізу, редакциялау (мәтіндік редактор);
    • Label – Бір жолдық мәтінді (жазбаны) шығару;
    • Button – Командалық түйме. Оның OnClick оқиғасын өңдеуіш процедурасы бір іс- әрекетті орындайды;
    • ScroоlBar – Басқару белдеушесі (Windows терезесіндегі сияқты).
    • Frame – Туындау мүмкіндіктері бар панель. Жеке терезе ретінде жобаланады;
    • Memo – Көп жолдық мәтіндерді бейнелеу және енгізу үшін қолданылады;
    • Checkbox – Қолданушыға әртүрлі операцияларды қосу және өшіруге мүмкіндік береді;
  • Additional (Қосымша) бетіне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланылады.
    • BitBtn — өзінде сурет ұстай алатын батырманы жасайды;
    • SpeedButton – (тез шақыру батырмасы) тек қана сурет ұстай алатын батырманы құрады;
    • StringEdit – таблицаны құрады. Бұл таблицаның жолдары мен бағандарында мәтіндік жолдар болады;
    • Image – суреттер файлдарын, пиктограммалар немесе метафайлдарды шығару үшін қолданылады;
    • Bevel – үш өлшемді эффектісімен жасалған сызықты немесе квадратты құрады.
  • Data Access – мәліметтерге қатынас.
  • Qreport – есеп берулерді жедел дайындау:
  • QuickRep – есеп беру;
  • QRSubDetail – кестелік есеп беру;
  • QRStringsBand – қатарлы есеп беру;
  • QRBand – есеп беру жолағы;
  • QRChildBand – қыздық есеп беру жолағы;
  • QRGroup – топ;
  • QRLabel – жазба;
  • QRDBText – деректер жиынтығының текстік өрісі;
  • QRExpr – мәтін;
  • QRSysData – ақпараттық жүйе;
  • QRMemo – көпқатарлы текст;
  • QRExprMemo – көпқатарлы мәтін;
  • QRRichText – форматталған текст;
  • QRDBRichText – деректер жиынтығының форматталған текст өрісі;
  • QRShape – геометриялық фигура;
  • QRImage – графиктік көрініс;
  • QRDBImage – деректер жиынтығының графиктік көрініс өрісі;
  • QRCompositeReport – құрамдық есеп беру;
  • QRPreview – есеп беруді көру терезесі;
  • QRTextFilter – текстік фильтр;
  • QRCSVFilter – SCV–фильтрі;
  • QRHTMLFilter – HTNL – фильтрі;
  • QRChart – диаграмма ;
  • Data Controls – Мәліметтерді редакциялау және бейнелеу компоненттері:
  • DBGrid – тор ( кесте );
  • DBNavigator – навигациялы интерфейс;
  • DBText – мәтінді жазу;
  • DBEdit – бір жолдық редактор;
  • DBImage – графикалық бейне;
  • DBListBox – қарапайым тізім;
  • DBComboBox – қиыстырылған тізім;
  • DBCheckBox – тәуелсіз ауыстырып- қосқыш;
  • BDE (Borland DataBase Engine) мәліметтерге қатынас:
  • DataSourse – мәліметтер көзі ;
  • Table – МБ кестесіне негізделген мәліметтер жиыны ;
  • Query – SQL сұрауына негізделген мәліметтер жиыны ;
  • StoredProc – серверде сақталған процедураға негізі мәліметтер жиыны;
  • DataBase – МБ — мен байланысуы;

Session – МБ — да  ағымдағы жұмыстар сеансы .

  • Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу;
  • System (Жүйе) бетіне OLE (байланыстыру және орнату) течнологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген. Мысалы,
  • PaintBox (Сурет қорабы) – графикалық кескіндер енгізілген төртбұрышты облыс құру;
  • OLEContainer (OLE контейнер) – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері;
  • MediaPlayer – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару;
  • Win32-бетіне – 32-разрядты операциялық жүйелермен жұмыс жасауға арналған компонентер енгізілген ;
  • Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру)-қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады.
  • Samples (Модель) бетіне енгізілген компоненттер:
  • ColorGrid (Түстер торы) – түстер кестесі. Ол 16 түстік палитрадан негізгі және фон түсін таңдау;
  • Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгіленген ай календарын көрсету (жылдық календарды Win32 панелінің MonthCalendar компонентін формада орнату арқылы шығаруға болады), т.б.
  • Interfase – Borland Database Engine (BDE) және Active Data Objects арқылы (ADO) Interfase- пен тікелей байланыс;
  • Midas – паралель ағымдармен деректер базасының қосымшасын тұрғызу;
  • Internet Express – Internet Express қосымшаларын құру;
  • Internet – Internet- пен бірге жұмыс істейтін қосымшалар үшін арналған компоненттер;
  • FastNet – Internet- ке жетудің әртүрлі хаттамалары;
  • Decision Cube – мәліметтерді талдау;
  • Dialogs – « Файлды ашу » типіндегі сұхбаттар, жүйелік сұхбаттар;
  • Win 3.1 – Windows 3.x стиліндегі компоненттер;
  • Samples – аяқталмаған құжаттық компоненттер үлгілері;
  • ActiveX – ActiveX- тің активті элементтері;
  • Servers – кең таралған COM серверлеріне арналған VCL қабықшалары;